400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Сандық заңдылықтарды анықтауға арналған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: а) Заңдылықтарды анықтауға білім мен білік дағдыларын қалыптастыру. ә)Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. б) Ұқыптылыққа , тазалыққа баулу. Күтілетін нәтиже: Заттардың қасиеттерін, белгілері мен ортақ нысандар тобын анықтайды. Есте сақтау түрлері,зейіні қалыптасады, байқағыштығы дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сынып.

Тақырыбы:Сандық заңдылықтарды анықтауға арналған тапсырмалар.

Мақсаты:

а) Заңдылықтарды анықтауға білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

ә)Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Ұқыптылыққа , тазалыққа баулу.

Күтілетін нәтиже:

Заттардың қасиеттерін, белгілері мен ортақ нысандар тобын анықтайды.

Есте сақтау түрлері,зейіні қалыптасады, байқағыштығы дамиды.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Психологиялық дайындық

Бізге ашық күн керек,

Аспан керек мөп-мөлдір.

Қуанышқа тұр бөлеп,

Бақытты өмір төккен нұр.

III. Ми гимнастикасы

«Ойлану бас киімі»

«Бас киімді ки» немесе құлағыңды жоғары нүктеден төменгі нүктеге дейін жұмсақ ұста. Осылай үш рет қайтала.

IV.Ширату

1.Жисақ –таяқ ,

Жазсақ – сая. (қолшатыр)

2. Қабат –қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (кітап)

3.Құстай ұшар,

Қанатты темір тұлпар. (ұшақ)

4.Қалың киімді ұнатар,

Шешіндірсең жылатар.(пияз)

Тапсырма № 1

Сандардың ішінде біреуі жоқ. Сол санды ата. (13)

Тапсырма № 2

Әр қатардағы сандар қалай орналасқанын мұқият қара. Әр қатарда кем дегенде 12 сан болатындай етіп жалғастыр:

а) 11, 16, 21, 26, ___________________________________________

ә) 2, 3, 6, 7, 10, 11 , _________________________________________

б) 10, 11, 15, 16, 20, 21, _____________________________________

Тапсырма № 3

Кестелерге жетпей тұрған сандарды жаз:

а)

2 6 12 20 24 30 38

ә)

10 8 11 9 12 10 13

Көңілді үзіліс

(Ән ырғағымен би қозғалыстарын жасау)

Біздер тату баламыз,

Гүлдей жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.



Тапсырма № 4

Әр қатардағы заңдылықты анықтап , әрі қарай жалғастыр.

Тапсырма № 5

Орналасу заңдылығын салыстыру арқылы анықта. Бос орынға тиісті фигураның суретін сал.

V.Үй тасырмасы:

Геометриялық фигуралардан суреттер құрастыру.

VІ.Қорытынды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі