70% арзан
30% арзан

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сандық білім беру ресурстарын қолдану жөніндегі қорытынды есебі
«Бауыржан Момышұлы атындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің сандық білім беру ресурстарын қолдану жөніндегі қорытынды есебі
Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жалпы білім беру саласына түбегейлі жаңа талаптар қойып отыр. Бұл жайт өз тарапыннан сауатты оқытушылар мен оқытудың тың әдістеріне деген қажеттілікті арттыруда. Басымдыққа ие білім беру бағыттарының бірі - ақпараттық технологияларға негізделген оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістерін дамыту, оқу орындарын тиісті құрал-жабдықтармен, электронды оқулықтармен жабдықтау, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мұғалімдердің ақпараттық құзыреттілігін арттыру арқылы заманауи білім беру технологияларын енгізу. Сандық білім беру құралдарын пайдалану орынды, өйткені бұл оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді, білім сапасы мен мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеруге және білім беру үдерісіне қатысушылардың қарым-қатынастарын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Осы орайда мектеп ұстаздары мен оқушылары сандық білім беру ресурстарын оқу үдерісінде белсенді түрде қолданады. Жалпы мектеп электрондық оқыту жүйесі “E- learning жүйесіне қосылған. Е-learning- (ағылшынның Electronic Learning-сөзінен қысқартылған) электронды оқыту жүйесі. Электронды оқыту–оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасы. Ол оқушылардың дамыған электронды білім беру ресурстарының көмегімен өз бетімен оқу жұмысына негізделеді. Сонымен қатар мектепте «BilimLand» платформасы, «Kundelik.kz» платформасы, «Testter.kz» және т.б. білім беру платформалары жұмыс істеп тұр.
«BilimLand» платформасында түрлі материалдар әр сыныптарға, пәндер және тақырыптар бойынша бөлінген, әр оқушы өзіне қызықты тақырыпты еш қиындықсыз таба алады. Материалдар екі тілде ұсынылған – мемлекеттік және орыс тілінде, қазіргі таңда бұл платформадан 2-11 - сыныптарға арналған «Қазақ тілі», 5-11 - сыныптарға арналған «Қазақстан тарихы», 1-6 - сыныптарға арналған «Математика», «Алгебра», «Геометрия», 7-11 - сыныптарға арналған «Физика», 8-11 - сыныптарға арналған «Алгебра» «Химия», «Дүние жүзі тарих», «Ағылшын тілі», «География», «Дүниетану», «Жаратылыстану», «Қазақ әдебиеті», «Биология»,«Информатика» пәндері бойынша түрлі дәрістерді оқып, видео-сабақ көріп және сол тақырыпқа сай түрлі тапсырмаларды орындай алады. Ал мұғалім, оқушылардың орындаған тапсырмасын тексеріп, әр оқушыға электронды журнал арқылы білімдерін бағала алады. Сонымен қатар бұл платформада виртуалды лаборатория бар. Яғни зертханалық жұмыстар жүргізетін пәндерден әр оқушы қалауы бойынша түрлі зертханалық жұмыстарды көре алады. Осы платформаға мектептің барлық ұстаздары мен оқушылары тіркелген. Мектеп ұстаздары өздерінің сабақ кестелерін және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын енгізе алады. Мектеп бітіруші 11-сынып оқушылары үшін бұл платформаның тиімділігі, арнайы I-test бөлімінде оқушылардың ҰБТ-ге дайындығына арналған тест тапсрмалары бар. Тест тапсырмаларын шешу арқылы, оқушылар өз білімдерін тереңдетіп және қатемен жұмыс жасай алады.
«Kundelik.kz» платформасына келетін болсақ, оқушылардың бағалануы, сабақтарға қатысуы, білім деңгейлері, білім сапасы барлығы осы платформада тіркелген. Бұл платформа ҰББДҚ-мен бірдей мәліметтермен толықтырылған. «Kundelik.kz» платформасына әр пән мұғалімі ктж енгізіп, күнделікті сабақ өткізу барысында оқушылардың сабаққа қатысу білімдерін бағалап, оқушыларға үй тапсрымасын беріп отырады. Сонымен қатар мектептің білім сапасын осы платформадан көруге болады. Әр тоқсан сайын оқушылардың білім сапасы осы платформа арқылы қорытындыланып, тоқсандық есеп жасалынады. Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру. СБР – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.
«Testter.kz» платформасына келетін болса, бұл плаформада мектеп білім алушыларының білімдерін бағалау, қорытындылау барысында өте көп плаайдаланылатын платформалардың бірі. Бұл платформа арқылы оқушылар әр түрлі тест тапсырмаларын шеше алады. Біздің мектепте 4-9 және 11-сынып оқушылары осы платформа арқылы оқу жетістігін сырттай бағалау бойынша тест тапсырып дайындық жұмыстарын жүргізді. 11-сынып оқушылары бірнеше рет ҰБТ-ге дайындық ретінде, байқау сынақтарынан өтті. Және тест соңынада өздері жинаған ұпай сандарын көріп, қатемен жұмыс жасай алады. Тестты орындау уақыты мен күні алдын ала жоспарланып, белгіленген уақытта оқушылар тестты уақытылы тапсырып отырды.
Сандық білім беру ресурстарын пайдалану және қосылу бойынша жауапты мұғалімдер ретінде информатика пәнінің мұғалімдері бекітілген. Сонымен қатар, мектебіміз әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жасайды. Мектепте өткізілетін әрбір іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар мектептің әлеуметтік парақшаларында уақытылы жарияланып тұрады.
Мектептің әлеуметтік желілердегі парақшалары:
Инстаграмм: mektep34_semey
Фэйсбук парақшасы: КГУ «СОШ 34» им.Б.Момышулы
Мектеп сайты: 34-semey.edu.kz
Санды білім беру ресурстар-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.
· Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;
· Зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, интерактивті модельдерді пайдалану;
· Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;
· Сабақ үстіндегі оқушылардың СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.
Сандық білім беру реурстары – оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.
· Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі.
· Кез – келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды.
· Баяндама, ғылыми жоба, конференция, презентациялар дайындауда биологиялық объектілердің үлкен жинағы болып табылады. Оқушы сабаққа, сыныптан тыс жұмыстарға қажетті қызықты мәліметтер мен деректер жинақтай алады.
· Мультимедиялық анықтамалық – сөздіктерді, анықтауыш – атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.
· Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.
Оқушыларды қазіргі ақпараттық – технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сандық білім ресурсы мұғалімді алмастыра алмайды, бірақ мұғалімге қосымша материалдарды ұсынады, яғни сабақ мазмұнын ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың жаңа мультимедиялық мүмкіндіктерімен толықтыруға, оқушылардың назарын аса маңызды оқу тақырыптарына аударуға, қажет болған жағдайда оқушылардың назарын зерделенген көріністердің ерекшеліктеріне шоғырландыруға, оны көрнекі түрде көрсетуге, сабақтың мазмұнын қоғамда болып жатқан өзгерістермен, өмірлік тәжірибелермен, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарымен және т.б. құбылыстармен байланыстыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге сандық білім ресурстарын қолдану, оқыту сапасын тиімді түрде арттыруға мүмкіндік береді.

