15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
санды өрнектерді салыстыру
Сабақ тақырыбы: |
Санды өрнектерді салыстыру |
Мектеп: |
||||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: |
||||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны: |
||||
Оқу мақсаты: |
теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады; “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады. |
|||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
Ресурстар: |
Әр жұп оқушыға арналған: нүктелі ойын текшелері; ламинатталған қағаз парақтары; маркерлер; санды өрнектер жазылған парақшалар; өрнектердің жауабы жазылған парақшалар (саны сыныптағы оқушылардың санына байланысты). |
|||||
Тірек сөздер |
өрнектің мәні. |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту. |
|||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
|
|||||
Санды өрнектерді салыстырғанда, олардың сан мәндерін өзара салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Кез келген екі санды өрнектің мәндері бірдей болса, олар өзара тең болады. Ал өрнек мәндері тең болмаса, мәндерінің не артық, не кем екенін анықтауға болады. Кіріспе тапсырма. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оларға бір-бірімен ойын ойнауды ұсыну. Әрбір жұпқа нүктелі ойын текшесін, ламинатталған қағаз парағын, маркер таратып беру. Ойын шартымен таныстыру. Әр ойыншы текшені екі рет лақтырып, оның жоғары жағындағы нүкте санын қосып, өрнек түрінде жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір-бірінің жұмысын салыстырып, кімде нүкте саны көп шыққанын салыстырады. Мысалы: бірінші ойыншы: 2 + 5; екінші ойыншы: 6 + 4; 2 + 5 ? 6 + 4.
Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұрау. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыну. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдау. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіру. Мысалы: 2 + 5 ? 6 + 4; 7 < 10; 2 + 5 < 6 + 4. 7 < 10;
Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі рет ойнауды ұсыну. Өрнектерді ламинатталған парақтарға жазып, сынып оқушыларына көрсетеді. |
Хайуанаттар дүкенінде. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізу. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұрау. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады. Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыну. Құрастырған санды өрнектерді салыстырту. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастыру. Тапсырманы тез орындап болған оқушыларға “Хайуанат дүкеніне саяхат” тақырыбына сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыну. Жауабы: 3 + 4 = 2 + 5; 6 + 6 > 8 + 3; 4 + 4 < 2 + 8. Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беру. Мүмкіндік болса интерактивті тақтаны немесе ламинатталған бетті пайдалану. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде де ұйымдастыруға болады. Жарыс кезінде тапсырма жазылған қағазды шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар қатысатындай етіп жағалатып жіберу. Сол сияқты тапсырманы тақтаға тізбектеп орындатуға да болады. Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалату. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара немесе мұғалім бағалайды. Жауабы: 18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50; 5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10; 2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10. Орындап көр. Тапсырманы жұппен орындату. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгімелесу. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай шифрленетінін айту. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескерту. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыну. Жауабы: а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4; в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2. |
|||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру Оқушылармен “Өрнектердің мәнін тап” ойынын өткізу. Санды өрнектер және олардың жауабы жазылған парақшалар дайындап қою. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Бірінші топқа мысалдар жазылған парақшаларды таратып беру. Ал екінші топқа жауаптары жазылған парақшаларды тарату. Өрнектердің жауаптары жазылған парақшалар ұстаған оқушылар тобына бір сызықтың бойына тұруды ұсыну. Жүргізушінің нұсқауы бойынша олар жауап парақтарын екінші топтағы оқушыларға көрсетулері керек. Мысалдар жазылған парақшаларды алған оқушылардың міндеті берілген өрнектің мәнін тауып, өз жұбының (жауабы жазыл ған парақшалар ұстаған оқушының) қасына барып тұру. |
Қосымша тапсырмалар ж.д. 37 - 38 бет Пәнаралық байланыс Жаратылыстану. “Жануарлар” тарауы. Қосымша тапсырмалар Цифрды анықта. Оқушылар бірдей суреттерді бірдей цифрлармен ауыстырып, өз бетінше санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар тиісті сандарды таңдайды.
Бағытты таңда. Санды өрнектердің мәндерін салыстыр. Теңдікке апаратын жолды тауып, оны боя. Жауабы: 15 + 3 = 20 - 2 |
|||||
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар мен санды өрнектер арасын дағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді. Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша өз-өзін бағалатыңыз. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген