Шаңырақ жарастығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаңырақ жарастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш класс мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мерзiмі: № 11- сабақ

Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: Ізгілік, мейірімділік,жанашырлық.

Мұғалiм: Басмагамбетова Г.К

Класс 3 Оқушылар саны 23_


Сабақ мақсаты: Шаңырақ жарастығы сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • оқушыларға шаңырақ жарастығы туралы түсінік қалыптастырып, өзара сүйіспеншілікке баулу;

  • Оқушылардың ізгілік, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма : Дәптермен жұмыс 10 сабақ, 2- тапсырма.

11 – сабақ 55- бет. А.Асылбековтың «Сүйіспешілік» әңгімесі.


. Әйел есіктің алдында кімді көрді?

. Сүйіспеншілік әйелге қандай талап қойды?

. Әйел неліктен таңқалды?


  • Неліктен сүйіспеншілікті күн нұрына теңейміз?

  • Шынайы сүйіспеншілікті қайдан байқауға болады?

  • Ізгілік, мейірімділік, жанашырлық қасиеттері бойымызда барма?

4. Сергіту сәті.

Алақанада сыйпағанада аялап,(бір – бірінің арқасынан сыйпалайды.)

Жақсы сезім қуанышың тасады.( бір-бірін құшақтайды.)

Ақ көңілмен болар бейне саябақ,

Аялаған әр адамның құшағы.(барлығы дөңгеленіп тұрып құшақтасады)






Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Шаңырақ сәні – сыйластық» Халық мақалы.

Шаңырақтағы сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?

Бәріміз қосылып айту.

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.


  1. Әңгiмелеу

Сүйіспеншілік пен Өмір

(Аңыз әңгіме)


Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар:Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек Сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді.Байлық әдемі кемемен келіп:

-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,саған орын жоқ,сені ала алмаймын деді,

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

-Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,- дейді.

Сүйіспеншілік мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады:

- Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,-дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша ,Сүйіспеншілікті естімеді.

Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім: Ол-Уақыт,-деді.

- Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?-деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: -Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі-деді.


. Сүйіспеншілік Өмірге неге аса қажет деп ойлайсыңдар?

. Алтын кемемен келген Байлық не үшін Сүйіспеншілікке көмектесе алмады?

. Уақыт неліктен Сүйіспеншілікке көмектесті?

  • Біз айналамыздағы адамдарды мейірімділік шуағына бөлейміз бе?

  • Сендердің бойларыңда жанашырлық қасиеті барма?

  • Өздеріңнің ізгі істерің туралы естеріңе түсіріп, айтып беріңдер?




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың өз шаңырағында әр күнін қуанышты өткізуге дағдыландыру мақсатында тапсырманы орындау ұсынылады.

Дүйсенбі – «Күлкі күні»

Сейсенбі – «Тосынсый күні»

Сәрсенбі – «Еңбек күні»

Бейсенбі – «Тазалық күні»

Жұма – «Интелектуалды орта күні»

Сенбі – «Патшалық күні»

Жексенбі – «Жұлдызды күн»



  1. Топпен ән айту.

Бала тілегі

Бал- балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан – байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет)

 

Қалықтағани көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген бата менен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол меніңде. (2 рет)



  1. Үй тапсырмасы. 61 беттегі өлеңді оқып ,сахналап көрсету.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
07.11.2018
571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі