Тақырыбы: Шаңырағым-шаттығым
Мақсаты:
Көрнекілігі: лед экран, оқулықтар
Барысы:
Жүргізуші:
Келісіп жүріп керегесін құрамыз,
Шаттанып жүріп шаңырағын көтереміз.
Түндігі жабылып, ошағы өшіп қалмасын,
Шаңырақ шаттығын сақтаудың сыры
Отау уығын ыдыратпаудың маңызы
Армысыздар! Наурыз ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мереке. Былтырдан бері ол жаңа сипатта тойланып келеді. Наурыз айының 14 мен 23 аралығындағы онкүндік НАУРЫЗНАМА деп аталады. Оның әрбір күні қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығын, құндылығы мен салт-дәстүрінің сан алуан екендігін көрсететін құндылықтарға арналды. Бүгін 17 наурыз НАУРЫЗНАМА тұжырымдамасы бойынша «Шаңырақ» күні деп аталды. Мереке құтты болсын!
Видеролик
Жүргізуші:
«Шаңырақ» сөзі қазақ қазақ халқы үшін өте киелі сөз. Шаңырақ сөзі «Отбасы» деген мағынаны береді. «Шаңыраққа қара», «Шаңырақты сыйла», «Қара шаңырақ» деген киелі ұғымдар бар. Сонымен қатар «Шаңырағың шайқалмасын», «Түтінің түзу шықсын» деген бата-тілектер де айтылып жатады. Осы атаулы күнге орай біздің қара шаңырағымызға арнайы құрметті қонақтар шақырдық, таныс болыңыздар.
-
Ардагер ұстаз, аяулы әже Раш апайымыз.
-
Немерелерінің сүйікті әжесі, ұл-қыздарының аяулы анасы Гүлжахан апай.
-
Мектебіміздегі үлгілі, өсіп-өнген отбасылардың бірі Ербол ағай мен Рауа апайымыз.
Қош келдіңіздер! Бүгінгі кездесуге сіздерді үлгілі отбасы ретінде, отбасы құндылықтарына байланысты айтарлары бар деген мақсатта шақырып отырмыз. Сіздерге арналған алғашқы сауалымыз:
-
Үлгілі отбасы болудың сыры неде?
-
Отбасының ұйтқысы кім?
-
Отбасы құндылықтарына нелер жатады?
-
Отбасындағы алтын адам кім?
Жүргізуші:
Деректерге сүйенсек, негізінен шаңырақ – «шаң» және «қарақ» деген түбір сөзден біріккен туынды сөз. Түрік сөздері бойынша шаң түбірі «Таң шапағын», ал «Қарақ» түбірі «Көз, қарашық» деген ұғымды білдіреді. Сөзімізді академиік Әбдуәли Қайдардың сөзімен дәлелдесек, зертеуші ғалым: шаңырақ сөзінің түбірі «шаң» сөзі деп, сөзбе-сөз мағынасы «жарыққа қарау» деген ұғым береді. Осы арқылы таңертең түңілік ашылғанда үй ішіндегілер шаңырақ арқылы ең бірінші жарық дүниенің нұры шашылған күн сәулесін көруіне байланысты, «таңды көру немесе таң шапағына қарау» мағынасындағы екі сөздің бірігуінен шаңырақ сөзі жасалады, – дейді. Осы шаңырақтың ұйытқысы АНА!
Анам менің - аялаған ақ гүлім
Анам менің - бақытым мен шаттығым
Анашым - деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
***
Кезек оқушылардың аналарына арналған өлең-шумақтарында.
1.
2.
Ән:
____________________________________________________________
Жүргізуші:
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлылық жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата-аана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанаашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Қызықты сұрақтар:
Отбасымда ең сыйлы ______________________________________
Ең қымбатты _____________________________________________
Ең ақылды _______________________________________________
Ең сүйкімді ______________________________________________
Ең құрметті ______________________________________________
Ең құнды ________________________________________________
Ең бағалы ________________________________________________
Ең қажетті _______________________________________________
Жүргізуші:
Қазақ халқы заңмен қатар салт-дәстүрін құрметтеп, сақтайды. Қазақтың салт-дәстүрі заманның тұманынан, көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпынан бастау алады. Солардың ішіндегі балаларға қатысты салт – «тұсау кесу» – қазақтың салт-дәстүрі бойынша бала алғаш қадам басқан күні оның бұғауы кесіледі. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Қойдың тоқ ішегімен кеседі, тоқ жүрсін, несібесі мол болсын деп және көк шөппен кесетін болған бала көгеріп көктеп, ұрпағы көп болсын деген мағынада. Біз де бүгін осы салт бойынша кішкене нәрестеміздің тұсауын қадірлі қонақтарымыздың біріне кестірмекпіз. Рұқсат етіңіздер.
Бата сұралады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Шаңырағым-шаттығым

шағым қалдыра аласыз