400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептер" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептер жайлы білімдерін пысықтауға,көбейту кестесін жатқа білудегі білім деңгейлерін тексеру, алған біліктіліктерін тиянақтауға, ұғындыруға жағдай жасау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Қарасай ауданы 
«Л.Н. Толстой атындағы орта мектебі» КММ 
Бастауыш сынып мұғалімі 
Болегенова Гульжазира Сарсенгалиевна

Сынып 3 «А»

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептер

Сабаққа негізделген оқу мақсаты


1. Санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептер жайлы білімдерін пысықтауға,көбейту кестесін жатқа білудегі білім деңгейлерін тексеру, алған біліктіліктерін тиянақтауға, ұғындыруға жағдай жасау.
2. Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға ықпал ету.

Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру.

3. Алға қойған мақсаттарына жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеуге ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептерді шығару жолдарын біледі, түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептерді шығарып, өрнек құрастыра алады. Оны сабақ барысында қолдана алады.

Кейбір оқушылар басым бөлігі санды бірнеше есе арттыруға және кемітуге берілген есептерді шығару жолдарын талдап, жинақтап күнделікті өмірде қолдана алады. Өз білімін бағалай алады. Нәтижесін көреді.

Үй тапсырмасын тексеру тапсырмалары

Миға шабуыл, сұрақ қою, қайта сұрақ қою.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

«Ойлан. Жұптас. Пікірлес.», « қара-оқы-жап-жаз-тексер», «келісемін, келіспеймін «кенеттен сұрау» стратегиялары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар,

көрнекіліктер














Қызығушылықты ояту

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен –
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз.

Сабақтың ережелерін еске салу.
1-ереже. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!

2-ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!

3-ереже. Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз!

4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Логикалық сұрақтар

1.Ауладағы тауықтардың 10 аяғы бар. Аулада неше тауық жүр?

2.Бос ыдыста неше жаңғақ бар?

3.Үйге кірген және шыққан адамдарға қолын береді?

4.Төрт аяғымен тұрған сиырдың салмағы 197кг, ал жатқан сиырдың салмағы қанша?

5.Үш майшам жанып тұр еді. Оның біреуін сөндірді. Неше майшам қалды?

6.Бір тонна мақта ауыр ма,бір тонна көмір ауыр ма?

дидактикалық материалдар мен ойындар,

суреттер.

Мағынаны тану



Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

1-тапсырма.

Суреттерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.

Суреттегі қолғаптар нешеу ? Аяқ киімдер ше? Қайсысы артық ? Қайсысы кем ? нешеуі артық ? нешеуі кем ?

2 - тапсырма.

Суреттерді пайдаланып, сұрақтарға жауап бер.

Суреттегі үшбұрыштар нешеу ? Шаршылар ше? Қайсысы артық ? Қайсысы кем ? нешеуі артық ? нешеуі кем ?

3- тапсырма. Есепті шығар.

С. Мұздыда – 10теңіз

Үндіде - ? 2 есе кем

Ш: 10 : 2 = 5

Ж: Үнді мұхитында 5 теңіз.

Ә) Ш: 5*2 = 10

Ж: С. Мұзды мұхитында 10 теңіз.

4- тапсырма. Нәтижені азайту арқылы тап.

21 : 7 = 21 – 7 – 7 - 7 = 3 24 : 8 = 28 – 8 – 8 - 8 = 3

27 : 9 = 28 – 9 – 9 - 9 = 3

Кенеттен сұрау.

А) Ш: 24 : 2 = 12 ә) Ш: 2* 2 = 4

Ж: Серікте 12 марка Ж: 4 түп қарақат.

б) Ш: 15 : 3 = 5 в) Ш: 4 * 8 = 32

Ж: 5 машина Ж: автобуста 32 адам.

г) Ш: 32 : 4 = 8

Ж: осы жылы 8 парта.

оқулық

Қорытынды

Ой толғау


Логикалық есеп .

irc_mi Үй жұмысы : № 5 , 34 бет


Қосымша ақпарат

Ғаламтор, қызықты есептер жинағы.

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлаймыз?

Рефлексиялық - бағалау кезеңі
Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы


Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.



2.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)


1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


1.

2.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
4838
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі