Санды енгізу және шығару. 6 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санды енгізу және шығару. 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Санды енгізу және шығару. 6 сынып Құндылық пен функционалды сауаттылығымен жасалынған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

PYTHON тілінде программалау

Пән мұғалімі


Күні:

20.02.2025ж

Сынып: 6

Қатысушылар саны:


Қатыспағанадар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санды енгізу және шығару

Оқу мақсаты:

6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

Сабақ мақсаты:

  • Енгізу функцияларымен жұмыс жасау

  • map() функциясын қолдану

  • Математикалық функция ұғымын талдау

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы құндылықтарды оқу процесіне ұйымдастыру кезеңінен бастап, сабақтың әрбір кезеңінде жүргіземін. Әділдік және жауапкершілік бойынша психологиялық ахуал қалыптастыру. «Күш білімде, Білім кітапта»


2.Үй тапсырмасын пысықтау.


Өзектендіру. Жаңа тақырыпты ашу

Input() және Print() функциялары программада қандай қызмет атқарады?

Программаға деректерді қанша әдіспен енгізуге болады?


Берілген нақыл сөздерді оқу, білу, түсіну







Барлық оқушылар белсенділік танытты











Сұрақтарға жауап берді


ҚБ: ауызша мадақтау,

бас бармақ арқылы, смаиликтер арқылы бағалау.

Бағалау парақшасы қосымша №1

(10 балдық)


Дескриптор:

-кестені дұрыс толтырады

1 балл


Слайд

А4 парағы



Сабақтың ортасы

35 мин





















Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Санды енгізу және шығару.

Input() функциясы деректерді программаға енгізеді. Бұл деректерді программада қолдану үшін айнымалыларға жүктеуге болады.

Программа коды

Енгізу-нәтиже

K=int(input(“engiz:”))

Print(K)

еngiz:1000

1000


Input() функциясын қолданып енгізген дерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split() әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split() әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек.

Программа коды

Енгізу-нәтиже

K=input().split()

print(K)

1 2 3 4 5 6 7

[‘1’,’2’,’3’,’4’,’5’,’6’,’7’]

K=input().split(-)

print(K)

1-2-3-4-5-6-7

[‘1’,’2’,’3’,’4’,’5’,’6’,’7’]


Сандар тізімін оқып отырып, оны бірден бүтін санға түрлендіру үшін, жоғарыдағы құрылымға map функциясын қолдану керек. Бұл жерде list тізімді білдіреді.

Программа коды

Енгізу-нәтиже

K=map(int,input().split())

print(list (K))

1 2 3 4 5 6 7

[1,2,3,4,5,6,7]

print() функциясы деректерді экран бетіне шығарады немесе файлға жол ретінде жазады.

print() функциясының толық синтаксисі:

print(‘Басуға арналған жол’,sep=’’, end=’\n’)

Басуға арналған жол’-экранға шығарылатын жол.

sep=’’-айнымалылардың арасын ажырататын символды көрсетеді, үнсіз келісім бойынша бос орынмен ажыратылады.

end=’\n’-жолды қандай символмен аяқтау керектігін көрсетеді.

Егер print() функциясы end=’\n’әдісімен аяқталса, жол келесі қатарға өтумен аяқталады.

1-тапсырма. «Ойлан, топтас, бөліс» әдісі. Топтық жұмыс.

Енгізу функцияларымен жұмыс жасау.


Python тіліндегі енгізу элементтерімен жұмыс жасау.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

map() функциясын қолдану.

Берілген математикалық өрнектің мәнін табатын программа құрыңыз. Енгізу барысында map() функциясын қолданыңыз.

.



Сергіту сәті. Көзге жаттығу.


Сабақты бекіту.

Функционалдық сауаттылық және математикалық функция ұғымын талдау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық тапсырма беріледі.

3-тапсырма. Жеке жұмыс

Али 6-сыныпта оқиды. Алиге математика сабағында үйге 4 амалмен (+, -, *, /) орындалатын тапсырмалар берілді. Алидің бауыры ретінде математикалық тапсырмаларды программалау тілінде орындауға көмектес. Есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға шығар


Python программасында тапсырмаларды жылдам, әрі дұрыс орындаған оқушылар өз жұмысын аяқтағаннан кейін үлгермейтін оқушылармен жұптасып, қолдау жасалынады.


Үй тапсырмасы

Сұрақтарға жауап жазу. 95-бет


Жаңа сабақты түсінеді

Тапсырманы орындайды



































Оқушылар тапсырманы топтасып орындайды



















Оқушылар тапсырманы бірігіп орындайды










Оқушылар тапсырманы орындайды











Оқушылар тапсырманы дәптерге жазып, орындап келеді






































Дескриптор

1.Python бағдарламасын іске қосып, код жазады;

2.input(), print() функцияларын қолданып берілген санды енгізеді және экранға шығарады.

2 балл













Дескриптор

1.Математикалық өрнекті бағдарламаға айналдырады;

2.Python бағдарламасында код жазады;

3.map() функциясын қолданады.

3 балл


Дескриптор

1.Математикалық модельді қолданып есептеп шешеді;

2.Python бағдарламасында код жазады;

3.Тапсырманы шешу кезінде map() функциясын пайланады;

4. input(), print() функцияларын қолданып мәліметтерді енгізеді және экранға шығарады;

4 балл


Слайд

Компьютер

Оқулық

Информатика 6 сынып
































Компьютер

Python бағдарламасы


















Компьютер

Python бағдарламасы





















Күнделік



Сабақтың соңы

3 мин

Бағалау.

Бағалау парағы.


Рефлексия.

Оқушылар өз-өзін бағалайды.


Топ басшылары оқушылардың жинаған балын бағалау парақшасына жалпы балды жазып береді.


Мұғалім бағалайды.

А4 парағы

Қосымша №1


Саралау.

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?


  • Оқушылардың деңгейін ескере отырып, сабақ мақсатын сараладым.

  • Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың деңгейін ескере отырып қоямын.

  • Оқушылар жеке, топтық жұмыс барысында жалпы оқу мақсатына сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ әр баладан әртүрлі нәтиже күтемін.



Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Балдық жүйе арқылы бағалаймын

9-10

7-8

6-5

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасын сақтау.


Компьютер кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт бойы бір қалыпта отырмай көзге жаттығулар жасауға көңіл бөлемін.

Қабілетті оқушыларға:


Көбірек қолдауды қажет ететін оқушыларға:

Оқушыларды топтарға бөліп, бір-біріне көмектесуге мүмкіндік беремін. Топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірінен үйреніп, қиындықтарды бірге шешуге тырысады.




Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:
























Қосымша №1


І топ (INPUT)

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

(1 балл)


1-тапсырма

(2 балл)


2-тапсырма

(3 балл)


3-тапсырма

(4 балл)

Қорытынды баға

1








2








3








4








5








6








7









Пәні: информатика

Сыныбы: 6 Б

Топ басшысы ______________________________











Қосымша №1


ІI топ (PRINT)

Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

(1 балл)


1-тапсырма

(2 балл)


2-тапсырма

(3 балл)


3-тапсырма

(4 балл)

Қорытынды баға

1








2








3








4








5








6








7









Пәні: информатика

Сыныбы: 6 Б

Топ басшысы ______________________________





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2025
152
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі