Сандық және әріптік өрнектер

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сандық және әріптік өрнектер

Материал туралы қысқаша түсінік
Рационалды есептеу тәсілдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A-бөлім: Рационалды есептеу тәсілдері

4-ТОҚСАН

Мектеп: Ж.Тәшенев ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні : Ерболат Жанар

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:


Сынып:

Сабақ тақырыбы

Сандық және әріптік өрнектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.1.5 жақшамен және жақшасыз, 2-ден артық арифметикалық әрекеттен тұратын әріптік, сандық өрнектерді салыстыру

2.2.1.6 жақшамен және жақшасыз, екі/үш арифметикалық әрекеттен тұратын өрнек мәндерін табу және әрекет тәртібін анықтау

Сабақ мақсаттары

Жақшамен және жақшасыз, екіден артық арифметикалық әрекеттен тұратын әріптік және сандық өрнектердің мәнін табу, сандық және әріптік өрнектерді салыстыру.Өрнек мәндерін табудың әрекет тәртібін анықтау.

Бағалау критерилері

  • Екіден артық арифметикалық амалдан тұратын сандық және әріптік өрнектердің мәнін тапты

  • Өрнектерді өзара салыстырды

  • Өрнек мәнін табудың әрекет тәртібін анықтады

Тілдік мақсаттар

Тиімді есептеу тәсілі, амал комноненттерін орындаудың әрекет тәртібі, сандық және әріік өрнектер, алгаритм, артық, кем, тең.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек және жауапкершілік.


Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дене шынықтыру, жаратылыстану пәнімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Тиімді есептеу тәсілдері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Қызығушылықты ұйымдастыру



2 минут









2 мин














3 мин
























(Ұ, МК) Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты: оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, психологиялық ахуал тудыру.



Оқушылар шеңбер құрып бір-біріне сабақтан нені күтетіндігі туралы бір сөйлемнен айтып шығады.

-балалар, қалай ойлайсыздар, білімді жақсы меңгеріп, мақсатқа жету үшін не керек?

/Шульманның үш көмешісі/

-Олай болса, бәріңе саттілік тілеймін!



(Ұ) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мақсаты:Қима қағаздарда берілген өрнектер арқылы ұжыммен, топпен жұмыс істей білуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, берілген уақыт аралығын тиімді қолдануға, сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтй отырып, бағалау критерийлерін шығаруға дағдыланады.



Оқушыларға санды және әріпті өрнектер жазылған қима қағаздар таратылып беріледі де топқа бөлінулерін сұрайды.

Оқушылар алдымен екі топқа бөлінеді.



-Жарайсыздар, сіздер тапсырманы дұрыс орындадыңыздар.

Ендеше, сабақтың тақырыбы қалай деп ойлайсыздар?

Сабақтың тақырыбымен таныстыру

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Олар:

  1. Санды өрнектер

  2. Әріпті өрнектер

/Мұғалім әріпті өрнектердің бірнеше топқа бөлінуін сұрайды/



  • Балалар, қалай ойлайсыздар, екі өрнектің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

  • /Ұқсастығы екеуі де әріпті өрнектер, бірақ әріптері әр түрлі/.

  • -Дұрыс айтасыздар! Осы өрнектерді салыстыруға бола ма? Қайсысы артық? қайсысы кем? Әлде тең бе?

  • /Оқушылар бұл өрнектерді салыстыра алмайтындығын айтады. Себебі, әріпті өрнектің мәні белгісіз және берілген өрнектегі әріптер әр түрлі/.

  • -Қандай жағдайда біз әріпті өрнектерді салыстыра аламыз?

  • /Бірдей әріптік өрнектері бар әріптік өрнектерді/.

  • - Жарайсыздар, ендеше бүгінгі сабағымыздың мақсатымен таныс болайық.

Сабақтың мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.




Слайд



















Қима қағаздар







































слайд

Сабақ басы


8 мин

























2 мин





10 мин





















2 мин





5 мин




















(Ж,Ұ) Салыстыру.

Мақсаты: жақшамен және жақшасыз, 2-ден артық арифметикалық әрекеттен тұратын әріптік өрнектерді салыстыру

-Балалар, тақтада нені көріп тұрмыз?

/Әріпті өрнектерді көріп тұрмыз/.

-Әріпті өрнек деп қандай өрнектерді айтамыз?

/Құрамында әріпі бар өрнектер –әріпті өрнек деп аталады/.

а+(15-5):2 а+5

85-(20х2)+в 45+в

16+15х2-с 16+25:5-с

Тексеру:

  1. Оқушылар өрнектің мәнін табуда амалдардың орындау ретін түсіндіре отырып, өрнектерді жәй өрнекке айналдырады.

  2. Өрнектерді салыстырады, дәлелдейді.

  3. Дұрыс нұсқа бойынша оқушылар өз жауаптарымен тексереді. («Плюс-минус» әдісі бойынша)

Сергіту сәті: «Бірге биле!»

(Ө,Ұ) Өрнектердің мәнін табыңыз. Арифметикалық амалдардың әрекет тәртібін көрсетіңіз.

Мақсаты: жақшамен және жақшасыз, бірнеше арифметикалық әрекеттен тұратын өрнек мәндерін табу және әрекет тәртібін анықтау

-Балалар, бұл қандай өрнектер?

/Бұл санды өрнектер/.

-Санды өрнек деп қандай өрнектерді айтамыз?

/Сандар мен амалдардан құралған өрнектер – санды өрнек деп аталады/

16:4+2х(4-1):3 40х2:8

80-(18+3):3=77 54:9+10х4

81:9+5-4= 10 25-5х0+5

Тексеру:

  1. Оқушылар өрнектің мәнін табуда амалдардың орындау ретін түсіндіре отырып, өрнектерді оқиды, мәнін табады.

  2. Сандық өрнектерді салыстырады.

  3. Дұрыс нұсқа бойынша оқушылар өз жауаптарымен тексереді. («Плюс-минус» әдісі бойынша)

(Қ) Тест тапсырмасы.

1. Әріпі бар өрнек ________ деп аталады.

а)дұрыс;

ә)санды;

в)әріпті

2. қосудың терімділік қасиеті:___________________.

а)ахb=bxa

ә)a+b=b+a

б)(a+b)+c=a+(b+c)

3. өрнектің мәнін тап. 2xa-7, егер a=5.

а)3; ә)4; б)6

4. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті әріптің көмегімен былай жазылады:

а)a+(b+c)=(a+b)+c

ә)axb=bxa

б)a-b=b-a

Слайд









Даптермен жұмыс





























Бейнежазба













Дәптермен жұмыс

































Карточкалар














Сабақтың соңы

5 мин












(МК) Кері байланыс.

Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Маған сабақтың.........................бөлігі ерекше ұнады. Себебі,...................



Өзін-өзі бағалау

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау



«Бас бармақ» арқылы бағалау

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ережелерді, сұрақтарды өз бетінше құра алады.



Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2025
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі