Сандық технологиялар және онлайн мәдениет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сандық технологиялар және онлайн мәдениет

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің маңыздылығын ұғындыра отырып, оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру; Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:


Сандық технологиялар және онлайн мәдениет


Мұғалімнің аты-жөні: Кудияров Тимур


Өтетін күні:

Сыныбы: 12

Сабақ мақсаты:

- Білімнің маңыздылығын ұғындыра отырып, оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру;

- Ақпараттық технологияларды қолдана отырып, цифрлық сауаттылығын арттыруға ықпал ету

NIS құндылақтары іс-әрекетте:

Құрмет, Жаһандық азаматтық

Күтілетін нәтиже

Оқу-білімге ынтасы артады және ақпараттық технологияларды қолдана білуге дағдыланады

Ресурстар

https://learningapps.org/display?v=pbgirnw2c19

https://learningapps.org/display?v=paq345koj19

Linoit.com бағдарламасындағы топтарға арналған тапсырмалар, наутбук, ютуб, google, үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта, бейнебаян, А4 парақ, флипчарт, магнитті тақта, маркер, «Блоб» ағашы, стикер

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 минут)

  • Сәлемдесу

Сәлеметсіздер ме, «Ордабасы» шаңырағының оқушылары! Бүгін бізде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілері қонақта. Сіздермен кезекті шаңырақ сағатында қауышқанымызға қуаныштымыз.

  • Түгелдеу

ІІ. «Комплимент» ойыны (3 минут)

Ал, енді барлықтарыңызды ортаға шақырамыз. Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бірінші тұрған бала көршісінің атын атап, атының алғашқы әрпінен басталатын сөзбен бір комплимент айту керек. Мысалы, Дамелия-сен дарындысың, Айжан-ақылдысың, т.б.













Сабақтың ортасы


ІІІ. Топқа бөлу:

Сабақ тақырыбына байланысты нақыл сөздерді құрастыру арқылы 4 топқа бөлу (2 минут)

Білімпаздар тобы. Еліміздің болашағы - білімді жастардың қолында.

Өнертапқыштар тобы. ХХІ ғасыр-озық технологиялар ғасыры.

Болашақ тобы. Болашақ қазірден бастап қалану керек

Көшбасшылар тобы. Егер сіздің ойыңызға мықты идея келсе, көп ұзамай іске кірісіңіз. Билл Гейтс

ІV. Топқа ат беру (кюветкада көрсетіілген топ атаулары бойынша отырғызу)

1топ- Білімпаздар

2 топ- Өнертапқыштар

3 топ-Болашақ

4 топ-Көшбасшылар

ережелерін құрастыру

V. Топ ережелерін құрастыру (2 минут)

VІ. Сабақтың тақырыбын анықтау (2 минут)

«Ғажайыптар алаңы» ойыны арқылы әріптерді таба отырып, тақырыпты анықтау (https://learningapps.org/display?v=pbgirnw2c19)


Куратордың кіріспе сөзі:

  • Ендеше, шаңырақ сағатының тақырыбы: «Білімге сенген заман және цифрлық сауаттылық»

  • Тақырыпты анықтадық, енді сабағымыздың мақсатын бірге айқындайық?


  • Жер бетіндегі адамзат ғұмыры сан алуан оқиғаларға толы. Көне дәуірден осы заманға дейін адамдар күнделікті тірлікті жеңілдету үшін түрлі әдістер мен амалдарды ойлап тапты. Мысалы, бір кездері ата-бабаларымыз ұшатын кілемді ертегілерде айтып, армандаған болса, бұл күнде сол армандар ақиқатқа айналды.

  • Қазіргі компьютер, интернет, цифрлы Қазақстан деген ұғымдар

бұрын болып па еді? (жоқ)

  • Ал, бүгінгі таңда жаңа технологиялар қуса жеткізбестей қарқынмен дамып жатыр. Бүгін үйренген білімің ертеңгі күні жарамсыз болып қалса, таң қалуға болмайды. Тарихтағы алғашқы компьютерлер үлкен бір бөлменің көлеміндей алып болған болса, қазір көзге көрінбестей қалыпта жасалуда. Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың, әрі қолжетімді техникамен технология түрлерін әкелуде. Осының бәрі ненің арқасында деп ойлайсыздар? (білім, ғылым)

Иә, басқа да адамның түсіне кіріп шықпайтын небір таңғажайып ғылым жаңалықтары әлі де өмірге келуі мүмкін. Солардың бірқатарының авторы сіздер болып жатсаңыздар ғанибет емес пе?!


VІІ. Топтық жұмыс


Тапсырма: (20 минут)

Интернеттен берілген тақырыпты ашатын және оның адам өміріндегі маңыздылығын көрсететін сурет, нақыл сөздер, бейне-роликтер тауып, стикерлерге өз ойларын жазып, жұмыс алаңын толтыру.

Критерийлер:

  • Тақырыпты аша білу;

  • Топ ережесін сақтау;

  • Қысқа да мазмұнды баяндама жасау;

  • Жұмысты 3 минут ішінде таныстыру


Linoit.com бағдарламасы арқылы әр топқа алдын ала дайындалған тақырып бойынша тапсырмалардың сілтемесі таратылады.


Өнертапқыштар тобы


http://linoit.com/users/sedaabilova86/canvases/

%D3%A8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BF%D2%9B% D1%8B%D1%88%D1%82%D0%B0%D1%80

«Әлемге әйгілі 5 өнертапқыш»


Көшбасшылар тобы.



http://linoit.com/users/sedaabilova86/canvases/

%D0%9A%D3%A9%D1%88%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80

«Цифрлық сауаттылықтың тиімділігі»

Болашақ тобы.


http://linoit.com/users/sedaabilova86/canvases/

%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B0%D1%88%D0%B0%D2%9B

«Қазақстан- 2050» менің көзіммен

Білімпаздар тобы. http://linoit.com/users/sedaabilova86/canvases/ %D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%BF%D0%B0%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80

«Білімді оқушы моделі»


VІІІ. «Иә, жоқ» ойыны

  1. Асқар Жұмаділдаевтың математика ғана емес, тарих пен әдебиетке де біршама жақындығы бар. Қазақ ұлтының шығуы, тарихи қалалар жайында көптеген мақалалар жазған. Арасында өлең жазатын әдеті бар (иә)

  2. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Қазақ КСР-нің тұңғыш президенті (жоқ, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті)

  3. Нұрсұлтан Назарбаев мектепті үздік аттестатқа бітірген (жоқ, орыс тілінен төрт алған)

  4. Абай Құнанбайұлы 13 жасында ел басқару жұмысына араласқан (иә)

  5. Димаш Құдайбергенұлы “Americana” білім орталығында ағылшын тілін оқыған. Содан да болар, ағылшын тіліндегі әндерді еркін айтады (иә)

  6. «Менің атым Қожа» фильмінің бас кейіпкері Қожаның рөлін сомдаған әртіс Абдолла Қарсақбаев (жоқ, Абдолла Қарсақбаев «Менің атым Қожа» фильмінің режиссері)

  7. Алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген (иә)

  8. Өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, сол мақсатта алғаш мектеп ашып, оқулық жазған ағартушы Ахмет Байтұрсынов (жоқ, Ыбырай Алтысарин)


ІХ. Мақал-мәтелдің жалғасын тап

  1. Кітап - алтын қазына.

  2. Киіміне қарап, қарсы алады,

Біліміне қарап шығарып салады.

  1. Күш — білімде, білім — кітапта.

  2. Ғылым — теңіз, білім — қайық.

  3. Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

  1. Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Х. «Жұбын тап» ойыны

https://learningapps.org/display?v=paq345koj19

(топтар уақыт жылдамдығына берілген суреттер мен сұрақтарды сәйкестендіреді)

Сұрақтар:

  1. Моңғол империясының шаңырағын алғаш көтерген кім? (Шыңғысхан)

  2. Ежелгі Римның саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. (Гай Юлий Цезарь)

  3. Apple корпорациясының негізін қалаушы (Стив Джобс)

  4. Электр шамын алғаш тапқан өнертапқыш (Томас Эдисон)

  5. Сән үйінің негізін қалаған атақты француз дизайнері (Коко Шанель)

  6. Белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы (Асқар Жұмаділдаев)

  7. Француз ғалымы, радиоактивті сәуле шығару құбылысын ашқан (Антуан Анри Беккерель)

  8. Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі (Архимед)

  9. Орыс патшасы, Ресей императоры, қолбасшы, реформатор (І Петр)

  10. Туылғанына 175 жыл толатын қазақтың ағартушысы, ақыны және композитор (Абай)

  11. «Үркер» романының авторы, Маңғыстау өлкесінің тумасы

  12.  Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі екінші бай адам (Билл Гейтс)

  13. Қазақстандағы «Синергия» университетінің Бас директоры (Бауржан Касымбергебаев)

  14. Ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері (Талғат Мұсабаев)

  15. Facebook компаниясының негізін қалаушы (Марк Цукерберг)





Сабақтың соңы


Қорытынды

Балалар, біз сіздермен сабақ барысында бірлесе отырып топта ынтымақтаса жұмыс жасадық. Алдағы уақытта да шаңырақ болып, ұжымдаса «бір кемедегі теңізшілер» секілді еңбек етсек, биік жетістіктерге жетіп, талай шыңдарды бағындырамыз деп сенеміз.

Елімізді дамыту, оның өркендеу жолында бар білімімізді сарп ету-азаматтық парызымыз. Ел болашағы жастардың қолында екенін ескерген ұлт көшбасшысы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялап, білімді жастарға зор үміт артуда. Әрдайым бізге сенім білдірген ата-анамыздың, ұстаздарымыздың, Елбасының үмітін ақтауға ұмтылайық. Бүгінгі шаңырақ сағатына белсенді қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет.

«Пазл» әдісі арқылы сабақ туралы пікірлерін жазу



Талдау үшін қосымша ақпарат

Дифференциация арқылы оқыту. Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

NIS құндылақтары іс-әрекетте (тәрбие элементі).




Рефлексия.

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциация сәтті жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі