жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сандарды іздеу (Квест ойыны)
Білім беру саласы: «Таным»
Пәні: Математика негіздері
Тақырыбы: Сандарды іздеу (Квест ойыны)
Мақсаты: Балаларға 10-ғадейінгі сандарды игеруге қолайлы жағдай туғызу
Міндеті:
есептеу іс- әрекет қабілеттерін қалыптастыру;
10- ға дейін тура кері санай білуге жаттықтыру
Түс, көлем, пішіндер туралы білімдерін бекіту;
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Жеке, жұпен, топпен жұмыс істеу дағдыларын машықтау;
Бір- біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: Интерактивті тақта, карта, монтессори құралдары, Дьенеш блогі, планшеттер, 1-10-ға дейінгі цифрлары, заттарды сәйкестендіруге арналған карточкалар, сандықша, фламастерлер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I кезең: Ұйымдастырушылық –қозғаушылық
Нолик: Сәлеметсіздер ме балалар, ой мұнда үлкендер де бар екен ғой, сіздерде сәлеметсіздер ме. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.
(балалар қонақтармен амандасады)
Нолик: Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? (балалардың жауабы)
Нолик: Балалар біз Симка кеуміз қайда тұрамыз білесіңдер ме? (балалардың жауабы)
Нолик: Мен жалғыз жүрмеймін ғой мен сендерге келдім, ал, Симка қайда?
(сол кезде аудио таспадан Симканың даусы естіледі)
Симка: Нолик маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Мен Сандар аралынан шыға алмай тұрмын өйткені, компьютердің ішіндегі 10-ға дейінгі сандар реті шашылып, сандарды жоғалтып алдым. Оларсыз паролі ашылмай тұр. Мен шыға алмай қалдым, көмектесіңдерші.
Нолик: Балалар, Симкаға көмектесеміз бе? Оған көмектесу үшін алдарыңда көп қиындықтар туады. Бұл қиындықтар математикалық тапсырмаларды шешуден тұрады. Сендер одан қорықпайсыңдар ма? Бұл қиындықты жеңу үшін математиканы жақсы білу керек. Сендер математиканы жақсы білесіңдер ме? (балалардың жауабы)
Нолик: Оны қазір көреміз.
II кезең: Ұйымдастырушылық - ізденістік
Нолик: Олай болса Сандар аралының картасын қарайық.
(тақтаға Сандар аралының қартасы шығады.)
Нолик: Бірінші «Монтессори» аралына, одан шығып «Дене шынықтыру» аралына, одан шығып, «Өзін – өзі тану» аралына, одан шығып «Сандар аралына» жетуіміз керек. Балалар, көрдіңдер ме жол ұзақ және оңай емес. Өйткені, әр аралда біз математикалық тапсырмаларды орындауымыз керек.
Сендер Симкаға көмектесуге дайынсыңдар ма? (балалардың жауабы)
Нолик: Балалар, қалай ойлайсыңдар айналаның бәрі теңіз, мұхит болса, аралға немен баруға болады?
Балалар: Кемемен баруға болады.
Нолик: Дұрыс айтасыңдар. Кемемен барайық. Ол үшін алдарыңда Дьенеш блогі жатыр. Берілген кесте бойынша кеме жасап алайық. (Балалардың жұмысы. Нолик жұмыс соңында кеме қандай геометриялық пішіннен, мұржасы қандай геометриялық пішіндерден жасалғанын сұрайды).
Нолик: Балалар, кемеміз дайын болса карта бойынша жүрейік.
(балалар монтессори кабинетіне келеді. Монтессори кабинетінде үстелде, жердегі кілемшелерде әртүрлі аяқталмаған жұмыстар тұрады.
Нолик: Балалар, біз білеміз ғой бұл жердегі заттарды алсаң онымен жұмыс істеп, орнына жинап қою керек екенін. Ал, біз не көріп тұрмыз.
Балалар: Біз аяқталмаған жұмыстарды көріп тұрмыз.
Нолик: Сендер оларды аяқтап орнына қоя аласыңдар ма? (балалардың жауабы мен іс – әрекеттері).
Балалар тапсырманы орындап, кілемшелерін жинаған кезде астынан жоғалған (1,3,6) цифрлары шығады.
Нолик: Ой, балалар қараңдар Симканың біраз шашылған сандары мұнда жатыр ғой. Енді әрі қарай жүрейік. Ол үшін қартаны тағы да бір есімізге түсіріп алайық. Біз Монтессори аралына бардық,оның тапсырмасын орындадық. Енді алдымызда қандай арал күтіп тұр екен, қартаны қарап алайық.
Балалар: Енді карта бойынша «Дене шынықтыру» аралына баруымыз керек.
Нолик: Дұрыс балалар, олай болса әрі қарай жүрейік.
(Балалар карта бойынша дене шынықтыру аралына келіп кіреді. Кірсе аралдың ішінде үңгірдің аузы тұрады. Балалар үңгірге кіргенде алдарында бір сандық тұрады. )
Нолик: Балалар, мынау не қылған сандық? Ашып көрейік. Тапсырмасы болса шешейік.
(Нолик сандықты ашып, ішінен бір оралған ескі қағазды алса, балаларға арналған сұрақтар бар екен. Оны балаларға Нолик оқып береді).
Тапсырма: Балалар айтыңдаршы неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай тәулік бөліктері болады? Ал, апта күндері нешеу? (балалардың жауабы).
Нолик: Дұрыс балалар. Міне біз қаншама жол жүрдік, бірнеше тапсырма-ларды сәтті орындап келеміз. Енді бой жазып, көңілімізді көтеріп алайық. Өйткені, әлі алда жүретін жол ұзақ.
Сергіту сәті: «Апта күндері» (үш тілде сергіту сәті)
Нолик: Балалар, бойымызды жазып алдық. Енді айналамызға қарайықшы аралдың тапсырмасын орындадық, айналамызда шашылған сандар көрінбейді ме?
(Балалар айналасына қарайды. Бірақ ештеңе көрінбейді. Сол кезде Нолик сандықтың ішін қараса ішінде (4,5,7) саны бар екен.
Нолик: Балалар, әрі қарай жүрейік. Біз монтессори аралында болдық, Дене шынықтыру аралында болдық. Енді қай аралға жол тартамыз?
(балалар картаға қарап, келесі аралды атайды. «Өзін – өзі тану» аралына келеді. Есігін ашып, ішіне кірсе, ортада үстелдің үстінде тапсырмалар беретін принтер тұрады. )
Нолик: Балалар, біз бұл жерге не іздеп келдік. Біз өзі не іздеп жүрміз.
Балалар: Біз Симканың жоғалған сандарын іздеп жүрміз.
Нолик: Олай болса мына принтер жәй тұрған жоқ шығар басып көрейікші. Біздің орындайтын тапсырмамыз осы жерде шығар.
(Нолик принтерден сканер жасап, балаларға тапсырма береді)
Нолик: Балалар, қараңдаршы бұл жерде сан мен заттарды сәйкестендіру керек екен. Ол үшін үстелдің басына отырайық. Тапсырманы орындайық.
(балалар тапсырманы орындайды)
Нолик: Қанеки, көрейік Арсен сен тапсырманы қалай орындадың, Амина сен ше? (балалар тапсырмаларын қалай орындағандарын айтады).
Нолик: Балалар, біз тапсырманы орындадық. Біздің қолымызда қандай цифрлар бар?
Балалар: Бізде (1,3,4,5,6,7 цифрлары) бар.
Нолик: 10-ға дейін енді қандай сандар жетпей тұр. Оны қайдан аламыз. Мүмкін мына принтер беретін шығар. Біз оның тапсырмасын орындадық қой. Әбілмансұр сен қарашы, мүмкін бір жерінде тұрған шығар (бала қарап 2.9 цифрын тауып алады).
Нолик: Балалар, біз 10-ға дейінгі сандардың біразын тауып алыппыз. Енді аз қалды. Картамен әрі қарай жүріп қалғанын тауып алайық.
( балалар тағы картаға қарап, жолға шығып «Балдырған» аралына келеді).
Нолик: Балалар, біз қайда келдік? Мына үстелдің үстінде жатқан заттар сендерге таныс па? Олармен не істеуге болады?
(балалардың жауабы).
Нолик: Балалар, жан- жақтарыңа қараңдаршы, қандай да бір тапсырмалар көріп тұрған жоқсыңдар ма? Мүмкін тапсырмалар осы планшеттің ішінде тұрған шығар. Қане ашып көрейік.
(Балалар планшетті ашып ішінен «Не артық? ойынын ойнайды. Нолик әр баладан берілген тасырма бойынша не артық екенін сұрайды).
Нолик: Балалар, планшет сендердің дұрыс жұмыс істегендеріңді өзі - ақ айтып тұр. Біз барлық тапсырманы орындадық. Ал, қажетті цифрларды көре алмай тұрмын. Айналаға қарайықшы.
(балалар айналаға қарап, «Таным» орталығынан 8,10 цифрын тауып алады. Нолик барлық табылған цифрларды тақтаға тізеді)
Нолик: Балалар, сендер жарадыңдар! Симканың 1- 10 –дейінгі жоғалтқан барлық цифрларын тауып алдыңдар. Енді ортаға келіп 1-10 дейінгі сандарды тура және кері кезектесіп санап көрейік.
(Балалар ортаға шығып кезекпен сандарды ретпен атайды).
III кезең: Рефлексиялық-түзетушілік
Нолик: Балалар қалай ойлайсыңдар, Симкаға біз көмектесу үшін не істедік? Қандай аралдарда болдық? Қандай тапсырмалар орындадық? Сендердің қиналған кездерің болды ма? (балалардың жауабы).
Балалар қалай ойлайсыңдар, Симка енді құпия сөзді теріп, комьютерден шықты ма екен?
(сол кезде аудио жазбадан Симканың даусы естіледі)
Симка: Балалар, Нолик сендерге рахмет! Мен құпия сөзді теріп, компьютерден шықтым. Енді бізді Лола көмекке шақырып жатыр. Оның түнгі шамы жанып кетіпті. Соны жағып беруге шақырып жатыр. Мен сонда кеттім, ал, Нолик сенде сонда келші. Сау болыңдар балалар!
Нолик: Балалар, мен сендердей ақылды балаларды кездестіргеніме қуаныштымын. Бізге көп көмектестіңдер. Мен енді Симкаға барайын. Сау болыңдар!
Тапсырма: Балалар айтыңдаршы неше жыл мезгілі бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай тәулік бөліктері болады? Ал, апта күндері нешеу?
«№32 «Балдәурен» балабақшасы» МКҚК
|
БЕКІТЕМІН №32 «Балдәурен» б/б меңгерушісі М.И.Махамбетова ______________________________
|
Ересектер «Балдырған» тобындағы
ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Тақырыбы: «Сандарды іздеу»
(Квест ойыны)
Дайындаған және өткізген:
тәрбиеші Шымберген Г.Е
Астана- 2019

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген