400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Сандық технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабаққа көмекші құрал бола алатын платформалармен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сандық технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану.


Бүгінгі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі қалыптасуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық теориясы мен тәжірибесіндегі елеулі өзгерістермен қатар жүреді. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. 

  Сандық білім берудің басты мақсаты - әр оқушыға оның қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес сапалы білім беру, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу, білім беру процесінде олардың белсенді позициясын қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың заманауи ойлауын, танымдық қабілеттерін қалыптастыру.

Осы жұмысым арқылы мен сандық технологиялардың бірнеше түріне тоқталып, оларды қалай қолдануға болатындығын көрсетіп кеткім келеді. Өйткені қазіргі таңда осындай көмекші құралдардың арқасында оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы арта түспесе, кемімиді. Ал ұстаздардың ізденушілігі мен талпынысының арқасында білім сапасы одан әрі жетіле түсетініне мен кәміл сенемін.



Мысал үшін бірнеше платформа түрлерін алдым.

WordWall- бұл интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған көп функциялы құрал. Көптеген шаблондар интерактивті және баспа нұсқаларында қол жетімді.

Padlet- онлайн қызметі сіз немесе кез келген адам өз қолтаңбаңызды қалдыра алатын, суретті тіркей алатын, файлды немесе хабарландыруды орналастыра алатын қалалық қабырғаның тікелей сандық ұрпағы болып табылады. Padlet -бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға шығаруға, ал мұғалімге-оған көп уақыт жұмсамай және ауыр дәптерлерді жинамай-ақ, әр мұғалімге түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік беретін қызмет.

Flippity – интерфейсінің көмегімен сіз оқуға арналған түрлі интерактивті жаттығулар жасай аласыз. Айта кету керек, Flippity функциwоналдығы бірнеше танымал веб-қызметтердің мүмкіндіктеріне ұқсайды: LearningApps, Quizlet, Jeopardy. Қызмет ақысыз, тіркелу қажет емес, кейбір жаттығуларды басып шығаруға болады, жаттығулардың әрқайсысы үшін барлық қажетті нұсқаулар мен демонстрациялар берілген.

Жұмысымда осы және де басқа түрлі сандық технологияларды қолдана отырып, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор екендігін айтқым келеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
23.05.2023
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі