400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Сәнді қолданбалы қолөнері»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға арналған шығармашылық жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2



Набатбекова Сандуғаш Қалдарбекқызы.

А. Тұяқбаев атындағы жалпы орта

Мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10 – сынып оқушысы .

«Сәнді қолданбалы қолөнері»

Мақсаты:

  1. Сәнді қолданбалы өнер саласында әр түрлі жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

  2. Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.

Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.

Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.

Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі сәнді қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады. Сонымен сіздерге мен сәнді қолданбалы қолөнерін ұсынып отырмын.

Бүгін раушан гүлін сазбалшықтан орындалу технологиясымен толығырақ таныстырып және келесі жұмыстардың да орындалу технологиясымен таныстырып өтемін: қағаздан раушан гүлін, қағаздан жасалған қоян, қағаздан жасалған Бәйтерек және тау құсы. Әрине осындай жұмыстрады сабақ үстінде бірлесіп жасаған дұрыс, өйткені сыныптастарыммен қызыққан кезде жұмысты тиянақты аяқтауға тырысамыз. Осындай шеберлік сабағын жиі өткізіп, интерактивті құралдарды пайдалана отырып, өте қызықты етіп өткізуге бүгінгі таңда технология пәнін терең игеруге мол мүмкіндігім бар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.12.2018
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі