15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Саңырауқұлақ
Ай, күні:
Білімдік салалар: «Шығармашылық»
Тараулар: Жапсыру.
Тақырыбы: Аланңайдағы саңырауқұлақтар
Мақсаты: Балаларды күз мезгілінде орманда саңырауқұлақтардың көп болатынын
түсіндіру.Қайшымен ұқыпты қия білуге,желімді ұқыпты жағып әдемі жұмыс жасауға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Саңырауқұлақтың суреті
Қажетті заттар:Аққағаз,түрлі-түсті қағаз,қайшы,желім.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
|
Мақсатты – түрткі болғыш |
Балалар қазір қай мезгіл?. Бұл мезгілдің ерекшелігі қандай?. Күз мезгілінің айларын атаңдар? Балалар бізге орманнан тиін қонаққа келіпті,қәне бәріміз амандасайық. Тиіннің қолындағы себет бос екен.Тиінге саңырауқұлақ жинауға көмектесемізбе? |
Мұқият тыңдау, әңгімелесу. Балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін өз сөздерімен сипаттап береді. Қыркүйек,қазан,қараша. Балалар тиін мен амандасады. |
|
Іздестіру- ұйымдастыру |
Балалар алдарыңдағы түрлі-түсті қағазды әдемілеп 2-ге бүктейміз. Сопақша етіп қиып аламызда, аққағаздың ортасына желімдейміз. Саңырауқұлақтың қалпағын басқа түрлі-түсті қағаздан дөңгелектеп қиып аламыз. Дөңгелекті екіге бөліп ортасынан қиамыз. Тікшелеп жапсырылған түрлі-түсті қағазға саңырауқұлақтың қалпағын жапсырамыз. Жасыл түсті қағаздан саңырауқұлақтың төменгі жағына шөптерді әдемілеп жапсырамыз. Қараңдаршы орманда саңырауқұлақтар өте көп екен. Біз тиінге көп саңырауқұлақтар жинап, тиінге қысқа азық жинап береміз. Балалар,қайшымен жұмыс жасағанда ұқыпты болумыз керек. |
Балалар қағазды қалай қиюды көреді. Қайшымен жұмыс жасағанда ұқыпты қиады. Бастарын көтеріп отырып жұмыс жасайды. Желімді жаққанда қағаздың шетіне ұқыптап жағамыз Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық, Қолды белге қояйық. Оңға қарап бір иіліп, Солға қарап бір иіліп Орнымызға отырайық. |
|
Рефлексті – дәлелдеу
Қортындылау
өзін-өзі бағалау |
Балалар саңырауқұлақты әдемілеп жасаңдар. Тиін сендердің жұмыс жасағандарыңа риза болды. -Бізге қонаққа кім келді? - Тиін нені жақсы көреді? -Саңырауқұлақтар қайда өседі? Балалар сендерге тиін рақметін айтып жатыр.Сендердің көмектеріңнің арқасында қысқа көп азық жиналғанына риза. |
Тиін келді. Тиін саңырауқұлақты жақсы көреді. Саңырауқұлақ орманда өседі. |
Күтілетін нәтиже
Білуі керек. Қағазды бүктеп қиюды,қайшымен ұқыпты жұмыс жасауды.
Меңгерген: дағдылары мен іскерліктері: Күз мезгілінде ормандағы саңырауқұлақтардың
пісетінін ,өздерінің тиінге саңырауқұлақ жинауға көмектескендеріне қуанды.
Жұмыс жасағанда ұқыптылық пен желім жағуды,қайшымен қағаз қиюды үйренді.
Ай, күні:
Білімдік салалар: «Шығармашылық»
Тараулар: Жапсыру.
Тақырыбы: «Тәрелкедегі қияр мен қызанақтар».
Мақсаты: көкеністер туралы білімдерін арттыру; жапсыру дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлай білуге тәрбиелеу. Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көкеністер туралы, олардың пайдасы туралы әңгімелеп беру.
Көрнекілік: үлестірмелі материалдар, дайын жапсырылған үлгілер, сүрткіш.
Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалардың іс -әрекеті |
|
Мақсатты – түрткі болғыш |
Шаттық шеңбері. Жарқырап күнде ашылды, Айналаға күн шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы түн! Біз сүйкімді баламыз! |
Балалар шеңберге тұрып, іс-әрекетті қайталайды. |
|
Іздестіру- ұйымдастыру |
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қандай белгілеріне қарап күз екенін білеміз? -Көкеністер қай уақытта піседі? -Қандай көкеністерді білесіңдер? Сөздік жұмыс: қияр, қызанақ. -Балалар, қиярдың түсі мен пішіні қандай болады? -Ал қызанақ неге ұқсайды? -Түсі қандай? -Дұрыс айтасыңдар балалар. Қызанақтың түсі қызыл және оның түсі қызыл болғандықтан атын қызанақ деп атаған екен. -Балалар, тәрелкенің пішіні қандай? Дөңгелек екен, солай ма балалар? Енді тәрелкенің жоғарғы жағына қызанақты жапсырамыз, одан кейін қиярды қызанақтың оң жағына жапсырамыз. Төменгі жағына тағы бір қызанақты , солай жапсырып салатымыз дәмді болы. Сергіту сәті; Бойды сергек тік ұста, Емін-еркін тыныста. Деміңді ішке тез ал да, Оң қолыңды соз алға. Қол ұшына қара да. Үшбұрыш сыз ауада, Сол қол босқа тұрмасын. Шеңбер жасап тынбасын. |
-Күз. -Жаңбыр жауады, күн салқындайды. -Көкеністер күзде піседі. -Қияр, қызанақ, орамжапырақ, картоп. сәбіз. Қайталайды: қияр -жасыл сопақша. -Дөңгелекке, -Қызыл.
Балалар сергіту сәтін бірге жасап қайталап айтты.. |
|
Рефлексті – дәлелдеу
Қортындылау
өзін-өзі бағалау |
Балаларға қызанақпен, қияр туралы тақпақ оқып беру. Қолыма алып ұстадым. Қызанақпен, қиярды, Жуып-жуып жеп алдым, Дәрумен деп пайдалы. |
Балалар тақпақты мұқият тыңдады. |
Күтілетін нәтиже
Білуі керек. Кеңістікті бағдарлай отырып, көкеністерді орналастыруды.
Меңгерген: көкеністердің қай уақытта пісетінін, қияр мен қызанақтың ерекшеліктерін;
Қоланды; желімсіз жапсыру тәсілін.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген