400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Сандарды салыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
сандарды салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Мектеп: «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 22 орта мектеп» КММ

Күні: 20.04.2018ж

Мұғалімнің аты- жөні: Ысқақова А.М.

Сынып: 1 «Б»

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлімше:

Сабақтың тақырыбы

Сандар және өлшемдер

Натурал сандар және 0саны. Бөлшектер

Сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1.1.2 бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Бір таңбалы сандарды салыстырады, жазады.

Барлық оқушылар: «=», « ≠» белгілерінің көмегімен салыстырудың нәтижесін өрнектей біледі;

Көптеген оқушылар: Жұп құрастыру арқылы сандарды салыстырады;

Кейбір оқушылар: екі топтағы заттардың санын теңестіре білуді үйренеді.

Бағалау критерийлері

Бір таңбалы сандарды жазады, салыстыра алады.

Заттардың санының тең және тең емес екендігін салыстыра алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге арналған терминдер:

Тең-равный- equal,
тең емес-
не равный- not equal,
сонша-так много-
so much


Ресурстар


ламинатталған беттер;маркерлер. Интербелсенді тақта

АКТ

  1. https://www.youtube.com/watch?v=Pfit1rywZgc Видео

Құндылықтарды дамыту

Шығармашылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Қолданатын әдіс-тәсілдер

«Шаттық шеңбер», «ТВ шоу», «Ойлан тап», «Кім зерек», «Салыстыру»

Алдыңғы білім

1-ден 10-ға дейінгі сандар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресустар

Сабақтың басы


(Ұ) Психологиялық дайындық Оқушылармен шеңбер құру.

Оқушылардың бүгінгі сабақтарына сәттілік тілеу.

(Оқушылардың санай алу қабілетін байқау)

1-10-ға дейін санау

Шеңберде тұрып санамақ айту

Кел санайық санамақ, 
Саусақтарды даралап. 
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы. 
Ортан терек - кезекші, 
Шылдыр шүмек - көмекші. 
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан. 
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен. 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Бір үйде біз бесеуміз

Балаларды ауызбіршілікке, достыққа шақыру.

Шаттық шеңбер


Сабақтың ортасы


Білу. Түсіну.

Тыңдалым. «Миға шабуыл» әдісі
Видеожазба. Сандарды салыстыру

https://www.youtube.com/watch?v=Pfit1rywZgc

  • Видеодан не көрдіңдер? (Балаларды)

  • Олар нестеп жатыр? (Шаңғы теуіп жүр)

  • Барлығы қанша бала? (11)

  • Қыздар қаншау? (қыздар 5)

  • Ұлдар қанша? (ұлдар 6)

  • Ұлдар мен қыздар саны тең ба? (Жоқ)

  • Ұлдар көп па, қыздар көп па? (ұлдар)

  • Қаншаға көп? (1 –еуге)

  • Қаншаға кем? (1-еуге)

  • Біз ұлдар саны мен қыздар санын нестедік? (Салыстырдық)

Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы жауап бердіңдер.

Ал енді біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

  • Сандарды салыстыру

Сабағымыздың мақсаты:

  • Бір таңбалы сандарды жазуды, салыстыруды білесіңдер

  • Заттардың санының тең және тең емес екендігін салыстыра аласыңдар.


Айтылым.

(Т.Ж) «ТВ шоу» әдісі.

І топ: Заттарды ретімен санайды.

ІІ топ: Реттік санау қай жерде қолданылатындығын айтады.

ІІІ топ: 2, 5, 8 сандарының көршісін атайды.

(Тапсырманы аяқтаған топ қол шапалақтау арқылы білдіреді. Соңында бірін бірі «Бас бармақ», «От шашу» әдістері арқылы бағалайды.)

Жарайсыңдар, өте жақсы!


Қолдану. Оқулықпен жұмыс.

(Ж.Ж) «Ойлан, тап»әдісі суреттегі заттарды санайды, салыстырады.

(1сурет)

- бірінші топтағы заттардың саны қанша?

- екінші топтағы заттардың саны қанша?

бірінші топтағы заттардың саны қанша болса, екінші топтағы заттардың саны сонша. Демек, екі топтағы заттар саны тең.

(2 сурет)

- суретте неше қызанақ бейнеленген?

- сәбіз ше?

- сәбіз бен қызанақтың саны қандай?

- қызанақ пен сәбіздің саны тең емес.

Picture 1

Дискрипор:

  • Топтардағы заттардың санын анықтайды;

  • Салыстырады.


(Ж.Ж.) Оқушылардың білімін саралау тапсырмалары.


Бөлімше 1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»

Оқу мақсаты

1.1.1.2** Бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру

Бағалау критерийі

Білім алушы

•Бір таңбалы сандарды таниды және атайды

•10 көлеміндегі сандарды салыстырады


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

1-тапсырма

Суреттерді сәйкес сандармен байланыстырып сыз.
Сандарды оқы.


Shape1

Бағалау критерийі:

- Бір таңбалы сандарды таниды және атайды

- 10 көлеміндегі сандарды салыстырады


Дескриптор

- заттардың санына сәйкес цифрды белгілейді;

- сандарды дұрыс оқиды.





Сергіту сәті:

1ден-10-ға дейінгісандарды үш тілде санау.


Жазылым. Талдау.

Дәптермен жұмыс. Фигуралардан жұп құрастыр.

Жұбы жоқ фигураларды боя. Сандарды салыстыр және = және ≠ белгілерін қой.

Shape2 Shape10 Shape3 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape4 Shape5

Shape13 Shape12 Shape11

Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape14 Shape15 Shape16

Shape24 Shape25 Shape23 Shape22 Shape21

Shape26


Дискриптор:

  • Жұбы жоқ фигураларды бояайды;

  • Фигураларды салыстырады;

  • = және ≠ белгілерін қояды.


Қанша болса сонша.

Шаршының саны қанша болса, дөңгелектің де саны сонша болатындай етіп суретті толықтыр

Shape28 Shape27

Shape31 Shape30 Shape29



Shape32 Shape33





Дискриптор:

  • Шаршы мен дөңгелектің санын салытырады;

  • Дөңгелекті шаршының санына сәйкес толықтырып суретін салады;


Жинақтау. Саралау.

(Ж.Ж) «Кім зерек» әдісі.
Суреттегі заттар қатарын салыстыр.

  • Қайсысы артық? Қалам ба, әлде қарындаш па?

  • Өшіргіш пе, әлде ұштағыш па?


Picture 1

Бағалау критерийі:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
673
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі