жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Санды енгізу және шығару
Сабақтың тақырыбы: Санды енгізу және шығару
|
Бөлімі: |
Python тілінде программалау |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: 6 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Санды енгізу және шығару |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
6.3.2.1 - Python (пайтон) тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу |
|
Сабақтың мақсаты: |
Python (пайтон) тілінде санды енгізу және шығару үшін программа кодын жазады. |
|
Құндылыққа баулу |
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларындағы ұлттық құндылықтарды білім алушылардың бойына сіңіру. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3-мин Өткен тарауды тексеру 5-мин |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Информатика пәніндегі термин сөздермен бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. «SIM карта» әдісі арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың тақырыбымен, сабақтың мақсатымен таныстыру |
Бір-біріне жылы лебіздерін айтады. SIM картадағы QR-ді сканерлеп, қай топ екенін анықтайды. 1-топ: input 2-топ: print Оқушылар дәптерге орындап келеді Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Сабақтың мақсатымен танысады. |
ҚБ («жарайсың», «керемет», «өте жақсы» т.с.с сөздермен қолдау көрсету,) ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) Жалпы 2 балл |
Слайд Үлестірме
Д
Дәптер |
|
Сабақтың ортасы 8-мин 12-мин 12-мин |
Біз өткен тақырыптарда іnput-ты қарапайым түрде қолдандық. Енді осы функцияның программада қолданылу жолдарына кеңірек тоқталайық. input() функциясы деректерді программаға енгізеді. Бұл деректерді программада қолдану үшін айнымалыларға жүктеуге болады. Енгізу функциясын программада қолданудың бірнеше жолын қарастырайық. Іnput() функциясын қолданып енгізген дерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split () әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split () әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек. Мысалы, кестеде бірінші жағдайда тізімдегілер бос орынмен ажыратылса, екінші жағдайда сызықшамен ажыратылған. 1-тапсырма Жеке жұмыс Дидар 4-сыныпта оқиды. Дидарға математика сабағында үйге 4 амалмен (+, –, * , /) орындалатын тапсырмалар берілді. Дидардың ағасы (әпкесі) ретінде математикалық тапсырмаларды программалау тілінде орындауға көмектес. Есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға шығар. k, p = map (int, input(). split('+')) m, h = map (int, input(). split('–')) t, h = map (int, input(). split('*')) c, d = map (int, input(). split('/')) print (k,'+', p,'=', p + k, end = '\n'); print (m,'–', h,'=', m – h, end = '\n'); print (t,'*', h,'=', t * h, end = '\n'); print (c,'/', d,'= ', c/d) 2-тапсырма Жеке жұмыс 1) 352 · 985 · 25 · 3 өрнектің мәнін есептейтін программа құрастыр. |
Python (пайтон) тілінде санды енгізу және шығаруды біледі Дескриптор: -Python программасын іске қосады; -программа кодын жазады, - математикалық өрнекті программалау тілінде жазады; - есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға шығарады; Дескриптор: -программа кодын жазады; -математикалық өрнекті программалау тілінде жазады; -сандарды енгізеді; - өрнектің мәнін табады; |
ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) Жалпы 4 балл ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) ҚБ (1 балл) Жалпы 4 балл |
Слайд Қима қағаздар |
|
Функцио налдық сауат тылық |
|
Оқушылар жауап береді |
ҚБ («жарайсың», «керемет» сөздермен қолдау көрсету,) |
|
|
Сабақтың соңы3-мин Бағалау Рефлексия Үй тапсырмасы 2-мин |
Әр тапсырманың дескриптор бойынша 10 баллдық жүйемен өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру. « - Ұнады
- Есімде сақтадым
Айтарым бар
Достарыммен бөлісемін 4-тапсырма 96-бет |
Өзін-өзі бағалайды. Оқушылар «Tik tok» әдісі арқылы кері байланыс жасайды
|
Жалпы тапсырмалар бойынша 10 балл |
|
шағым қалдыра аласыз

К экран
Сұрақтар






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген