400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Санды өрнектерді салыстыру.1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегін тигізе алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»

ДОІЖО__________

«21» ақпан 2017 жыл

№83

Күні: 21.02.2017

Сыныбы: 1 «Б»

Пәні: математика

Мұғалімі: Кенжебек А.Е

Сыныптағы оқушы саны: 33




Сабақ тақырыбы:

Санды өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаты:


1.2.1.1. Санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма)/ теңдік, теңсіздіктерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу, салыстыру.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбіроқушылар:

  • теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

  • “+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

  • (□) белгісіз сан символын қолданады.

Ресурстар:

  • нүктелі ойын текшелері;

  • маркерлер;

  • санды өрнектер жазылған парақшалар;

  • суреттер;

  • үлестірмелер;

  • қима қағаздар.

Тірек сөздер

өрнектің мәні

Сабақтың мақсаты:

Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


  • Сыныптағы жағымды атмосфераны қалыптастыру.

  • Шаттық шеңберіне тұру:

Сәнденіпдаламыз,

Сәулетті қаламыз.

Сәулеңмен құлпырып,

Сәлем, Күн, анамыз!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң,достарым!


Шаттық шеңбері

Алдыңғы оқу

  • Кубизм әдісі бойынша өткен сабаққа шолу жасау.

  • Текшенің әр қабырғасына «теңдік», «теңсіздік», «әріпті өрнек», «санды өрнек» сөздері жазылған.

  • Оқушылар ауызша мысалдар келтіреді.

Оқулық

Сабақтың ортасы

Білу







Түсіну

Қолдану

Тақырыппен таныстыру;

Жетістік критерийлерін құру:

  • Санды өрнектерді құрастыруды, жазуды, оқуды;

  • Санды өрнектерді салыстыруды үйрену.

Жаңа материалмен таныстыру.

Жұптық жұмыс ұйымдастыру:

Жұптық ойын.

  • Балалар, мен қазір 5 жұпқа нүктелі текше беремін. Ойын шартын мұқият тыңдаңдар. Нүктелі текшені екі рет лақтыру керек. Шыққан нүкте сандарынан санды өрнектер құрастырасыңдар. Сосын екі оқушы санды өрнектерді салыстырасыңдар. Кімде көп нүкте болды?

  • Балалар, құрастырған санды өрнекті қалай салыстырдыңдар?

Санды өрнектерді салыстыру үшін олардың мәндерін тауып, сол мәндерді салыстыру керек.

Мысалы, 2+5 ? 6+4

2+5< 6+4

Санды өрнектерді былай оқимыз:

2 мен 5-тің қосындысы кем 6 мен 4-тің қосындысынан.

  • Балалар, бүгінгі тақырыпты терең меңгеру үшін біз сендермен түрлі қызықты тапсырмалар орындаймыз.

Тақтамен жұмыс:

Хайуанаттар дүкенінде

  • «Хайуанаттар дүкені» туралы қысқаша әңгіме жүргізу. Оқушыларға сұрақтар қоямын:

  • «Хайуанаттар дүкені» туралы не білеміз?

  • «Хайуанаттар дүкенінде» нелер сатылады?

  • Оларды біз қайда асыраймыз?

  • Хайуанаттардан басқа тағы нелер сатылады?

  • Тақтаға суреттерілінеді.

  • Сол бойынша санды өрнектер құрастыру және оларды салыстыру:

  • Әр қатардан 1 оқушыдан шығып санды өрнектер құрастырады және салыстырады.

  • Балалар салыстыру белгілерін кім маған атап береді?

  • «Артық», «кем», «тең».

1-қатар

2-қатар

3-қатар

3+4 = 2+5

6+6 > 8+3

4+4 < 2+8

  • Келесі тапсырма жұптық жұмысқа арналған.

  • Үш қатарға 3 бағандағы санды өрнектерді салыстыру беріледі. Орындап болған соң жұптар бір-бірінің тапсырмаларын тексереді. Дұрыс жауап тақтада көрсетіледі. Балалар өз жұмыстарымен салыстырады.

Шығарып көр.

18+1<13+7

5+3=4+4

2+0<0+5

7+10>10+2

16+2<14+5

18+1=0+19

50+40=40+50

30+60>70+10

20+80=90+10



Сергіту сәті


  • «Аяқпенен топ-топ-топ» сергіту сәтін орындау.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма


  • Дәптермен жұмыс:

  • Өрнектерге салыстыру белгілерін қой. Цифрды анықта:

Әр фигураның артында цифр жасырылған. Бірдей фигуралар бірдей санды білдіреді. Жасырылған цифрларды тауып көр. Санды өрнектер құрастыр.

Орындап көр.

Санды өрнектер құрастыру.


-2

-3

-5

-4


Оқулық

Сабақтың аяқталуы


«Өрнектің мәнін тап» ойынын ойнату.

Шарты:

Сынып оқушылары санды өрнектер мен мәндері жазылған парақтар таратамын. Оқушылар тақтаға шығып, әр өрнектің жауабы болатын парақшаны ұстаған оқушы орнына келіп тұрады.

Сұрақ-жауап:

  • Санды өрнектерді қалай салыстырамыз?

  • Салыстыру үшін қандай белгілерді қолданамыз?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз бүгінгі сабақта өз мақсатымызға жеттік пе?


Сабақтың соңы


«Блоб» ағашы арқылы сабақты қорытындылау.

  • Ендеше, бүгінгі сабақты қай деңгейде түсінгендеріңді «Блоб» ағашына белгілеңдер.


Бағалау

  • Оқушыларды мақтау, мадақтау;

  • Жетістік баспалдағын белгілеу.

  • Кері байланыс жүргізу.

























































Алматы қаласы

Әуезов ауданы

№119 мектеп-лицей



АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы:

«Санды өрнектерді салыстыру»









Сыныбы: 1 «Б»

Мұғалімі: Кенжебек Арайлым Ерболатқызы















2016-2017 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
1962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі