400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санды және əріпті өрнектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Күні:


2-сабақ

Пәні: математика


4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Санды және әріпті өрнектер

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға санды және әріпті өрнектер туралы түсінік беру. Есептерді шапшаң орындауға үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар санды және әріпті өрнектер туралы түсінік алады. Есептерді шапшаң орындауға үйренеді.Логикалық ойлау қабілеттері артады.

Негізгі идеялар

Тақырып туралы жалпы түсінік. Бір-бірімен кездесетін қозғалысқа берілген өзара кері есептер.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс


Сабақ бойынша мұғалімің жазбалары: (мұғалім оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сынып оқушыларына «Көңіл күй қоржыны» смайликтер арқылы оқушылардың көңіл-күйін білу.

2. Өз көңіл күйлерін бір-біріне шар лақтыру арқылы айтып өту.

3. Сандар арқылы топқа бөлу.


ІІ. Жаңа сабақ

«Ой қозғау»

№1.

а+5; (34+10)•2; 23•4+9; х+9=17•6; 72:х=24:3; (45+25):5; 90-10•5; х-3; ь•6; 19<20+9•8; с:9;

42>72:9+20; 12:х+24:8; (х+2)+16•4; 34-8; (х+2)16•4; 34-8=13•2.

Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз және оқы.

Әріпті өрнектрді теріп жаз және оқы.

Қай жазуларды санды және әріпті өрнек деп айтуға болмайды? Неліктен?


Жеке жұмыс:

№2.Санды өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

а)15-ті 5-ке арттырып, көбейтіндіні 2 есе кеміту;

ә)32-ні 2 есе арттыру және көбейтіндіден 24-ті азайту.

б)27-ден 2-ні азайтып, айырманы 5 есе кеміту;

в)69-ды 3 есе кемітіп, бөліндіге 20-ны қосу.


№3. Әріпті өрнек түрінде жазып көрсет және оқы:

а)Ойлаған санды 3-ке кемітіп, айырманы 2 есе арттыру;

ә)32-ні 2 есе кеміту және оған ойлаған санды қосу;

б)Ойлаған санға 2-ні қосып, қосындыны 5 есе арттыру;

в)69-ды 3 есе арттырып, көбейтіндіден 20-ны азайту.


Тақтамен жұмыс:

№4.Санды өрнектің мәнін тап:

а)(318•5+1052)-2210;

ә)(5256:6+1250)-408;

б)74612:4+3072;


№5.Әріпті өрнектің мәнін тап:

а•3019, мұндағы а=2, 3, 4, 5.


Топтық жұмыс:

№6

а)Ұста 32 г темірден 4 шеге жасады. 400 г темірден осындай неше шеге жасауға болады?


№7.

а)4 кг картоп 264 теңге тұрады. Бағасы осындай 40 кг картоп қанша тұрады?

ә)Әжей немерелеріне бағалары бірдей 5 қара түсті және 4 көк түсті тақия сатып алды. Оларға 5841 теңге ақша төленді. Қара түсті тақияларға неше теңге төленді? Көк түсті тақияларға ше?


ІІІ. Сабақ рефлексиясы (ұнады, қиын болды, тілегім)

Кейінгі тапсырмалар

№9

Кейінгі оқу








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі