400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

сандықты безендір(ою-өрнек)

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері үшін салт дәстүр туралы қосымшы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облысы.Орал қаласы.

Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің

МАД 0 «Б» тобы тәрбиешісі: Адилова Самал Сансызбаевна.

Білім беру саласы :Шығармашылық.

Білім беру бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Сандықты безендір (ою өнері)

Мақсаты: Әлем халықтарының ұлттық ойыншықтары мысалында затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образдысәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу)

Қолданылатын көрнекі құралдар: сандықтың суреттері, ермексаз, қатырғықағаз, пышақ, майлық, ұқыптылық, домалақтау, тегістеу, техника қауіпсіздігі.

Алдын -ала жүргізілетін жұмыс: сандық туралы әңгіме жүргізу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: сандық-сундук-chest

Оқу қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбер:

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,қайырлы күн,

Күліп атты күн бүгін!

Жыл мезгілін,апты күнін,ауа-райын сұрау.

Бірге қайталайды.


Балалар жауап береді.

Ұйымдастырушы

лық-ізденістік












Ғажайып сәт:

Ауылдағы әжейден хат келеді.

«Сәлеметсіңдер ме,балаларым!Менің сандығым бұзылып қалды,сендерді шебер балалар деп естідім.Маған сандық жасап берсеңіздер риза болар едім!»

-Әжейге көмектесеміз бе?

Cуретпен жұмыс:

Қазақ халқының баспанасы –киіз үймен, оның ішіндегі жиһаз жабдықтарымен таныстыру. Сандық бізге сонау ескі заманнан жеткен. Халқымыз оны әлі күнге дейін пайдаланады.

Жұмбақ жасыру:

Кіруге адамбатпайды,

Затыңды аман сақтайды.(сандық)


(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс.

2-тапсырма. Киіз үй қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне сай жабдықталған. Сандық ұлттық ою-өрнектермен нақышталған.

(Ұ) Талқылау.

Қазақтар ұзатылатын қыздың жасауына міндетті түрде сандық қосқан. Оның үстіне көрпеше, көрпе-жастық жиналады. Төсек-орынды қыздың жақын туыстары дайындайды.

Әліппе-альбом Ұ, Т, Ө) Сандықтың өзіне тән ерекшеліктерімен танысу

(тікбұрышты, қақпағы бар, ұлттық ерекшеліктерге сайбезендірілген).

(Ұ) Ойын-жаттығу: «Иә – жоқ».

Ермексазбен және пышақпен жұмыс істеу ережелерін талқылау, балалар ережелерді естеріне түсіріп,талқылап, түсіндіреді.

(Ұ, Ө) «Мүсіндеу алгоритмін балалармен бірге талқылау»

1. Сандықтың негізгі бөлігін қатырғықағаздан қиып,жапсырып аламыз.

2. Ермексаздан кішкене кесіп алып, пластина жасаймыз.

3. Қапталын пышақпен кесіп, дайындаған

қатырғықағазға жапсырамыз.

4. Қара түсті ермексаздан бірнеше ширатпа дайындап аламыз. Бұл безендіру үшін қажет.

– Ширатпаны қандай тәсілмен дайындаймыз?

5. Сандықты баланың таңдауы бойынша ою-

өрнектермен безендіреміз (мүйіз, ботагөз).

6. Құлып жасаймыз.

Сергіту сәті: «Қара жорға»биі.

(Т, Ө) Ой қорыту.

Сандықтың барлық бөліктері бір-біріне сәйкес,

үйлесімді әрі тегіс болуы шарт.

Бөлшектерді қандай тәсілмен біріктіреміз? (Жағу арқылы).

Билингвалды компонент: сандық-сундук-chest

(Ұ, Ө) Шығармашылық минуты.

Өз жұмысыңды қалай безендіретініңді ойлан.

Ойын-жаттығу: «Сандықтың ішінде не бар?...

Әжейге сандық жасап беруге келіседі.


Суретке қарап мұқият тыңдайды.


Жұмбақтың жауабын айтады.



Әліппе дәптермен жұмыстанады.




Ойынға қызыға қатысады.









Жұмыс ретімен танысады.




















Сергіту сәтін қимылмен орындайды.



Балалардың жауаптары.

Үш тілде қайталайды.


Ойынға қатысады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Ұ, Ө) Балалар жұмыстарының көрмесі.

«Шебер қолдар»

Педагог балаларды жұмыстарды талқылап, бұйымдарға баға беруге шақырады.

1. Жұмысына көңілі толғандар қалпақты жасыл түспен бояйды;

2. Қиналғандар қызыл түспен бояйды.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: ермексаздан бұйым, сандық жасай алады;бұйымның бөліктерін бір-бірімен құрастыра алады

Түсінеді:бөлімдердің пішінін айнытпай салып, бір-біріне мұқият бекітеді; жеке-жеке элементтерден композиция құрастырады.

Қолданады: ашық, өзіне тән белгілерін ашып көрсете алады










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі