400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаңырақ ,

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбешілер үшін керек, жас мамандарға көмегі болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Организованная учебная деятельность

Күні / Дата:

Білім беру саласы / Образовательная область: Шығармашылық

Бөлім / Раздел: Құрастыру

Тақырып / Тема: Шаңырақ

Мақсат / Цель: Киіз үйдің құрылысымен, жабдықтарымен таныстыру.

Міндеттер / Задачи: 1.Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен таныстыру. 

2.Киіз үй туралы мәлімет беру арқылы , киіз үй жабдығын сәндеу жолдарын көрсету.

3.Ұлттық дәстүрді қадірлеуге білуге тәрбиелеу

Полилингвалды компонент / Полилингвальный компонент: киізүй-юрта.

Сөздік жұмысы / Словарная работа: кереге, уық, шаңырақ, есік сықырлауық, тегеріш

Көрнекі құралдар / Наглядные пособия: киіз үй макеті, жабдықтары, слайд, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы, сүлгі.

Әдіс-тәсілдер / Методы и приемы: өз тәжірибелерін пайдалануға бағыт беру,ойын іс-әрекетімен жалғастыру.


Әрекеткезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп

+

-

Кіріспе бөлім

Вводная часть

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін еседі.

Ағаш үй макетін көрсету.


Киізүй



Негізгі бөлім


Основная часть

Балалар бүгін біз қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй құрылымымен танысамыз және оны қағаз бетіне жапсыру арқылы түсіреміз.

Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Бұл үйді көбінесе «Наурыз» мерекесінде кездестіреміз.Киіз үй кереге, уық, шаңырақ және есігі сықырлауық деген бөліктерден тұрады .

1.Киіз үйдің қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызы-лады. Ол арнайы таңдап алынған талдан иіліп, құрастырыла-ды. Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады.

2.Уық-шаңырақ пен кереге басын жалғастыратын, талдан ию арқылы жасалатын киіз үйдің негізгі сүйек мүшелерінің бірі

3.Шаңырақ-киіз үй сүйегінің негізгі түйіні. Шаңырақ шеңбер тәрізді

Сергіту сәті:

Дөңгеленіп тұрайық.

Шеңберді біз құрайық

Кереге болып керіліп,

Уықтар болып иіліп

Шаңыраққа кейіліп

Киіз үй біз құрайық

Балалар, осыдан соң сыртын текеметпен жабады және сыртынан тегерішпен айналдырып байлайды.. тегеріш киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

Енді жалпақ бауды,қазақтың ұлттық ою-өрнегі қошқар мүйіз оюымен әшекейлейміз.Алдарыңызда жалпақ бау таратылады,сол жалпақ бауды қағаздан ұлттық ою-өрнегі қошқар мүйізді қайшыны пайдаланып,қиямыз. Содан соң желімді мұқият жағып,бауымызға жапсырамыз.

Балалар мұқият тыңдайды.











Қимылмен орындайды.








Балалардың өз бетімен жұмысы.





Балалар мұқият тыңдап сұрақтарға жауап берді




Қорытынды бөлім

Заключ-я часть

Балалар жұмысын бағалау.

Киіз үйге байланысты жақсы сөздер айтылады.

Керегең кең болсын, Шаңырағың биік болсын, Уықтай көп болыңдар,

Есігің достарыңа әрқашан ашық болсын деген осы. Қане қайталап айтып көрейік

Балалар қайталап айтады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балаларға қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәліметті

Игерді: Киіз үй жабдықтарының атауларын

Меңгерді: киіз үй жабдығын әшекейлеу жолдарын

Толтырған тәрбиеші: Нурекенова А.С

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі