жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Шаңырақ жарастығы" ашық сабақ
Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы.
Мақсаты: балалардың «сыйластық», «достық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, «алтын сақа», суреттер топтамасы, таблица.
Шаттық шеңбері
Сәлемдесу . Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған жер ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлем саған ұстазым.
«Алтын сақа» - ойыны. Данышпан атайдың сиқырлы «алтын сақасымен» әркім өз жанұясына өз тілегін айтсын.
Мен шаңырағыма қуаныш тілеймін.
Мен шаңырағыма сәттілік тілеймін.
Мен шаңырағыма бақыт тілеймін.
Мен шаңырағыма сыйластық тілеймін.
Мен шаңырағыма ізгілік тілеймін және т.б.
«Мен қазақ баласымын» атты өлеңін айту. Е.Өтетілеуов
Бұтағы- бабасының, Жерінде – бабасының.
Ұрпағы - атасының, Елінде - атасының,
Шуағы – әжесінің, Көңілінде – әжесінің,
Тұяғы – әкесінің, Қолында – анасының,
Тілегі – анасының, Жолында – ағасының,
Тірегі – ағасының, Төсінде даласының,
Түлегі – даласының, Тапқан өз жарасымын,
Дарытқан бар асылын, Мен – қазақ баласымын!
Мен қазақ – баласымын.
Әңгімелесу
Бір шаңырақ астында тұратын адамдар арасындағы сыйластық туралы айтып беріңдер.
Өз отбасыңның сыйластығы туралы айтып беріңдер.
Ия, дұрыс айтасыңдар балалар, бір шаңырақ астында тұратындардың бір-біріне сыйластығы, махаббаты, бауырмалдығы, бір-бірімен ынтымағы, татулығы, бірлігі шаңырақ жарастығын құрайды.
Мәтінмен жұмыс
Сүйіспеншілік
А.Асылбеков
Кідіріспен, сұрақ қоя отырып, әңгімелеу.
Әр топ кезекпен әңгімелеу
Сұрақ – жауап
«Сүйіспеншілік бар жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?
Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады.
Көрініс қою.
Сергіту сәті
Билеуге тұра қал, Қолмен соқ, Аяқпен соқ,
Бір-біріңе иіле қал. Қолмен соқ. Аяқпен соқ.
Билеуге тұра қал, Тағы бір рет, Тағы бір рет,
Бір-біріңе иіле қал. Соқ та соқ. Соқ та соқ.
Топпен жұмыс
«Күн шуағы» - ойыны
Шаңырақ жарастығы
«Мерекелік кесте» - жасау
Балалар, әр күнді (үйдегі, сыныптағы, мектептегі) ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. қалай дейсіңдер ғой? Ол үшін мынадай мерекелік кесте жасап алу қажет деп ойлаймын.
Күн атауы |
Мерекелік іс - шаралар |
Дүйсенбі «Күлкі күні» |
|
Сейсенбі «Тосынсый күні» |
|
Сәрсенбі «Еңбек күні» |
|
Бейсенбі «Тазалық күні» |
|
Жұма «Интеллектуалды орта күні» |
|
Сенбі «Патшалық күн» |
|
Жексенбі «Жұлдызды күн» |
|
Тапсырманы орындап болған соң, әр топ талдау жасайды.
Міне, көрдіңдер ме, балалар, шаңырақта көңілді де қуанышты, қызықты да жақсы өмір сүру өз қолымызда.
«Кім зейінді?» - ойыны
Суреттер топтамасын тарату
Суреттер топтамасын қарай отырып, әр суретті ретімен қою.
Сурет бойынша мәтін құрастыру.
Мәтінге ат қою.
Дәйексөз
«Шаңырақ сәні – сыйластық»
Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.
Қорытынды
«Мен әдепті баламын»- өлеңін айту
Жүректен жүрекке
Мен сендердің шаңырақтарыңа шын жүрегімнен бақыт, сүйіспеншілік тілеймін.
Ал сендер де өз достарыңның шаңырағына жақсы тілектеріңді айтыңдар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген