жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Сандық және сапалық деректер» тақырыбында дөңгелек үстелге арналған баяндама."Деректерді әдістері".
Жетекші мектеп пен серіктес мектеп мұғалімдеріне арналған «Мұғалімнің тәжірибесін жетілдіру мақсатында қолданылатын сандық және сапалық деректер» тақырыбында дөңгелек үстел
Баяндама.Деректерді жинау әдістері.
Кажиакпарова Жазира Сағидоллақызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бірге жиналу —бұл бастама, Бірге болу — бұл ілгерілеу, Бірге жұмыс істеу — бұл жетістік.
Бүгінгі таңда білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап, білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған,ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,адамның қабілетін, талантын дамыту-заманның басты талабы.
Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде.
Сабақты зерттеу ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда пайда болған. Бұл тәсіл Макота Йошиданың Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жасаған таныстырылымынан кейін, 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты.
Тек өзінің күнделікті тәжірибесінің негізінде ғана мұғалім өзінің кәсіби қызметінде орын алған проблемалар мен қиындықтарды анықтай алады.
Зерттеу арқылы мұғалімнің іздену шараларының құны артады. Ол тәжірибені жетілдіруге бағытталған. Сабақты зерттеу – кәсіби білім алу үдерісі.
Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінің белгілі бір қырларын
жетілдіруге бағытталған арнайы педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың оқуына және прогресіне назар аударады. Сабақты зерттеу білім және тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға септігін тигізетін мұғалімдердің бірлескен жұмысын зерделеуді көздейді (Курамото, 2014).
Зерттеу мұғалімнің кәсіби тәжірибесін дамытудың қуатты құралдарының бірі болып табылады. Белгілі бір мәселені зерттей отырып, мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре алады. Зерттеу арқылы мұғалімнің пән бойынша білімі жетіліп, оқыту дағдылары жақсарады; оқушыларды қадағалау қабілеті күшейіп, күнделікті тәжірибесінің ұзақ мерзімді мақсаттарымен байланысы нығаяды.
Зерттеу ойлануды, талдауды, байланыс орнатуды, тексеруді көздейді. Зерттеу
– зияткерлік іс. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеу – рефлексиялық ойлау. Шебер зерттеужүргізуші ыждағаттылықпен еңбек етеді, мұқият қадағалайды, деректерді ұқыптылықпен жинайды, деректерді шынайы талдайды жəне ғылыми тұрғыдан орынды қорытынды жасайды.
Бүкіл әлемде мұғалімдер-сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдерін кеңінен қолданады және де соңғы кезде аталған тәсілдер Қазақстан мектептерінде де белсенді таралуда. Бұл тәсілдер мұғалімдерге өз тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік берумен қатар, олардың өзара ынтымақтастығын күшейтіп, бірлескен кәсіби шара жүргізудің; өздерінің зерттеушілік және тәжірибелік білімдерімен бөлісуге дайын шебер мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығын құрудың тиімді жолы болып табылады. Осы тәсілдерді жүзеге асыру арқылы мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибесін жетілдіре алады. Зерттеу нәтижелерін бірлесе талқылау барысында әріптестері ұсынған сындарлы кері байланыстың арқасында мұғалімдер өздерінің рефлексиялау және талдау дағдыларын жетілдіре алады.
Проблеманы зерттеуді бастаралдында бірнеше критерийлерді ескеру қажет болады. Ферранстың (2000) пайымдауынша,зерттеу мəселесі болып табылатын проблемалар:
өзекті болуы керек;
жоғары деңгейлі сұрақ болуы керек -иə/жоқ емес;
жаргондарды қатыстырмай, қарапайым тілді пайдалана отырып жазылуға тиіс;
қысқа болуы керек;
тəжірибелік маңызы болуы керек;
əлі жауабы болмауы керек.
Сабақты зерттеу және Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдері мұғалімдердің өзара ынтымақтастығын күшейтетінін атап өту маңызды.Үдеріс барысында бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасып, ол өз кезегінде мұғалімдердің кәсіби дамуға ұмтылысын күшейтеді.
Сабақты қадағалаушылардың назарына:
Сабақ
барысында мүмкіндігінше аз сөйлеу.
Сабақтың көңіл-күйін, оның ағынын жəне қорытындысын байқау үшін
сыныпта болу, сыртқа шықпау.
Оқушыларға тақтада немесе басқа да жерде жазылған, ілінген жазбалар мен
материалды, көрсетіліп жатқан іс-əрекетті көруге кедергі жасамау.
Оқушылармен қарым-қатынасты азайту. Оқушыға бірдеңені үйретуден
немесе көмек көрсетуден аулақ болу.
Педагогика саласындағы зерттеулердің ішінде тікелей тәжірибені зерттеуге бағытталған тәсілдердің, яғни эмпирикалық тәсілдердің маңызы зор. Бұл тәсілдер озық педагогикалық тәжірибені зерделеуде, сондай-ақ мұғалім өз тәжірибесінің белгілі бір қырларын зерттегенде қолданылады. Зерттеу қызметі мұғалімге өзінің оқыту және оқушылардың оқу тәжірибесінің қыр-сырын бағамдауға жол ашады.
Зерттеу нәтижелері, оларды мектептегі немесе кәсіби қоғамдастықтағы әріптестерімен талқылау мұғалімге өз тәжірибесіне сын көзбен қарауға түрткі
болып, оны жетілдіру жолдарын іздеуге және жалпы алғанда кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандырады.
Сабақты зерттеу тәсілі бастауыш және орта мектептерде барлық пәндер аясында қолданылады. Тәсіл аясында басты назарда «сабақты зерделеу» үдерісі тұрады. Зерттеу сабағының жоспарын барынша мұқият, егжей-тегжейлі әзірлеу ұсынылады.
Жапония тәжірибесінде оқуға жетекшілік ету жоспары қолданылады. К.Льюистің айтуынша, оқуға жетекшілік ету жоспары сабақты өткізу, қадағалау және талқылауды бағыттайды
Сабақты зерттеу барысында туындайтын мәселелерді тіркеп отыруды көздейді. Оның күнделікті қолданылатын сабақ жоспарына қарағанда, функциясы анағұрлым кеңірек. Себебі оқуға жетекшілік ету жоспары – кешенді, оны бір-бірінің ішінде тұратын үш шеңбер ретінде қарастыруға болады: бірінші ішкі шеңберде – зерттеу сабағының жоспары,оның сыртындағы шеңберде – тараудың жоспары, ал осының бәрін қоршап тұрған ең сыртқы шеңберде оқыту жоспары (Lewis, 2002).
Сыныпты қадағалаудың сандық жəне сапалық тəсілдері:
Сандық жəне сапалық зерттеулердің ерекшеліктері
Сандық |
Сапалық
|
Зерттеушілер – «ғалымдар» |
Зерттеушілер – «жаңалық ашушылар» |
«Қатаң» деректер (мысалы, сандар) |
«Жұмсақ» деректер (мысалы, сөздер) |
Объективті |
Субъективті |
Түсініктемелік |
Ізденушілік, зерттеушілік |
Болжамды тексеру |
Болжам ұсыну |
Бір ұғым – бір нəтиже |
Қанша адам – сонша пікір |
Жалпылауға келетін нəтиже |
Ерекше, өзіндік нəтиже |
Бір ақиқат |
Бір ақиқат Түрліше |
Ақиқат «өлшеуге келеді» |
Ақиқат күрделі əрі құбылмалы |
Оқушылардың ненің тиімді болғаны, нені үйренгенін, меңгергенін сезгені туралы пікірін біліп, сонымен қатар оның тиімділігін одан да арттыру үшін сабаққа қандай өзгеріс енгізуге болатыны туралы ойларын есту мақсатында зерттеу сабағынан кейін Сабақты зерттеу тобының мүшелері бақылауға алынған балалардан сұхбат алады.
Оқушыларға қоюға болатын сұрақтар:
Осы сабақта саған бəрінен де не ұнады?
Не үйрендің? Бұған дейін істей алмаған не істей аласың?
Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы істей аласың?
Мұғалімнің қандай сөзінен кейін сен мəселені түсіндің?
Сабақтың қай жерінде сен өзіңнің (қарастырылып жатқан тақырыпты,
орындалып жатқан жаттығуды, əрекетті) түсінгеніңді түсіндің?
Қандай мəселе саған қиын немесе күрделі болып көрінді?
Бірнəрсені жақсы істегеніңді қалай білесің?
Сабақты зерттеу үдерісіне қатысу мұғалімдердің түрлі білімі мен дағдыларының жетілуіне септесе алады. Айталық, оқушылардың жұмысына қолдау көрсету, бүкіл сынып қатысатын пікірталас ұйымдастыру, өз сабақтарында оқушылардың бір-бірімен барынша қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, білім беру бағдарламасын іске
асыру жəне өзінің пəндік білімдерін жетілдіру тұрғысынан мұғалімдерге зерттеу сабағын бірлесіп жоспарлау ісі де пайдалы болмақ.
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы ісәрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Қазіргі жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді.
Білім алу, күнделікті жаңа бір нәрсе үйрену, білу - ақылды адамның ісі. Сол алған біліміңнен ләззат алу, жаңа үйренген нәрсеге қуана білу, білімге құштар болу, адамның өзді өзінің жан - жақты дамуына апарар жол.
Өзімнің пайымдауымша диалогті оқытуда үнемі пайдалану керек. Себебі оқушылардың білімге деген қызығушылығы оянады.Сабақ үдерісінде диалогтің жүргізілуі білім берудің сапасына жақсы әсер етеді.
Менің іс-тәжірибемде диалог көбіне топтық, жұптық жұмыстарда көрініс тауып жүр. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен тығыз байланыста болып, талқылайтын әңгімелерін жүргізіп отырды. Бір-бірінің ойларын, толықтырды. Қорыта айтқанда, сабақ барысында оқушылар арасында, оқушылармен жүргізілген диалогтің білім беру үдерісінің алға жылжуына көп пайдасын келтіреді.
Қазіргі кезде алғашқы орында білім сапасы тұруы тиіс екенін елбасымыз да әр сөзінде айтып өтеді. Қазіргі заман талабы өте күшті болып тұр. Қазіргі күш тек білімге жұмсалуы тиіс.Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады. Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет.
«ҮЗДІК» САБАҚТЫҢ АЛТЫ БЕЛГІСІ
1.Керемет сабақтарда əдетте оқушылардың барлығы бүкіл сабақ бойы белсенді жұмыс істейді.
2. Оқыту орынды, ақпарат беретін жəне мақсатқа бағытталған болуы керек 3. Оқушыларға сабақ ұнайды жəне оларды өздерінің оқулары қызықтырады
4. Оқушылардың табысқа қол жеткізуі
5. Бағалау оқыту мен оқуға тиімді əсер етеді 6. Мұғалімнің сұрақтары оқушылардың ойлау
Оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын. «Әрбір бала –бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» деген аталы сөзді ұстанамын.
12.02.2020 жыл
Тұжырым өзегі
Өзіңіздің сыныбыңыз немесе мектептегі рөліңіз туралы ойлана отырып, төмендегі
сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
1.Мен ___________________________________________________________________
_______________________________________________________________өзгерткім келеді.
2.Тəжірибемді __________________________________________________________
_______________________________________________________арқылы жетілдіре аламын.
3.Менің сыныбымдағы оқушыларға __________________________________________
________________________________________________________________________қажет.
4.________________________________________________________________________
___________________________________________________________ туралы білгім келеді.
5.Мені ___________________________________________________________________
________________________________________________________________ қызықтырады.
6.Оқытудағы аса маңызды мəселе – ___________________________________________
_____________________________________________________________________________
7.Оқушылар үшін аса қолайлы оқу ортасы – ол _________________________________
_____________________________________________________________________________
8.Қазіргі кезде мені ________________________________________________________
____________________________________________________ сияқты сала қызықтырады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген