жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Санды өрнектер" 1 сынып
|
Математика Тақырыбы: Санды өрнектер |
Мектеп:№61 ЖББОМ |
||
|
Күні: 05.12.2017 |
Мұғалімнің аты-жөні: Сопакова Карылгаш Картпагамбетовна
|
||
|
Сыныбы: 1 «б» |
Қатысқандар саны: 25 |
Қатыспағандар саны:0 |
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.1 Санды және әріпті өрнектерді ажырата білу және оқу 1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру,білу және қолдану 1.5.2.2 «+» , «-», «=», «=», « », « » таңбаларын /цифрларды, ( ) белгісіз сан символын қолдану |
||
|
С Сабақтың мақсаттары: |
Барлық оқушылар білуге тиісті: санды өрнектерді ажырата алады; |
||
|
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс: санды өрнектерді ажырата алады; құрастырады; |
|||
|
Кейбір оқушылар білуге тиіс: санды өрнектерді ажырата алады; құрастырады; дәлелдейді; |
|||
|
Бағалау критерийлері |
- төрттік өрнек құрастырады, есептейді; |
||
|
Тілдік мақсаттар |
Тыңдалым, айтылым, жазылым. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Еңбекке тәрбиелеу |
||
|
Пәнаралықбайланыстар |
Дүниетану |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд, Ойын «Санның құрамы» |
||
|
Бастапқы білім |
Заңдылықтар |
||
|
Алдыңғы білімдер |
11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады; 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын “+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады. 100-ге дейін тура және кері, санай алуы; ондықтармен санау |
||
|
Жоспар |
|||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
|
Сабақтың басы 3 минут |
Психологиялық дайындық. Математика сабағын, Жақсылап ұғып аламыз. Сәулесі деп сананың, Мәнінен ой табамыз. Тренинг «Мен бүгін қуаныштымын себебі...»
|
Таныстырылым |
|
|
|
Бүгінгі математика сабағында біз цирк әлеміне саяхат жасаймыз.Ол жай цирк емес «математикалық цирк» Ой қозғау - Енді балалар, сіздер епті жонглёр боласыздар. Жонглёр ауаға бірнеше затты лақтырып, оларды қағып алатын цирктегі артистті айтамыз.Сабақта жанглёрлік міндет математикалық түрде болады. |
|
|
|
Сабақтың ортасы 20 минут
Сабақтың соңы 2 минут
|
Ой қозғау - Енді балалар, сіздер епті жонглёр боласыздар. Жонглёр ауаға бірнеше затты лақтырып, оларды қағып алатын цирктегі артистті айтамыз.Сабақта жанглёрлік міндет математикалық түрде болады. «Өрмекші торы» әдісі бойынша өткенге шолу. - Қандай сандар бір таңбалы сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер. - Екі таңбалы сандар дегеніміз қандай сандар? - Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу үшін не істейміз? - Қосу амалының компонеттерін ата - Азайту амалының компонеттерін ата -1-10-дейін үш тілде санау. Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында қайталауға берілген тапсырмалар арқылы топқа бөлу
№1 «Алмастыр» (ЖЖ) Оқушыларға ақ ламинатталған қағаз және маркермен жұмыс орындау тапсырылады.Ақ қағазға мен 1+3, 3+4, 5+1 сиякты бір таңбалы сандардан құралған мысалдардың қосындысымен ретімен жазамын, ал оқушылар қарапайым сандарды қосу мен азайту кезіндегі қолданған тәсілдерді пайдалана отырып, берілген мысалдарды дөңгелек сандармен, яғни ондықтарды қосу және азайтумен алмастырып жазып,нәтижесін табулары қажет.Мысалы: 3+5; 30+50; 8-5; 80+50; 4+5; 40+50; 9-4; 90-40; (ТЖ) Төрт санның ішінен ең үлкен және ең кіші санды таңдап алып,олармен азайту амалына өрнек құрамыз.Екі өрнектің мәнін пайдаланып, қосу амалы шығатын өрнек құрастырыңыз. Мысалы: 5-2=3; 4-3=1; 3+1=4; 15-12=3; 14-13=1; 3+1=4. Оқушылардың дұрыс жауаптарын мадақтау. Математикалық өрнектер санды және әріпті өрнектер болып бөлінеді. -Балалар ,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:«Санды өрнек» 2. (Ұ)Санды өрнек. - Санды өрнек дегеніміз не деп ойлайсыңдар? - Ол неден тұруы мүмкін? -Санды өрнек әріптерден тұруы мүмкін бе? -Әріптерден тұрса, ол қандай өрнек болып шығады? Тақтаға жазу 7 + 3, 7 – 3 – бұл санды өрнек Жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырамын.(БК) Санды өрнек – сандар, арифметикалық амалдар,жақшадан тұратын өрнектің түрі.Егер өрнектің құрамында әріп болмаса,ол өрнек «санды өрнек» болады.Өрнектегі берілген амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу болып саналады. Сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларын құрастырылған математикалық жазба санды өрнек деп аталады.5+10 санды өрнегін былай оқуға болады: 5 пен 10 сандарының қосындысы.19-8 санды өрнегін былай оқуға болады: 19 бен 8 сандарының айырмасы. Арифметикалық амалдардың нәтижесінде шыққан сан санды өрнектің мәні болады Оқулықпен жұмыс (ҰЖ)№1 тапсырма. Суреттен санды өрнектерді тауып оқы 5+10=15 19-8=11 5+3=8 60-20=40 90-60=30 (ҰЖ)№2 тапсырма. Санды өрнектерді оқы.Олардың мәндерін тап. а) 80-70 в) 2+18 ә) 12+5 ғ) 10+30 б) 30+20 г) 17-1
Топтық жұмыс 1- топ Пазылды құрастыр 2-топ Жасырынған санды тап + 10+10+10=60 3-топ «Хайуанаттар дүкеніне саяхат» ойыны 4-топ 11,12,13,14,15,16,17,18,19,20 сандарының әрқайсысын 1-ге азайт.
Сергіту сәті: «Қызыл өрік» (Ж)«Кубик-рубик» ойыны (ҚБ) тақта арқылы бір-бірін тексереді, ойларын дәлелдеп айтады.
(Ө)Дәптермен жұмыс 62-63-бет (ҚБ)мұғалім бақылауымен кері байланыс Оқушылар өздерінің жұмыс істеу деңгейіне байланысты түсті таңдап алады да, неліктен бұл түсті алғанын айтады. Өз-өзін бағалау. Бағалау «Бағдаршам» Қызыл – маған көмек керек; Сары - сұрағым бар Жасыл- барлығы түсінікті.
20 көлеміндегі екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды қалай қосады?
|
Жіп
топқа бөліну
Ламинатталған қағаздар,маркерлер
Тақтамен жұмыс
Жұмыс дәптері
Таныстырылым
Смайликтер
Таныстырылым
Интербелсенді тақта
Жұмыс дәптері |
|
|
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәт. 1: 2: Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
|||
|
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? |
Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? |
Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы |
|
Басқаларға көмектесу. Жұмыстарын тексеру. Топ басшысы рөлін атқару
|
Санды өрнек құрастырады, жазады, есептейді. |
Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау Сергіту сәті |


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген