Алматы қаласы, Әуезов ауданы
А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Турганова Н.М.
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сандық технологияны қолданудың тиімді әдістері»
ХХІ ғасыр-сандық технологиялар заманы. Ақпараттық технологиялар қарыштап, озық инновацияның дәуірі келді. Еліміз дамыған елдің қатарына енуі үшін де сандық технологияның дамуы ауадай қажет. Келешекте ел дамуының негізгі факторлары да осы саламен байланысты болмақ. Сол себепті де білім саласына сандық технологияларды енгізу-маңызды мәселе болып отыр. Әсірісе мемлекеттік тілді үйретуде сандық ресурстарды орынды қолданып, оқушылардың еркін сөйлеуіне, сауатты жазуына, мемлекеттік тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер тудыру қажет.
Яғни оқытудың қосалқы (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық құралдар т.б.) құралдары. Бұл салада жеткілікті хабар және оны басқару үшін қажетті дағдыларға ие болу керек.
Мектептегі технологиялар мынан қамтиды:
-теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, ғаламтор, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбуктар, сілтемелер мен сайттар, білім беретін қорлар т.б.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары негізгі үш бөлікті құрайды. Олар: кіріспе, негізгі, қорытынды. Осы аталған үш бөлімде сандық білім беру ресурстарын қалай тиімді ұйымдастыруға болады деген сұрақ пайда болады. Оның жауабын былай қарастырып көрейік. «Қызығушылықты ояту» кезеңінде (Evocation) үйренушілер білім процесіне ниеттенеді, айрықша көңіл аударады, жаңа материалды игеруге ынталанады. Бұл кезеңде мынадай үш мақсат жүзеге асырылады:
1.Қарастыратын тақырып бойынша үйренушілер бұрынғы білімдерін есіне түсіреді;
2.Үйренушілер белсенді әрекеттерге жұмылдырылады;
3.Үйренудің мақсаттарын айқындау арқылы үйренушілер ойлау жұмысына ынталандырылады;
Осы қызығушылықты ояту кезінде көмекші құрал ретінде қандай сандық білім беру ресурстарын пайдаланған жөн деп ойлайсыз? Мен бұл ретте classtools.net, learningapps.org сайттарын пайдалануға кеңес беремін.
Біріншіден, learningapps.org сайтында «әріптен жаңа сөз» (сабақ тақырыбын болжау)

Екіншіден жаңа сөздерді үйретуде learningapps.org сайтында «жұбыңды тап»

Үшіншіден, белсенді ойындар ұйымдастыруда classtools.net сайтындағы «балық қаңқасы» (мәселелерді анықтау және шешімін табу)

Төртішіден, блог жазар кезде WORDPRESS.COM сайты

Бесішіден, рефлексия жазуда classtools.net сайтындағы бургер диаграммасы(рефлексия)

Сандық ресурстарды сабақтық әр кезеңінде қалай тиімді қолдануға болады? деген сұраққа жауап бере кететін болсақ, 6-сыныптағы «Ең үлкен байлық» тақырыбында өтілген сабағыма тоқталайын.
Сабақ басында өткен сабаққа кері байланыс ретінде learningapps.org сайтында берілген тапсырмалар арқылы өткен білімдерін еске түіріп, барлық оқушыларды тез арада бағалауға мүмкіндік туды.
Жаңа тақырыпты меңгерту үшін padlet тақтасын тиімді қолдануға болады. Тақтаға алдын ала тыңдалым мәтініне сай видео жүктеп қоясыз. Жүктелген видеоны қажет кезінде сілтеме арқылы оқушыларға жіберіп, олар бұл ертегіні түсінді ме, жоқ па кері байланыс ала аласыз. Олар видеоны көріп астына сұрақ не пікір қалдыра алады. Оқушылардың білімін бағалауда classtime.com сайты өте тиімді. Түрлі тест, сәйкестендіру тапсырмалары арқылы оқушыларды бірден бағалап, нәтижесін көруге болады. Бұл сабақтың тәжірибе және рефлексия кезеңдері classtime.com сайты арқылы жүргізілді.

classtime.com сайты арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға да болады. Мысалы бір кітапты оқуға берсеңіз. Ол кім түгел, кім жартылай оқыды, қандай ой түйгенін барлық сыныптан бірдей уақытта анықтап нәтижесін шығаруға болады.
-Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман, - демекші тұлға қалыптастыруда жан-жақты біліммен қаруланған заманауи ұстаздың болуы міндет. Егер мұғалім өз сабағында жоғарыда көрсетілген сандық білім беру ресурстарын тиімді пайдалана алса, оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындары сөзсіз. Ол мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты демекпін.
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІІ деңгей.
2. Оқытудағы интербелсенді әдістер-тәсілдер. Астана, 2014 жыл.
3. http://www.classtools.net/random
4. http://learningapps.org/display?v=pumcc42r516
5. http://learningapps.org/display?v=pvx8egaxa16
6. http://www.classtools.net/education-games-php/fishbone
7. wordpress.com
8. http://www.classtools.net/education-games-php/burger
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сандық технологияны тиімді қолдану

шағым қалдыра аласыз