400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саңырауқұлақтар.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі балаларға арналған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы; Шығамашылық . Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Мақсаты: Саңырауқұлақтар мен таныстыру, олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп,сөздік қорларын молайту, екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілдерін қолдана отырып дамыту. Табиғаттағы қызығушылығын қалыптастыру. Қажетті құралдар: Саңырауқұлатың үлгі суретті, тақтайша, ермексаз, сулық Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақ алқабы Кіріспе бөлім: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бәріміз шаттық шеңбер арқылы өлең сөзбен бір-бірімізге деген қуанышымызды тілегімізді жеткіземіз. Біз балдырған тең басқан. Дос құшағын елге ашқан, Тілегіміз бейбіт күн , Ашық болсын кең аспан. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? –Күз. Күзде ауа райы қандай болады? –Жауын-шашынды болады. Күзде ағаштар қандай түске боялады? –Сары түске боялады. Негізгі бөлім: Балалар күздің жауынды күндерінде, көктем мезгілінде орманда, ашық далада саңырауқұлақтар өте көп болады. Тәрбиеші саңырауқұлақтың үлгі суретін көрсетеді. Саңырауқұлақ адам ағзасына өте пайдалы, онда көптеген дәрумендер бар. Саңырауқұлақ көп өсетін жерді, саңырауқұлақ алқабы деп атайды. Балаларға саңырауқұлақ алқабын бір-екі рет қайталату. Саңырауқұлақты түбімен ,яғни тамыры мен жұлып 71. алмаймыз, өйткені тамырынан келесі жолы қайта саңырауқұлақ пайда болады.-деп түсіндіру.Саңырауқұлақтың жұмыр таяқшасы болады.Басында үлкен қалпағы болады.Балаларға В.Сутеевтің «Саңырауқұлақ саясында » ертегісін әңгімелеу. Орманда кенетен не басталды? –Жауын. Саңырауқұлақтың астына нелер жиналады? -Қояндар Жаңбырдан кейін не болды?-Саңырауқұлақтың астынан қояндар шығады. Енгеше біз осы саңырауқұлақты мүсіндеп көрейік.Тәрбиеші өзі жасаған үлгіні қалай жасау тәсілін көрсетіп түсіндіреді. Қызыл түсті ермексазды екі алақанымыздың ортасына салып жұмасартып,қалпақ жасаймыз.Ортасын ойық жасау үшін сұқ саусағымызбен басамыз. Ақ түсті ермексаздан сабағын жасаймыз. Ол үшін ермексазды шұжықша пішінге келтіреміз. -Қалпағы мен сабағын біріктіреміз. Біріктірген жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз. Балалар мен жеке жұмыс жүргізу. Сергіту сәті.

Қанат қағам жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға,

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына. Қорытынды: -Балалар біз бүгін немен таныс болдық? – Саңырауқұлақпен Саңырауқұлақ қайда өседі? –Орманда, далада. Оның басында несі болады? –Қалпағы болады. Саңырауқұлақ қай мезгілде пайда болады?-Күз, көктем мезгілінде болады. Балалардың өздерінің жасаған жұмыстарын өткізеді.Данил саған кімнің жасаған саңырауқұлағы ұнап тұр.Осылайша бірнеше баладан сұрау арқылы қортындылау. Мадақтау.

Күтілетін нәтиже: Білуі; Балалардың саңырауқұлақтың қай жыл мезгілдерінде болатынын білді. Менгеруі. Саңырауқұлақ жасау тәсілін менгерді. Жасай алуы: ермексаздан саңырауқұлақ жасай алды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі