400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Шаңырақ сыны»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шаңырақ сыны»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кенжебаева Қаламқас Жеткергенқызы

«Балдырған» санаторлық бөбекжай-

бақшасы» коммуналдық ММ-нің тәрбиешісі

Ақтөбе облыс. Шалқар қаласы



Тақырыбы: «Шаңырақ сыны» сайысы

  • Мақсаты: Ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, тәрбиеленушілер бойына өнеге боларлық халықтық салт-дәстүрді дамыту, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру, ата-аналарды мерекелік шараларға тарту, балалардың үлкенге, ата-анаға деген құрмет сізімдерін тәрбиелеу.

  • Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған командалар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

    Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ - бірлік туралы мақал - мәтелдер, әр отбасына арналған слайд - шоу

    Барысы:

  • Тәрбиеші:
    Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Бүгінгі біздің бақшамызда ұйымдастырылып отырған «Шаңырақ сыны» атты сайыс өткелі отыр. Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.


  • Жақсы адам кімге болсын болар пана,
    Мол оның тал бойында ақыл сана
    Көркіне ақылы да сай келетін
    Оразбаевтар отбасы ортамызда.

    Қуантады білімімен бәрімізді
    Қол соғып қарсы алайық енді оны
    Алтыбаевтар отбасы келіп қалды
    Татулықты ту еткен отбасы бұл





Жігітке ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Құлшаровтар отбасы таласады.

  • Тәлім алған отбасынан өнегелі,

  • Өнерлері таң қалдырған талай еді

  • Ән салып, би билейді, жыр жыласып

Тілеужановтар отбасы шығады енді.

Тәрбиеші: Адам елеусіз тозаң секілді із-түзсіз құрып кету үшін тумайды. Адам артына із қалдыру үшін-жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады демекші, ата-ана өмірге ұрпақ әкелгесін оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса ілтипатпен қарайды. Ал, ондай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата-анамен бірге балабақша ұжымы да ат салысады.

Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.


Тәрбиеші: Сайыс кезеңдерімен таныстыру
1. «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (таныстыру)
2. «Мақал сөздің мәйегі» (мақал-мәтелдер)
3. «Өнерлі- өрге жүзеді» отбасылардың өнер көрсету сайысы
4. «Шебердің саусағы алтын» (қолдан жасалған бұйымдар)
5. «Бала ана жүрегі» (өз балаңызды тауып алыңыз)

Жүргізуші:

  • Өнерпаздар өнерін салыстырып,
    Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
    Әділдікті қолдайтын баға беріп,
    Жіберейік қазыларды таныстырап.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық:

Балабақша меңгерушісі: Сейтжапарова Алма Садыққызы.

Балабақша әдіскері: Асабаева Бижамал Қуандыққызы.

Балалабақша тәрбиешісі: Бөлебаева Зәру Елубайқызы.


І кезең
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді

«Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл» (таныстыру)

Сайыскерлеріміз өздерін таныстырады.


ІІ кезең
Шебер болсақ, тіл байып,
Шешендіктер бір ғайып.
Мақал - мәтел үйреніп,
Тілімізді шыңдайық, - деп кезекті отбасыларымыздың мақал - мәтел айту, яғни адасқан сөздерден мақал-мәтелдер құрастыру.

«Мақал сөздің мәйегі» (мақал-мәтелдер)

ІІІ кезең
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы өз өнерлерін тамашалайық.
«Өнерлі- өрге жүзеді» отбасылар өз өнер көрсетеді.

VІ

Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға 
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда 
Қол өнер әдемі сәнділікпен 
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда 

«Өнерлінің қолы алтын»  дей келе ата-аналарымыздың қолдан жасап әкелген бұйымдарын бағалайық, тамашалайық.








V

«Бала ана жүрегі»

«Бала бауыр етің»


Ойын: «Өз балаңызды тауып алыңыз»

Ата-аналардың көздерін байлап, шеңбер жасап турған балалардың ортасынан өз баласын табу керек.


Шартымыз осыменнен аяқталды. Енді «әділқазылар» алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар.


Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Мерекеқызы Әдемайдың орындауында ән: «Мен қазақтың қызымын»

Сайыскерлерді марапаттау.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі