400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сәңқой түлкі"

Материал туралы қысқаша түсінік
түлкі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары:шығармашылық,таным. Бөлімі: мүсіндеу. Тақырыбы: Сәнқой түлкі. Мақсаты: ертегінің композицияларын мүсіндеуді бекіту. Міндеттері: жеке бөлшектерді біріктіре отырып түлкіні бейнелеуді үйрету; ермексазды илеу, домалақтау, созу, пішінге келтіру тәсілдерін жетілдіру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру; жануарларға қамқор болуға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: жасайды: жеке бөлшектерді біріктіру арқылы түлкіні мүсіндейді; түсінеді:аңдарға қамқор болу керектігін, достық қарым-қатынас жасауды; қолданады:бөліп алу, илеу, домалақтау, созу, пішінге келтіру тәсілдерін. Қолданылатын көрнекі құралдар: түлкінің суреті, лестірмелі материал, ермексаз, тақтайша, сулық. Сөздік жұмыс: сәнқой. Билингвальді компонент: сәнқой – модница, түлкі – лиса, көйлек – платье. ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері. Қайырлы таң, көгім менің! Қайырлы таң, күнім менің! Қайырлы таң, бақшам менің! Қайырлы таң, досым менің! 2. Негізгі кезең. – Балалар, мен сендерге ертегі айып берейін. 34 Орманда бір сәнқой түлкі болыпты. Ол сәнденіп жүргенді жақсы көреді екен.Оның сылаңдаған әдемі түріне,сәнді көйлектеріне аңдардың бәрі қызыға қарайтын болыпты. Ол көйлекті жақсы тігетін еді. Басқа аңдар да көйлек тігіп беруін сұрайды. Бірақ ол өзім ғана әдемі болып жүрсем деп ойлап, оларға көйлек тігіп бергісі келмепті. Жануарлардың бәрі одан теріс айналады. Содан сәнқой түлкі жалғыз қалыпты. Мен сол түлкіден хат алдым. Хатта: «Мен барлық жануарларды ренжітіп алған сияқтымын. Мен жануарлармен қайта достасқым келеді. Маған олармен достасуым үшін не істеуім керек?» – деп сұрайды. – Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар? Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. – Сәнқой түлкінің бөлмесі қалай жабдықталған? – Айнада не ілулі тұр? – Біз осы сәнқой түлкіні мүсіндеп, айнаның алдына орналастыруымыз керек. Сөздік жұмыс: сәнқой. Билингвальді компонент:сәнқой–модница, түлкі–лиса, көйлек–платье. Сергіту сәті. – Түлкі,түлкі,түлкішек, – Түнде қайда барасың? – Апам үйіне барамын. – –Апаң үйі не берер? – Ешкі сауып, сүт берер. – Лақ сойып, ет берер. – Оны қайда қоясың? – Тал түбіне қоямын. – Ит жеп кетсе қайтесің? – Бақан ала қуамын. – Жеткізбесе қайтесің? – Жылай-жылай қаламын. Педагог балалардың назарын түлкіні мүсіндеу ретіне аударып, сурет арқылы және мүсіндеп көрсете отырып түсіндіреді. – Ермексазды екі бөлікке бөлеміз. Кішірек ермексаз бөлігін домалақтап алып,созу арқылы одан тұмсығын, құлағын шығарып, түлкінің басын жасап аламыз. Денесін жасау үшін, үлкенірек ермексаз бөлігін алып, илеу арқылы сопақша пішінге келтіреміз. Оны түлкінің денесіне келтіріп иеміз және екі жағынан кескішпен кесіп,аяғын жасаймыз. Сопақша пішіннен құйрығын жасап,оны денесіне біріктіреміз, басын орналастырамыз. Дайын түлкінің мүсінін суреттегі айнаның алдына орналастырамыз. Өз қалауларыңша түлкінің мойнына моншақтар жасап іліп, әдемі көйлек кигізулеріңе болады. Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалар мен жеке жұмыс жүргізеді. 3. Рефлексия – Бүгін не туралы әңгімелестік? 35 Түлкі қандай аң? Біз ермексазбен не жасадық?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 мамыр
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі