400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру" ашық сабақ, 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып оқушыларына бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстырудың жолдарын үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау

жүйесіне аудару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

VІ. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Ақпарат дегеніміз не?

2. Ақпараттық үрдістер дегеніміз не?

3. Санау жүйелері дегеніміз не?

4. Санау жүйелері қанша топқа бөлінеді?

5. Екілік санау жүйесі қандай цифрлардан тұрады?

6. Санның цифрына бөлінетін позициясын қалай атаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

2.2.-тақырып. Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру жиі кездеседі. Санды екілік, сегіздік немесе оналтылық жүйелерден ондық жүйеге ауыстыруды қарастырдық.

Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру.

89110=11011110112

Ондық бөлшектерді екілік санау жүйесіне ауыстыру.

Ауыстыру ережесі: Ондық оң бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін бөлшекті 2-ге көбейту керек. Көбейтіндінің бүтін бөлігін екілік бөлшектің үтірден кейінгі бірінші цифры ретінде алып, бөлшек блігін қайтадан 2-ге көбейту керек.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру.

Сандарды ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру үшін екілік жүйеге ауыстыру әдісін қолдануға болады. Түрлендіретін санды ондық жүйенің ережесі бойынша 7-ден аспайтын қалдығын еске сақтай отырып, 8-ге бөледі.

Ондық сандарды оналтылық санау жүйесіне ауыстыру.

Ондық сандарды оналтылық жүйеге жоғарыдағы ұқсас ауыстырады. Айырмашылығы –берілген сан 8-дің орнына 16-ға бөлінеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданамыз?

2. Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?

3. Қандай жағдайда периодты бөлшек алынуы мүмкін?

4. Ондық сандарды сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай амалдар орындаймыз?

5. Сандарды екілік жүйеден сегіздік, оналтылық санау жүйесіне ауыстыру үшін не істейміз?

V. Үйге тапсырма.

Cандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару.

VІ. Сабақты қорытындылау.

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.

Байжанова А.Б.

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,

Шағатай ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы

ЖОББМ, информатика пәнінің мұғалімі



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
1051
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі