жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау.
Сабақ 6 Сыныбы __9____ Күні ______
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын ағаш жону білдегінде дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды көркемдік бұйымдарды жону тәсілін дайындау білімдерін меңгерту.
Дамытушылық: көркемдік бұйымдарды жону тәсілі туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, сызу, тарих.
Сабақ жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
ІІІ Қорытынды.
ІV Бағалау.
V Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Жаңа сабақ.
Ағаш жону білдегіндегі жұмыс күрделі емес, бірақ та өңделетін тетік сезіну дағдысы мен ептілікті талап етеді. Тек сонда ғана бұйым қиял мен шығармашылық өз көрінісін табатын нағыз туындыға айналады.
Ағаш жону білдегі ағаш дайындаманың айналуын қамтамасыз етеді. Оның көмегімен ағаш шебері ағаштың қарапайым кесіндісінен біртіндеп аяқталған затты жиһазға арналған аяқтарды, таяныш бағандарын, ойыншықтарды, қорапшаларды, кубоктарды, құмыраларды және т.б. жонып шығады.

25-сурет. Электрондык реттеуі бар жону білдегі: 1—іске косу-токтату ажыраткышы; 2—тұғыр; 3—алдыһгы
тұғыр; 4—жылдамдыкты ауыстырып косқыш (өзгерткішпен); 5—айналдырық; 6—жетектеме центрі; 7— тұтка (кескіш тұткасы); 8—артқы тұғырдың центрі; 9— артқы тұғыр
Аралық сатыларда пайдаланылатын ағаш өндеуге арналған басқа машиналардан жону білдегінің ерекшелігі барлық операциялар үшін бастапқы өңдеуден әрлеуге дейін жарамды. Қажет құрал-жабдықтарға жалпақ қашаулар, кескіштер, мөлшері әртүрлі қырғыштар жатады. Білдек дайындаманы айналдырады, ал кескіштің қозғалысы жұмыс істеушінің қолымен бақыланады. Қандай затты дайындау керектігіне қарай дайындаманы екі тәсілмен бекітеді. Бірінші тәсілде, ағаш тетік горизонталь бағытта алдыңғы және артқы тұғырлардың центрлері аралығына қысылады. Екінші тәсілде, дайындаманы алдыңғы тұғырға қысқы немесе қысқарылғының көмегімен орнатады. Бірінші тәсілі жаңадан бастаған шеберлер үшін көбірек ыңғайлы.

26-сурет. Кескіштердің жиыны
Білдектің барлық тетіктері екі болат бөренеден немесе шойын не алюминий арқалықтардан жасалған тұғырға бекітіледі. Тұғырдың бір жағында ішінде айналдырықты айналдыратын электр қозғалтқышы (0,5—1,5 ат књші) бар алдыңғы тұғыр орналасады. Білдектердің неғұрлым күрделі үлгілерінде берілістер қорабы жылдамдықты жұмыс барысында баяу реттеуге мүмкіндік беретін электронды өзгерткішпен алмастырылады.
Центрлердің арасына қысылған дайындаманы өңдеу. Бұл тәсіл әртүрлі ұзындықтағы, алдыңғы және артқы тұғырлардың центрлері арасына бекітілген цилиндр формалы тетіктерді өңдеу үшін қолданылады. Осылайша әртүрлі тетіктерді, яғни өте шағын шахмат фигураларынан бастап үстел аяқтарына немесе таяныш бағандарына дейін жасауға болады. Жұмыстың бірінші кезеңі, ағаш дайындаманы жетектеме центрі мен артқы тұғыр центрі арасына қысу үшін оның осін анықтаудан тұрады. Келесі операция дайындаманы (қимасы шаршы ағаш кесіндісі немесе жай бұтақтың кесіндісі) цилиндрлік түрге келтіру болып табылады. Бұл 1000— 1500 айн/мин жылдамдығында жүзеге асырылады. Мұнымен қоса жоңқа бастапқы өңдеуге арналған иілген науашықты кең қашау рейердің көмегімен оң жақтан солға қарай алынады. Егер дайындама ұзын болса, бастапқы өңдеу бірнеше кезеңде жүргізіледі. Тұтқа тетікке оның жонылуына қарай өзінің биіктік жағдайын өзгертпестен, жылжытыла түседі.

Дайындаманы жетектеме центріне кигізеді, артқы тұғырды қарама-карсы шетжаққа алып келеді және онымен дайындаманы жетектемелер шетжақтағы бунақка жақсы кіретіндей етіп қысады, одан кейін артқы тұғырдың центрін алады — дайындама өзі ұсталып тұруға тиіс (29-сурет).
Артқы тұғыр центрін дайындаманы центрлердің осі бойынша ұстау үшін тағы да әкеледі. Егер ағаш жұмсақ болса, артқы тұғыр тегершігін ширек айналысқа, ағаш қатты болса, жарты айналысқа бұрады. Дайындама қиындықсыз, қолмен айналдыруға болатындай етіп бекітілуі тиіс (30-сурет).
Білдек асты тірегін дайындамаға барынша жақынырақ әкеледі. Оны қолмен айналдыра отырып, оның еркін айналатынына және ештеңеге тимейтініне көз жеткізіледі. Білдек ас тіректің жазықтығы айналыс осінен шамамен 5 мм төмен орналасуы тиіс (31-сурет).
Бастапқы өңдеу. Цилиндрді рейердің көмегімен жону үшін айналыс жиілігін 1000 немесе 1500 айн/мин етіп белігілейді. Цилиндр формасы дәлірек болуы ұшін неғұрлым үлкен жылдамдықты белгілеу керек. Өңдеуге арналған әдібі аз дайындамаларды бір жолы бүкіл ұзындығы бойынша, ал әдібі үлкендерін шағын үлестермен артқы тұғырдан айналдырыққа карай жылжыта отырып, жонуға болады (32-сурет).
Жұмысты кескіштің өзегімен тұтқаға сүйене тұрьш, жүзін кескіштің табаны ағашпен жанасатындай етіп ұстап, жайлап бастайды. Одан кейін қашаудың тұтқасын жүзінің жиегі ағашқа тиіп, біркелкі және жақсы оратылған жоңқаны ала бастағанға дейін көтереді.
Шам негізін бұрғылау. Алдыңғы тұғырғы қысқы орнатып, оған ағашқа арналған бұрғыны қысады. Айналыстың аз жиілігіне қойып, тетікті бір қолмен ұстап тұрып, оны артқы тұғырдың сүйеутөлкесімен алға жылжыта отырып бұрғыға әкеледі. Тетіктің екі жағынан да үлкен бұрғының (артқы тұғырдың сүйеутүлкесі арқылы өтетін үлкен сақиналы бұрғы) диаметріндей центрлеуші бунақтар жасалады. Бұл үшін артқы тұғырдағы тірек центрін сақиналық центрлегішпен алмастырып, аспапты тетікке жақындата отырып, бунақтар бұрғылайды. Дәл осыны екінші шетжаққа да қайталайды. Одан кейін сақиналық центрлегішті алып тастап, артқы тұғырдың босаған тесігінен үлкен бұрғыны өткізеді. Оны алға жылжыта отырып, біртіндеп өтпелі тесік бұрғылайды.
Бір шеті қысылған дайындаманы өңдеу.
Корапша дайындау кезінде ағаш дайындаманың бір шеті ғана бекітіледі. Тетіктің формалары мен өлшемдеріне қарай бекітудің әртүрлі құралдары: үш немесе төрт жұдырықшалы қысқы, "шошқа құйрық" қысқы (тетікке бұралып кіретін орнықтыру бұрамалары бар), цангалық қысқы немесе қысқұрылғы пайдаланылады. Шаршы дайындаманы қысқығы жай соғуды колмен реттеуге болатындай өтіп қысады. Дайындамаға цилиндрлік форма бере отырып, жонады, қауіпсіздік үшін білдек асты тірегін пайдалануға да болады. Дайынама қажетті формаға ие болған кезде бос шетжақты қашаумен өңдейді.
ІІІ Қорытынды.
ІV Бағалау.
V Үйге тапсырма.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген