400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды еңбекке баулу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары. Көркем өнер.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Күні:

Сынып: 5 сынып( қыздар)

Мұғалімнің аты-жөні: Ашкеева Жанар

Сабақ тақырыбы

Көркемдік кестемен бұйымды безендіру.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

* Шығармашылық идеялардың көркем көрінісі және жасау технологиясы

*Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.

*Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.

Сабақ мақсаттары


  • Қыздар кестенің түрлерімен танысады;

  • Дереккөздерді пайдаланып, кесте түрлерін зерделейді;

  • Алдыңғы сабақта орындаған тәжірибелік жұмысты жалғастыру мақсатында қолданады;(ою-өрнектің нобайы)

  • Нобай жасау барысында ассиметрия, симметрия және ритм сынды заңдылықтарды ұстанады;

  • Жасалған нобай бойынша тігіс түрлерін пайдаланып, ою-өрнекті кестелеп шығады;

  • Іс-тәжірибелік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін ұстанады;

  • Уақытты тиімді пайдаланады;

Бағалау

критерийлері














  • 1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;

  • 2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

  • 3.Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

  • 4.Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;

  • 5.Жібектен немесе мақтадан жасалынған кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;

  • 6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Тілдік мақсаттар


Сабақтағы лексикамен терминалогия

Сәндік-қолданбалы өнер, бұйым, жасау технологиясы, пішін, нобай, құрамы, ырғақ, сызық, динамика, кесте, инешаншым, тігім, тігістер, өру


• Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығына негізделіп, мен...

• Қазақ ұлттық мәдениетінің ерекшелігі.... тұрады.

• Мен ою-өрнек композициясын ..... жасау үшін қолдандым.

• Берілген бұйымды жасауда шебер келесі... қолданды.

Құндылықтарды

дарыту




- сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар ойын ашық айту арқылы ашықтық құндылығын арттыра түседі:

- ынтымақтастықпен жұмыс жасай отырып, бір-бірлерінің ойын сыйластықпен тыңдай біледі;

- өмір ойы еңбектену арқылы өзіне бай және қажетті қор жинақтайды;

- шығармашылық жұмыс жасай отырып қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтары артады.

Пәнаралық

байланыстар

Бұл сабақтағытақырып, негізіненжаратылыстану және қазақәдебиетіпәнімен тығыз байланысты. Жаратылыстанупәні арқылы қыздарөрнектердің шығу тарихынаүңілсе, қазақәдебиеті арқылы, қазақхалқыныңсәндік –қолданбалыөнеріндегікестеменбізкестенің, кестелептоқуөнерініңнегізгіорыныменмаңыздылығын түсінеді;

АКТ қолдану

дағдылары

- Сабақ барысында презентация көрсету үшін интерактивті тақта қолданылады. Атақты суретшілердің жұмыстарын қарау үшін және зерттеу жүргізу үшін оқушылар ноутбук қолданады,оқушылар суретшілердің жұмыстарын зерттеу барысында түрлі сайттармен жұмыс жасап, АКТ дағдыларын дамытады.

-Оқушылар өз дағдыларын дамытады, жетілдіреді, көбінесе ғаламтор сайттарымен жұмыс жасап , суретшілердің шығармашылығын зерттеу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады.

Презентациялар және видеобейнелер көрсетіледі.


Бастапқы білім


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2А Сәндік-қолданбалы шығармашылық

Сабақ тақырыбы: Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау.

Осы тақырып бойынша қыздар жұмыс жасап, ою-өрнек түрлеріне және кесте өнеріне зерттеу жүргізіп, зерттеу нәтижесінде практикалық жұмыс барысында оқушылар кесте түрлерімен танысып, өздері нобай бойынша кесте жұмысын жасап шықты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Видеобейне

2минут










Сабақтың басы

5минут






























Сабақ ортасы

Мин20















































Сабақтың

ортасы

Шығармашылық жұмыс

20минут






Дифференциациялық тапсырма














Сабақтың соңы

2мин













С

абақ соңы.Кері байланыс


Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін слайд шоу көрсетіліп, бізкестенің түрлері туралы, сәндік –қолданбалы өнер жайлы айтылады. Слайд-шоу көрсетіліп болған соң, бүгінгі өтілетін тақырыппен оқу мақсатының қандай екендігін біліп алу үшін «Джиксо» деген белсенді оқыту әдісін қолданып,сабақтың тақырыбымен мақсатын ашып аламыз.Бұл белсенді оқыту әдісін қолдану үшін, 1-2 деп санау арқылы, оқушыларды екі топқа біріктіріп аламыз. Біріктірудегі негізгі мақсат,оқушылардың топпен жұмыс жасаудағы дағдыларын дамыту. Джиксо әдісінің тәртібі бойынша, бүгінгі тақырыпты негізге ала отырып, мәліметпен жұмыстарының суреттері баспадан басылып, әрбір сурет белгілі –бір бөліктерге кесіп алынып, кеспе қағаздар оқушылардың назарына ұсынылады.Олар топта берілген материалдарды оқып шығып, мәліметті рет ретімен құрастырады,әр топтан бір оқушы шығып, өз версияларын ұсынып, сосын өз түсініктерін айтып береді.Бүкіл сынып болып, қол шапалақтау арқылы оқушылар бағаланып, қолдау көрсетіледі.Сосын осы іс-әрекеттер жүрген соң, сабақтың тақырыбымен мақсатына оқушылармен мұғалімдер бірге келеді.

Оқу мақсаттары айтылып болған соң,міндетті түрде қауіпсіздік ережелері айтылады:

  • Құрал –жабдықтармен мұқият жұмыс жасау;

  • Сабақ барысында қолданатын заттарды бір-бірне лақтырмау;

  • Ережеге сай жұмыс жасау;

Жеке жұмыс: Ары қарай шығармашылық жұмыс жасау үшін, оқушылар мақта матасынан жасалынған, ақ түсті беторамал алып келеді, сол орамалдың бетіне оқушылар кестемен жұмыс жасайды.

1.Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;

2.Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;

3.Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )

4.Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;

5.Жібектен немесе мақтадан жасалынған кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;

6.Қауіпсіздік ережесін ұстанады;

Осы критерийлер бойынша оқушылар жұмыс жасайды.Сосын бағалау процессі жүреді. Бағалау парағы сабақ жоспарына сай алдын-ала дайындалады. Сабақтың басында әрбір оқушыға беріледі және сабақ барысында өзін-өзі бағалау керектігін ескертеді.Бағалау + белгісімен немесе *белгісімен белгіленеді.Сабақтың аяғында жинаған жалпы бағасы шығарылады. Соған байланысты оқушының тапсырманы қаншалықты орындағандығын білуге болады.



Оқушының аты – жөні____________ сыныбы_______ тобы__

№

Оқушының

аты-жөні________

Сынып_8____

Бағалау шкаласы*/-


Бағалау критерийлері:


1

Өз қиялынан бір өрнектің нобайын жасайды;


2

Нобайды салуда симметрия заңдылығын ұстанады;


3

Салынатын дүниені форматта дұрыс орналастырады;(А4 )


4

Салынған өрнекті беторамал бетіне дұрыс орналастыралды;



5

Жібектен немесе мақтадан жасалынған кестеге арналған жіптермен кестелеп шығады;


6

Қауіпсіздік ережесін ұстанады;



Жалпы баға:


Дифференциациялық тапсырма бұл сабақта паралеллді түрде жүреді. Өйткені,әрбір бала өзінің қиялынан туған өрнекті жасауы керек. Олай болатын болса, оқушының жалпы сыныппен, жас ерекшелігіне қарай берілетін тапсырмаға қарамай, әр оқушынң ізденіс жұмысы әртүрлі болады. Құрылысы күрделі, түстік шешеімі әртүрлі түстерді үйлестіріп кестелесе осы тапсырма бойынша баланың деңгейі жоғары болғаны.Ал, егер құрылымы онша күрделі емес бірнеше иірімнен ғана тұратын нобай болса, онда деңгейі төмендеу деген сөз:

Оқушылардың жасаған жұмыстары шамамен төмендегі суреттерге ұқсас болады




Дифференциациялық тапсырма осы шығармашылық жұмыс барысында жүзеге асады.Оқушылар күрделілігі әртүрлі тапсырмалар орындағандықтан, талантты және дарынды балдармен де жұмыс көрініс табады. Жасалынып болған шығармашылық жұмысты оқушылар жұпта бағалайды.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды..

Бағалауға қойылатын талаптар:

  • Жақсы, мықты тұстарын айту;

  • Сын айтқымыз келсе, көмектесу мақсатында ұсыныс,сұрақ ретінде айту;







Иллюстрациялық материалдары: көркем кестемен сәнделген бұйымдар т.б. СҚӨ заттары.

https://youtu.be/4MawBxU9OiU Кесте өнері

https://youtu.be/QFb8NqjAOgQ

Қазақ сәндік-қолданбалы өнер – Кесте және ою-өрнек (RU)

http://www.trozo.ru/cat/video-uroki/vyshivanie-lentami – баумен кестелеу және т.б. қолөнер шеберлік сағаттары бойынша видео сабақтары.

http://www.trozo.ru/archives/22708 – кестелеу, сәндік және еркін тігістер түрлері.

http://vishivashka.ru/vyshivka_nitkami/vidy_vyshivki.php Кесте түрлері мен олардың орындалу техникасы.

http://atlanticrus.ru/content/osnovy-dekorativnoi-kompozitsii?page=show – Ою-өрнектің құрлымы мен түрлері, композицияның құру үлгілері

http://www.tvorchistvo.ru/vidy-dekorativnyh-kompozitsiy/ -

СҚӨ әлемі

http://www.livemaster.ru/topic/274295-vse-vidy-rukodeliya-vyshivka Қолөнердің түрлері; Кесте

http://vrukodelii.com/vishivka-dlya-nachinayushhih/

Жаңадан үйренушілерге кесте

Кестені орындауға арналған қажетті материалдар: инелер, қайшылар,оймақ, ирис және мулине жіптер, кергіш, маталар.










Кері байланыс «Екі жұлдыз –бір тілек» әдісі арқылы сабақтың ұтымды тұстарымен келесі сабақта жақсартуға болатын тұстарына ұсыныс жаза алады, А4 форматында.



Қорытындылау мақсатында мұғалім жалпы сабаққа кері байланыс береді. Оқушылардың жасаған әр-бір іс-әрекеті жайлы айтып, сол бойынша мадақтау жасайлды немесе үлгерімі нашар, төмен оқушы болатын болса сол оқушы сабақтан тыс уақытқа қосымша сабаққа шақырылып, қамтылмаған оқу мақсаттары қамтылуы тиіс.




























Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
























Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.














Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп: №3 Кеген орта мектеп-лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ашкеева Жанар

Сынып: 6 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1

Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы білімі мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаттары

  • Қазақстандық суретшілердің портрет жанрындағы картиналарын зерттеу;

  • Суретшілердің жұмыстарындағы ерекшеліктері туралы білім мен түсінігін көрсету.

Жетістік критерийлері

  • Отандық суретшілердің картиналарын зерттейді.

  • Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ерекшеліктерді анықтайды.

  • Қазақстандық суретшілердің жұмыстарының негізінде эскиз орындайды.

Тілдік мақсаттар


Портреттерге тән ерекшеліктерін сипаттайды.


Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Сюжет композиция және т.б.

  • Менің ойымша суретші ....көрсеткісі келді.

  • Картинадағы өзіндік сипатқа ие....

  • Портреттің идеясы жақсы жеткізілді. Себебі,

  • Портрет жылы колоритте орындалған. Себебі....

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Қазақстандық тарихи қайраткерлердің портреттерін зерттейді.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Оқушылар осыдан бұрын портрет жанрымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы


Сұрақтарға жауап бер:

«Абай» портреті.

Оқушыларға қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың әртүрлі суретшілермен салынған үш портретін қарастырады:

  • Картинада кім бейнеленген? Кейіпкердің мінезін суреттеңіз.

  • Картинаның авторын білесіздер ме?

  • Суретші көрерменге не айқтысы келеді?

  • Портреттер несімен ерекшеленеді?

Сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысу.


Сабақтың ортасы


Қазақстандық суретші Гульфайрус Исмаилованың «Қазақ вальсі» картинасын қарастырыңыздар.

  • Картинада не бейнеленген?

  • Картинаның кейіпкерін танисыздар ма?

  • Портрет қандай түрге жатады? Неліктен?

  • Суретші бізге не суреттегісі келді?

  • Портрет сіздерге қандай көңіл-күй сыйлайды?


Абрам Черкасский «Дина Нурпеисова и Джамбул»Сабур АбдрасуловичМамбеев «Девушка у окна»Килибаев Нурлан "Орлан"

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Картинаның идеясы қандай?

  • Портрет қандай колоритте орындалған? Неліктен?

  • Картинаның атауын қалай қояр едіңіз?

  • Қазақстандық суретшілердің портреттеріндегі ұқсастық не?

  • Қазақстандық кескіндемешілердің ортақ визуалды элементтерін ата?



Қазақстандық суретшілердің жұмыстарына ұлттық колорит кейіпкерлердің мінездері және т.б..


Практикалық тапсырма.

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкердің мінезін суреттейді;

  • Композиция;

  • Көркемдік элементтерді, стилистиканы қолданады.

Оқушылардың практикалық тапсырмалары альбомда орындалады.



http://magnolia.kz/articles/3442-vstrecha-zhambyla-i-diny.html





https://www.youtube.com/watch?v=w49I4Uwe02A




http://nurlankilibayev.blogspot.com/p/blog-page_17.html













https://www.youtube.com/watch?v=aqdLtJC31O0





Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Сұрақтар қою.

Бірін-бірі бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі