жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есептер
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: |
Өзім туралы |
|||||
Педагогтің аты-жөні: |
|
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: |
2 Қатысқандар |
Қатыспағандар |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есептер 25-сабақ |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
2.5.1.1.** Бір-екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу. 2.5.1.8.** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде модельдеу |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Санды бірнеше бірлікке арттыруға және кемітуге берілген есепті түрлі нұсқада модельдеп шығарады, санды бірнеше бірлікке арттыруға, кемітуге берілген есептерді шығару үшін өздігінен сызба, қысқаша жазу, теңдеу түрінде шығарады, түсіндіреді |
|||||
Құндылықтар |
Талап, жаңаны білуге құштар болу |
|||||
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Көш басшы: Біз күштіміз бе? Біз мықтымыз ба? Біз бақыттымыз ба? (Оң қолымызды көтереміз)
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақ мақсатымен танысады |
Хормен: Күштіміз Мықтымыз Бақыттымыз Алға,алға,алға
Өткен білімді зерделейді.
Сабақ мақсатымен танысады |
ҚБ: Жарайсыңдар!
Керемет!
Жақсы!
Тамаша! |
Слайд |
||
Сабақтың ортасы 28мин |
Жаңа сабақ ҰЖ. 1-тапсырма. Кестеде берілген сандарды 3-ке арттыра, 8-ге кеміте отырып, ондықтан аттап ауызша қосу, азайту тәсілдерін қолданады. Берілген ...сандарды 3-ке арттыру, демек ...сандарына 3-ті қосу, берілген ... сандарды 8-ге кеміту, демек ... сандарынан 8-ді азайту
2-тапсырма. Графикалық модельді пайдаланып, есепті шығарады Шарты:Менде 12 бетбелгі бар, ал досымда менен 2-еуі кем бетбелгі бар. Сұрағы: Досымда неше бетбелгі бар? Шешуі:12 – 2 = 10 Досымда 10 бетбелгі бар.
Шарты:Досымда 10 бетбелгі,ал менде одан 2-еуі артық бетбелгі бар. Сұрағы: Менде неше бетбелгі бер? Шешуі:10 + 2 = 12 Менде 12 бетбелгі бар. ТЖ. 3-тапсырма. Есеп мәтінін түсіне отырып, есептің сұрағына жауап беру үшін әріпті өрнек құрастыру дағдысын жетілдіреді. Ш: 37 + а; |
Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін пайдаланады, ондықтан аттап ауызша қосу азайту тәсілдерін қолданады.
Есепті талдай отырып, шешуін түрлі модельдермен жазады: өрнек құру, теңдеу құру, сурет салу, сызба түрінде жазады.
Есептің шешуін әріпті өрнек түрінде жазады. |
Дескриптор: Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесін пайдаланады 1б
Ондықтан аттап ауызша қосу азайту тәсілдерін қолданады 1б
Есепті талдай отырып, шешеді 1б Түрлі модель дермен жазады:1б Өрнек құрады 1б Теңдеу құрады 1б Сызба түрінде жазады 1б |
оқулық |
||
Сергіту сәті 2мин |
Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық! |
Орындарынан тұрып, сәйкесінше қимылмен көрсетеді
|
Тамаша! |
слайд |
||
|
ЖЖ. 4-тапсырма. Мәтінді оқиды, сызбаны пайдаланады. –Есепте не жайлы айтылған? –Есепте дәптер жайлы айтылған. –Торкөз дәптер туралы не білеміз? –Торкөз дәптер саны 29 екенін білеміз. –Жолды дәптер жайлы не білеміз? –Жолды дәптердің торкөз дәптерге қарағанда 16-сы артық. –Есепте не сұралады? –Жолды дәптер саны сұралады. –Есептің сұрағына жауап беруге бола ма? Қандай амал орындаймыз? –Есептің сұрағына жауап беру үшін қосу амалын қолданамыз. –Қандай өрнек құрдың? –29 + 16 өрнегін құрдым. –Есептің шешуін теңдік түрінде жазады және есептің жауабын қысқаша түрде жазады. Ш: 29 +16 = 45. Ж: Әсетте 45 жолды дәптер бар.
ФС. 5-тапсырма. 1)Мәтінді оқу. Мәтін мазмұны оқу құралдары туралы. 2)Мәтіннен есептің шартын бөліп алу. (Әсеттің 45 жолды дәптері бар, ал торкөз дәптерлерінің саны одан 16-сы кем. Бұл біздің білетініміз) 3)Мәтіннен есептің сұрағын бөліп ал. (Әсеттің неше торкөз дәптері бар?) Бұл біздің білуіміз қажет нәрсе. 4)Амалды таңда және негіздеп бер. (45 – 16) 5) Шешуін жаз. (45 – 16 = 29) 6) Жауабын анықта және жаз. (Әсеттің 29 торкөз дәптері бар.)
|
Мәтінді оқу, шартын, сұрағын, белгілі мәліметтерді, есептің ізделінді белгісізін бөлу, белгілі мен белгісіздің арасындағы байланысты анықтайды
Сызбаны пайдаланып, санды бірнеше бірлікке арттыруға берілген есепті шығарады
Қысқаша жазуды пайдаланып, санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есепті шығарады. 4 және 5-есеп тердің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын салыс тыру негізінде бұл есептердің кері есептер болатынын түсінеді |
Қысқаша жазуға сәйкес есептің мәтінін құрады;1б
Есептің шешуін өрнек түрінде жазады; 1б
Есептің шешуін теңдеу түрінде жазады. 1б |
оқулық |
||
Сабақтың соңы 10мин |
Бекіту Сұрақ-жауап Үй тапсырмасы:
Кері байланыс: . «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
Сұрақтарға жауап береді
Үй тапсырмасын күнделікке жазады
«Бес саусақ » әдісі бойынша кері байланыс жасайды
|
1-10ұпай Өз-өздерін бағалайды
|
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген