Санды енгізу және шығару

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санды енгізу және шығару

Материал туралы қысқаша түсінік
Санды енгізу және шығару.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: 3.7. Санды енгізу және шығару

7-сабақ.

Бөлім:

3-бөлім. «рython тілінде программалау»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:6 Г

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

3.7. Санды енгізу және шығару

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1 Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

input және print командалары программада атқаратын қызметін біледі.

Көптеген оқушылар:

Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазуда функцияларды пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады.

Бағалау критерийлері:

- қарапайым өрнектерді программалау тілінде жазып, нәтижесін шығаруды біледі.

- input() және print() функцияларын қолдана алады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.

Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


«Ізгі тілек парағы»

Жаңа сабаққа кіріспе



















































Жеке жұмыс












(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.







Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.



Оқушыларды «randomus.ru» сайты арқылы екі топқа бөледі.

1-топ: prіnt ()

2-топ: input ()



Үй тапсырмасын еске түсіру үшін тест тапсырмаларын орындатады.




Төменде берілген сұрақтарға ұжым болып талқылау жасайды.

- «Алгоритм» ұғымын қалай түсінесіңдер?

- Күнделікті өмірдегі іс-әрекеттеріңнің бірін сызықты алгоритм ретінде қалай өрнектеген болар едің?



Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





















Оқушылар randomus.ru сайты арқылы теңдей екі топқа бөлінеді.







Тест тапсырмаларына әр оқушы жеке жауап береді.

Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік бере отырып «Смайликтер» «Мадақтау» арқылы бағаланады.





































Дескриптор:

Әр дұрыс жауап 1 баллға есептеледі. Жалпы – 10 балл.

- Арифметикалық амаладрдың атауларын дұрыс табады;

- Python-да арифметикалық өрнектердің орындау ережелерін біледі;

ҚБ:

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.





























Өзін-өзі бағалау парағы

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықпен жұмыс:

(Т) «Постер қорғау» әдісі арқылы екі топқа оқулықтағы мәтінді топта оқып, талдап, өз топтарына берілген тақырыпты қорғау тапсырмасы беріледі.

Оқушылар топқа бөлінген материал бойынша топта талқылау жасап, «Постер қорғау» арқылы өз ойларымен, түсінген ақпараттарымен бөлісіп, қорғайды.

1-топ: prіnt ()

2-топ: input ()


Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

  • Оқулықтағы ақпаратпен танысады.

  • Топ ішінде талқылау жүргізеді.

  • Топтар арасында қорғау жұмыстарымен жалғастырады.

Оқулық,

жұмыс дәптері



Өзін-өзі бағалау парағы




(Т) №1 тапсырма.

Практикалық тапсырмада input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау жолдарына программа құрастырыңдар:

1-топ: prіnt ()

1 тапсырма.

a,b=map(int,input().split('+'))

print(a,'+',b,'=',a+b,sep='')



659+985=1644

2 тапсырма.

m,h=map(int,input().split('-'))

print(m,'-',h,'=',m-h,end='\n')



654 - 586 = 68



2-топ: input ()

1 тапсырма.

t,h=map(int,input().split('*'))

print(t,'*',h,'=',t*h,end='\n')



145 * 556 = 80620



2 тапсырма.

c,d=map(int,input().split('/'))

print(c,'/',d,'=',c/d)

200 / 25 = 8.0


Дескриптор: Жалпы - 4 балл.

Әр дұрыс нәтиже 2 баллдан есептеледі.

  • input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасайды.

  • Берілген есептердегі өрнектердің орындау жолдарына программа құрастырады.

Оқулық,

жұмыс дәптері

ДК



Өзін-өзі бағалау парағы



Сызықтық программаларды құруға арналған тапсырмалар

(Т) 1-топ: №3 тапсырма.

Х сандар осінде Х1 және Х2 бүтін санды нүктелері берілген (1-сурет). Осы нүктелер арасындағы қашықтықты табатын программа құрастыр.

Мысалы

Нәтиже

4 -8

12















x1,x2=map(int,input().split())

print(abs(x1-x2))

4 -8

12

(Т) 2-топ: №3 тапсырма.

Х -тің мәні берілген деп, төмендегі өрнектін мәнін есепте.



Мысалы

Нәтиже

5

79







x=int(input())

y=3*((x-2)**3)+5*((x-4)**2)-7

print(y)

5

79

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- Python программалау тілінде программа құрады;

- Берілген есептердегі өрнектердің орындау жолдарына программа құрастырады.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

«Еркін микрофон» әдісі арқылы төменде берілген сұрақтарға жауап береді.



  1. input() функциясындағы әдістердің қандай маңызы бар?

  2. print() функциясында end=’\n’ әдісін қандай мақсатта қолданады?

  3. Программалау кезінде input() функциясын қолдану алгоритмнің қай қасиетін орындауға мүмкіндік туғызады?

  4. input() және print() функцияларының қандай негізгі айырмашылығы бар.

  5. 548+895+1000+5012’ жолынан сандарды ажыратып, оларды бір-біріне қосу үшін input() функциясы қалай жазылады?

Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23



Үй тапсырмасы

3.7. Санды енгізу және шығару тақырыбы соңындағы input () және print () функцияларын пайдаланып, күнделікті тұрмыстағы мәселені шешуге бағытталған сызықтық алгоритмге негізделген тапсырманың мәтінін құрастырыңдар.Құрастырған тапсырманы шешудің алгоритмін көрсетіп, программа кодын құр.

Үй тапсырмасын жазып алады.


Күнделік

Бағалау


Рефлексия

Мен білдім.........

Мен білемін.........

Мен білгім келеді тағы .........

Кері байланыс жасайды, «Мен БББ» кестесін толтырады.

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша, жинаған балл негізінде бағаланады.

Өзін-өзі бағалау парағы

«Мадақтау»

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2024
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі