400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ КӨКӨНІСТЕРГЕ ӘСЕРІ. 11 СЫНЫП ДАУЛЕТХАНОВА АРИЯНА

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы



Аль– Фараби атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы

Даулетханова Ариянаның

«Көкөніс дақылдарының саңырауқұлақ аурулары»

атты ғылыми зерттеу жұмысына берілген



Пікір


Еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан көрінуіне әрбір ғылым саласының қосар үлесі мол. Ал ғылымды жетік игеріп, оның дамуына болашақ жас ұрпақты баулу әрбір саналы азаматтың борышы. Осы жазылған зерттеу жұмысында оқушы Даулетханова Арияна 7-10 сыныптар аралығында биология пәнінде саңырауқұлақтарға бөлінген сағат аз және көкөніс дақылдарының ауру қоздырғыштары туралы мәліметтердің аз екендігін байқап, соның ішінде бақша дақылдарын зақымдайтын саңырауқұлақтың тудыратын аурулар, олардың түрлері, олармен күресу шаралары жөнінде құнды мағлұматтар жинақтай білген. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақтармен күресу жолдарының көрсетілуі ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерінің бір шешімін тапқандай. Бұл зерттеу жұмысы көкөніс дақылдарының ауру қоздырушыларын зерттеудің бастамасы деуге болады. Жинақталған материалды қазіргі таңда факультатив курсқа негіздеуге болады.



Жетекші мұғалім: Ахметова Қ.Е

биология пәнінің мұғалімі



Түсінік хат

Зерттеу мақсаты: Алматы облысы, Сарқан ауданы Қарабөгет шаруашылықтары ауыл тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында көкөніс шаруашылығын жолға қойған. Көкөніске қызанақ, қияр, қызылша, пияз, жатады. Бұл көкөніс дақылдары құрамында адам ағзасына қажетті көмірсулар, нәруыздар, майлар, түрлі витаминдер, минералдар бар. Ауыл егістіктеріндегі көкөніс дақылдарын зақымдайтын саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін және олармен күресу шараларын нақтылау. Соған байланысты төмендегідей зерттеулер жүргізіледі:

1. Арнайы әдебиеттердегі ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жинақтап талдау.

2. Егістіктерден зерттеу объектілерін жинау.

3. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ түрлерін анықтау.

4. Көкөніс қоймаларынан зерттеу объектілерін жинау.

5.Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін анықтау.

6. Күресу шаралары бойынша зерттеулер жүргізу.

Гипотеза: Көкөніс өнімдерінің сапалы, нәрлі болуы адам ағзасы үшін өте маңызды. Сондықтан оларды түрлі ауру қоздырғыш ағзалардан сақтап, күресу шараларын дұрыс жолға қоя білу қажет.

Зерттеу барысы мен кезеңдері

1. Зерттеу тақырыбын таңдау және ғылыми жұмысты жүргізу жолдары туралы жетекші - мұғалімнің кеңесін, нұсқауын орындау.

2. Ғылыми жетекшімен кеңесіп отыру.

3. Тақырыпқа байланысты материалдарды жинау, іздестіру орындарын белгілеу.

4. Көкөніс ауру қоздырғыштарын зерттеп, анықтау.

5. Жинақтаған мағлұматтарды жүйелеп, еңбек жазу.

Жұмыстың әдістемесі. Жұмыс жүргізу барысында көкөніс дақылдарының ауру қоздырғыштары туралы барлық деректер талданып, қорытылып, сарапталып барып жинақтау әдісі қолданылды.

Зерттеу жаңалығы. Бұл жұмыс бойынша бүгінгі күні зерттеулер жүргізілмеген. Паразитті түрлердің сапрофиттерден пайда болуы және кең таралуының негізін жасау теориялық мәселе болып табылады.

Егістіктердегі және қоймалардағы ауру қоздырғыш саңырауқұлақтармен күресу шараларын нақтылайды.

Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы: ғылыми жұмыста ауру қоздырғыш саңырауқұлақ түрлері, олармен күресу шаралары көрсетілген. Зерттеуші алдына қойған мақсатына жеткен.

Нәтижесі қолданылған мекемелер: еңбекті биология сабақтарында, зертханалық, сарамандық жұмыстарда және факультативтік сабақ көлемінде оқушыларға оқытуға болады.




Аннотация

Цель исследования: хозяйства Карабугета Алматинской области в целях обеспечения овощами жителей села занимаются овощным хозяйством. К овощным культурам относятся: помидор, огурец, свекла, лук, и т.д. В состав этих овощей входят углеводы, жиры, разные витамины, минералы, которые необходимы организму человека. Необходимо выяснить биоэкологические особенности грибков, которые наносят ущерб овощным культурам на полях и укрепить меры борьбы с ними. В связи с этим, проводятся нижеследующие исследования:

1. Анализ обобщения результатов научно-исследовательских работ в специальной литературе.

2. Собрать исследовательские объекты на полях.

3. Определить виды грибков возбудителей заболевания.

4. Собрать исследовательские объекты на овощных складах.

5. Определить биоэкологические особенности видов грибков возбудителей заболевания.

6. Провести исследования по методам борьбы.

Гипотеза: Качественные, сочные, овощные культуры очень важны для человеческого организма. Поэтому нужно их беречь от разных возбудителей заболевания, поставить в нужное русло меры борьбы.

Ход и этапы исследования

1. Выбрать тему исследования и выполнить советы, инструкцию куратора о проведении научной работы.

2. Посоветоваться с научным руководителем.

3. Собрать по теме материалы, вести поиски.

4. Исследовать, определить возбудителей заболевания овощных культур.

5. Систематизировать и писать собранные материалы.

Методика работы. В ходе проведения работы анализированы, обобщены, проведена экспертиза всех фактов о возбудителях заболевания овощных культур и использованные методы обобщены.

Новости исследования. На сегодняшний день по этой работе не проведены исследования. Образование и распространение видов из сапрофитов является теоретической проблемой. Уточняются меры борьбы с грибами возбудителями заболевания на полях и на складах.

Результат и заключение работы: в научной работе четко указаны виды грибов возбудителей заболевания, меры борьбы с ними. Исследователь достиг поставленной цели.

Где можно использовать результат: разрешается использовать в качестве факультативного урока и на уроках биологии, в лабораторных работах.





Annotation

The purpose of the study: facilities district of the Uil region of the Almaty vegetable facilities concern with in purpose of the provision vegetable inhabitants of the city village. Pertain to vegetable culture: potatoes, tomato, cucumber, beetroot, onion, and etc. In composition these foot enter the carbohydrates, fates, different vitamins, minerals, which necessary organism of the person. Necessary to realize the particularities fungus, which engage the vegetable culture on floor district of the Uilregion of the Almaty and consolidate the measures of the fight with them. In this connection, are conducted following studies:

  1. The analysis of the generalization result research work in special literature.

  2. Collect the exploratory objects on floor.

  3. We fine type a fungus incident of the disease.

  4. Collect the exploratory objects on vegetable store house.

  5. We fine the to particularities type fungus of the incidents of the disease.

  6. Conduct the studies on method of the fight.

The hypothesis: Qualitative juicy, vegetable cultures very important for human organism. So it is necessary their keep from different incidents of the disease, put in necessary riverbed of the measure of the fight.

Move and stages of the study:

  1. Choose the subjects of the study and execute the advices, instruction about undertaking the scientific work.

  2. Consult with scientific leader.

  3. Collect on subject material, lead the quest.

  4. Research; define the incidents of the disease of the vegetable cultures.

  5. Systematize and write the collected material.

The methods of the work: in the course of undertaking the work are analyzed, generalize, organized expert operation all fact about incident of the disease of the vegetable cultures and used methods are generalized.

The news of the study: for present day on this work is a not organized study. Formation and spreading type from saprophytes is a theoretical problem.

Results and conclusion of the work:search is pointed variety of mushrooms which are the reasons for variety of illness and the methods of fighting with them. The searcher achieves the main aim.

Where is result used:allowed to use in faculty lessons and in biology lessons, in laboratory work.













Мазмұны

Кіріспе ................................................................................................................. 6



КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ЕГІСТІКТЕ ЗАҚЫМДАЙТЫН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР


    1. Пияздың аурулары ....................................................................................... 8


    1. Қырыққабат аурулары.................................................................................. 12


    1. Қызылшаның аурулары .............................................................................. 17


    1. Сәбіз аурулары ............................................................................................ 21



    1. Ақжелкен және сельдерейдің аурулары...................................................... 22



    1. Қызанақтың аурулары.................................................................................. 23



ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 29



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................... 30




























КІРІСПЕ


Саңырауқұлақтар табиғатта жүріп жатқан құбылыстардың барлығына да қатынасады деуге болады. Себебі, көпшілік өсімдіктерді топырақ астында бір-бірімен байланыстырып, керекті минералдық тұздарды, органикалық заттарды бірінен алып, екіншісіне беріп отырады. Микоризаға қатыспайтын өсімдіктер санаулы ғана. Өсімдіктермен осындай байланыста болып, саңырауқұлақтардың көпшілік майда түрлері бактерияларымен бірігіп өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлекселерін шірітіп топыраққа айналдырады. Әйтпесе жыл сайын түскен жапырақтар, өсімдіктердің сабақтары, жануарлар қалдықтары жиналып, жер бетін бүлдірер еді. Ал енді факультативті паразитті саңырауқұлақтар десек, олар да алдымен тірі организмдердің тірі органикалық заттарымен қоректеніп, оларды біртіндеп зардаптай бастайды.

Орманның топырағының бетіндегі жыл сайын түскен ағаш бұтақтары мен жапырақтарының шіруіне ірі қалпақшалы түбіртекті саңырауқұлақтар түрлері де қатысады. Ормандағы кесілген ағаш түбіртектеріне және құлаған ағаш діңдеріне қоныстанып, оларды бактериялармен бірге шірітуге қатысатын да осы майда және ірі саңырауқұлақтар. Шірудің соңында топырақ түзіледі. Топырақта өсімдіктер өседі. Өсімдікпен жануарлар қоректенеді, ал олармен жыртқыш жануарлар, ол жыртқыштармен басқа жыртқыштар қоректенеді, яғни табиғаттағы энергия ағымы және зат айналымына қатысады. Сондықтан саңырауқұлақтар бактериялармен қосылып жер бетінде санитарлық қызмет атқарады.

Сонымен бірге саңырауқұлақтардың кейбір түрлері құстардың өкпесінде аспергиллез ауруын туғызады. Адамның құлағын, кеңсірігін, көзін, терісін, шашының түбін, тырнағын зардаптайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамының (ВОЗ) мәліметі бойынша жер бетінде әрбір 5-ші адам саңырауқұлақпен ауырады. Оның екеуінің тырнағы зардапталады. Бұрын тырнақты алып тастап емдейтін. Қазір орунгал деген дәріні ішу арқылы емдейді. Бір тырнақ өсіп шығатын уақыт арасында үзіп ішеді. Оны дәрігер анықтайды.

Египет фараондары туралы көп айтылады. Тутанхамон фараонының мүрдесін ашуға қатысқан 21 адам қайтыс болған. Оның да көпшілігінің себебі осы саңырауқұлақтар. Аспергилл саңырауқұлақтарының түрлері мүрдемен бірге жер астына түсіп мүрдемен жәнебасқаорганикалықзаттармен қоректеніпсақталған да,қорымды ашқан кезде ашыққан спораларадамдардың өкпесін зардаптаған. Оны кейін басқа египет қорымдарындағыадам мүрдесін басып кеткен аспергиллдердің болуы және медициналық зерттеулер анықтаған. Саңырауқұлақтар мен бактериялар топырақ құрамындағы кейбір зиянды бактериялардың көбейіп кетпеуіне ықпал етеді, яғни өздерінен арнайы активті заттар бөліп олардың өсуін тежеп отырады. Оларды антибиотиктер деп атайды. Ондай антибиотиктерге бактериялардан бөлінетін стрептомицин, тетрациклин және саңырауқұлақтардан бөлінетін пеницилл жатады. Оларды өндірісте қолдан алу жолға қойылған.

Адам баласы бұл дәрілерді күнделікті пайдаланады. Соңғы кезде медицинада жүректі, бүйректі операция жасап ауыстырғанда пайдаланатын циклоспорин деген дәрі топырақтағы саңырауқұлақтан бөлініп алынады. Өсімдіктерді тез өсіретін активті зат гибереллин, зиянды насекомдарға қарсы қолданылатын триходермин, боверин препараттары да саңырауқұлақтардан бөлініп алынады. Әлі де болса саңырауқұлақтардың пайдалы қасиеттері толық анықталмаған.

Ашытқы саңырауқұлағын нан пісіруде, шарап ашытуда, жемшөптік белок өндіруде, сүрлем жасауда пайдаланады.

1960 жылдары жер бетінде 2 млрд. халық болатын. Бүгінгі таңда 6 млрд. асып отыр. Яғни, жылдан жылға халық саны өсіп келеді. Адам баласын тағаммен қамтамасыз ету мәселесі кезек күттірмейді. Сондықтан саңырауқұлақтарды тек дәрі алу үшін ғана емес, тамаққа пайдалану үшін де қолдан өсіреді. Арнайы орындарда қарашірікке жылқы тезегін қосып қозықұйрықтың (шампиньон) спораларын себеді. Сонда ғана ол ұзақ жылдар өнім береді. Ал табиғаттан қозықұйрық өсіп тұрған жердің топырағын алып пайдаланғанда бір-екі жыл ғана өнім берген. Қазір 70 елде қозықұйрықты, жазғы түбіртекті вольвариялланы егу жолға қойылған. Одан жылына 14 млрд. доллар қосымша табыс түседі. Қазақстанда да қозықұйрықты, жалбыршыны (вешанка) қолдан өсіре бастады.

Саңырауқұлақтың 250-ге жуық түрлері қағаздарды, шығармашылық суреттерді, темір жолға төселген, шахтадағы тірекке қойылған ағаштарды, ағаш үйлерді, металды зақымдап, құрамындағы заттармен қоректеніп, оларды бүлдіреді.

Саңырауқұлақтардың түрлері көкөніс өнімдерін де бүлдіреді. Сондықтан көкөніс өнімдерін бүлдіретін саңырауқұлақ түрлерін зерттеу өзекті мәселе болып табылады.


Зерттеу нысандары мен әдістері


Зерттеу нысандары етіп пияз (Allium cepa), қырыққабат (Brassica oleracеа), қызылша (Beta vulgaris), сәбіз (cariotta, daucum) алынды. Бұл азықтық мәні бар көкөніс өнімдерін егістікте және қоймада зардаптайтын, ауру туғызатын саңырауқұлақ түрлері және бактериялармен зардапталу ерекшеліктері зерттелді.

Жемістерін, тамыржемістерін визуальді зерттеп, зардапталған орындарынан препарат дайындап, микроскопта споралану ерекшеліктері зерттелді. Ылғалды камерада 3,7,9-тәуліктерде даму кезіндегі өзгерістері анықталды. Суретке түсірілді.

Арнайы әдебиеттердегі күресу шаралары келтірілді.

Зақымдалу кезіндегі өнімдердің және зиянкестердің биэкологиялық ерекшеліктері талданды.
































КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН ЕГІСТІКТЕ

ЗАҚЫМДАЙТЫН САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР


    1. Пияздың аурулары


Жалған ұнтақты шық пиязды вегетация кезеңінде зақымдайды. Ауру әсіресе ұрыққап үшін қауіпті. Ол барлық жерде таралған. (кесте 1, 2).

Жалған ұнтақты шықты паразитті Peronospora destructor Capsсаңырауқұлағы туғызады.Саңырауқұлақ негізінен пиязшықтың ішінде болып, оны шірітпей қыстап шығады.

Егін алқабына отырғызылған ауру пияздар ауру өнім береді. Зақымданған өсімдіктердің өсуімен бірге, ұлпаларындағы паразиттер де қосыла өседі, диффузды түрде клеткааралық қуыстықтар арқылы жапырақ ұлпаларын тесіп, өсімдік клеткасына гауетория жіберіп қоректенеді.

Алғашқы уақытта зақымданған өсімдік кәдімгідей өсе береді. Бірақ, отырғызылғаннан соң 3-4 күннен кейін диффуздық зақымданған өсімдіктер зақымданбағанынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың жапырақтары сарғайып, өте жоғары деңгейде зақымданғандары солып қалады. Ауру жапырақтардың бетінде саңырауқұлақ және оның споралары аз байқалатын сұр-күлгін түсті қабат түрінде пайда болады, жапырақтардың тегіс емес бетінде топырақ қабатының бөліктері қалып қояды да, соңынан өсімдік толығымен ластанып, тозаңданады. Ауа райы құрғақ кезде бұл ауру ақ түсті дақ түрінде болады.

Зақымданған жапырақтардың ақ түсті жабынын микроскоп астында қарағанда, өзіне тән бұралып тармақталған конидия саңырауқұлақтарын көруге болады, олардың ұшында бір клеткалы конидиялары болады, конидиялар ауа ағымымен, жаңбыр тамшыларымен және тағы басқа жолдармен тарайды. Осындай жолмен ауру үлкен егіс алқабына тез таралып, зақымданған жапырақтар бетінде конидиялар өте көп болып жиналады (1см2-де 20 мыңға дейін).

Конидиялар өсімдікке түсіп, ол әдетте лептесік арқылы жапырақ ұлпасына өтіп өседі, аурудың жасырын өсуі 11-15 күнге созылады.

Екінші ретті зақымдану жапырақ бетінде диффуздық зақымдану сияқты сопақша, сарғыш әртүрлі көлемдегі ақ дақтар түрінде пайда болады. Құрғақ ауа райында бұл дақтар байқалмауы мүмкін, бірақ ауру жапырақтар уақытынан бұрын солып, өнімі төмендейді.

Бұл жағдайда ауру ұрыққапқа көп зиян келтіреді. Зақымданған алғашқы сабақшалар сарғайып, сынады, ұрық әлсіз болады немесе жетіліп үлгермейді. Зақымданған жапырақтарда үнемі басқа да жартылай паразитті саңырауқұлақтар орналасады да, жүйкелер қара зеңмен толық жабылып тұрады. Бұл саңырауқұлақтар жапырақтың тез солып қалуын тездетеді.

Алқапта жалған ұнды шықтың таралу жағдайы ауа райына байланысты. Ауру ылғал ауа райында өте күшті тарайды. Ыстық, құрғақ ауа райында, зақымдау бөгеліп, қолайлы ауа райында қайтадан жаңғырады. Ауру тараудың ең қолайлы температурасы 13 шамасы.

Зақымданған тұқымдық материалдан басқа, аурудың үнемі таралу ошағы пияздың көпжылдық түрі болып табылады: батун, шнитт пияз, египеттік, олардың тамырларында саңырауқұлақтар қыстап шығады.

Қара зең пиязшық қабыршағының, кейде пиязшықтың түгел кеуіп кетуіне әкеледі, бұл ауру жақсы кептірілген пиязды салқын жерде дұрыс, желденетін бөлмеде сақтағанда зақымдамайды. Қара зең испан пиязын қатты зақымдайды. Қара зеңмен, ақ пиязға қарағанда түсті қабыршақты іріктемелері жоғары деңгейде зақымданады.

Күресу жолдары. Жиналған өнімді жақсы кептіріп, салқын, дұрыс желденетін жерде сақтау керек.

Түбіртек шірігі (Fusarium sp.) саңырауқұлағының, сарымсақ пен жуа түбірінің шірінділері оңтүстік аудандарда байқалады. Бұл аурудың алғашқы белгілеріне жапырақтардың тез өлуі жатады, жоғары жағынан бастап пиязшықтарының жетілу сатысына дейін, көпшілік өсімдіктердің тамырлары шіриді, ал пиязшықтың түп жағында аса үлкен ақ саңырауқұлақтар пайда болады. Бұл жағдайда пиязшықтар жұмсара бастайды, пиязшықтың ұлпалары аздап сулы болады. Шіру, сақтау кезінде де дами береді.

Пияз шыбынының зақымдауынан ауру пайда болады. Ауруды қоздырушылар топырақта болады. Зақымданудың (оптималды) қалыпты температурасы 28-32 . Бұл аурудың кең таралған жерлері, пияздың жетілу кезеңінде топырақтың жоғарғы температурасында бақыланады. Сақтау барысында сонымен қатар жоғары температурада ауру тез таралады.

А.В.Кузнецовтың мәліметтері бойынша оңтүстік–теңіз жағалауы экотип сарымсақтары - Эректум 418, кеңжапырақты кешкі Д-22, ерте өсетін Д-13, ашық қызыл 530 әлсіздеу, континентті экотип сортына қарағанда - Сочинск 451, Краснодар 1369, Донск қызыл бөлікті 513, Адыгейск 239 және тағы басқа Fusariumтүрлерімен қарқынды зақымданады.

Басқа солтүстік аудандарда ауруды одан өзге Sclerotium cepivorum Brek. саңырауқұлағы таратады. Бұл ауру көбінесе салқын ауа райында дамиды. Мұндай саңырауқұлақтар өсімдіктің түрлі кезеңінде зақымдай береді. Алғашқы аурудың белгілері – жапырақтардың сарғаюы және солуы, ол төбесінен бастап тамырына дейін жалғасады. Пиязшық түбіртегінің ұлпасында тығыз, ақ жіпшумақ дамиды, зақымданған ұлпаның жоғарғы жағында көп мөлшерде көкнәр дәнінің үлкендігіндей саңырауқұлақтың қара склероциялары дамиды, ауру кейде сақтау кезінде де қарқынды таралып зардаптайды. Жапырақ аурулары саяжайларда да байқалған. Аурудың дамуының қалыпты температурасы 10-20 .

Пияз түбіртегіндегі ауру инфекциясының алғашқы көзі болып инфекция сақталған топырақ және отырғызылатын материалдар болады. Түбіртек шірігімен сонымен бірге шалот-пияз, порей-пияз, ісінген-пияз және сарымсақ зақымданады.

Күресу жолдары. Егу айналымын сақтай отырып агротехникалық комплексті шараларды толық қолдану міндетті. Түбіртек шірігіне қарсы 0,6% пентахлорнитробензолментопырақты және сарымсақ бөліктерін заласыздандырудың мәліметтері бар.

Тат. Ауру жай пияз, порей-пиязы, сарымсақ және шалот-пиязын зақымдайды. А.Я.Трафимовичтің бақылауы бойынша, батун-пиязы татпен қатты зақымданады. Жалпақ жапырақты сарымсақ та зақымданады.

Тат негізінен Оңтүстікте және Оңтүстік Шығыста тараған, сонымен бірге Орта Азияда, Молдавияда және Москва облысында кездеседі.

Таттың қоздырғышы бір иелі таттық саңырауқұлақтар (Puccinia porri Wint, Puccinia allii Rud.) болып табылады. Тат өсімдіктің жапырағын зақымдайды және ол ашық сары, аздап көтерілген жастықша тәрізді болады, жастықша саңырауқұлақ спорасынан - уредоспоралардан тұрады. Кейін осы жерде қысқы телейтоспорлар жетіледі де, жастықшалар қараяды.

Жоғары деңгейде зақымданғанда жапырақтар уақытынан бұрын кеуіп қалады. Таттық саңырауқұлақтар зақымданған өсімдік қалдықтарында, пияздың көпжылдық түрінде қыстап шығады.

Күресу жолдары. Пиязды егіс алқабында егін жиналғаннан кейін жерді терең жырту жолымен қалдықтардан тазарту. Дұрыс ауыспалы егісті қолдануға егін айналымы қажет.

Пиязшықтарды, топыраққа отырғызбастан бұрын алдын ала формалин сұйығында ұстау керек (44 см3 40% формалин 10 л суда).

Пияз мойыншасының шірігі. Пияз мойыншасының шірігі – сақтау негізінде пиязшықта пайда болатын зиянды ауру. Ауру пиязшықтың егіс алқабында қалыпты өсуіне ыңғайсыз жағдай туындаған кезде тез дамиды.

Пияз мойыншасының шірігі ауруын қоздырушы Botrytus allii Munn саңырауқұлағы және B.byssoidea Walker, B. squarrоsa Walker саңырауқұлақ түрлері де қоздырушы болуы мүмкін, бірақ ол өте сирек кездеседі.

Бұзылған қабықша бетінде тығыз сұрғылт зең түзіледі. Бұл зең конидия тасушылардан тұрады. Тік бұрышты бұтақталған. Бұтақтарында көптеген түссіз, сопақша конидиялар түзіледі. Кейіннен жіпшумақ арасында жиі қара қабықшалы саңырауқұлақ склероциялары түзіледі. Саңырауқұлақтар – факультативті паразиттер. Олар физиологиялық әлсіреген ұлпаларды зақымдайды. Активті өсу кезінде пияз, жоғары дәрежеде пияз мойынының шірік ауруына төзімді келеді. Біздің көрсеткішіміз бойынша, ауруға төзімділікті тудыратын, пиязда болатын антибиотикті заттар. Пияз әлсіреген кезде, яғни өсімдік өмір сүру процесі тоқтаған кезде фитонцидтер азаяды да, бойындағы антибиотик заттары бар ұлпалар саңырауқұлақ үшін субстрат болады.

Өсімдік - пияз мойыншасының шірік ауруымен оны жинаудан бұрын зақымданады. Саңырауқұлақ өлі жапырақтар мен пиязшық түптерін зақымдайды. Дегенмен, ауру өсіп тұрған пиязда бастапқыда жоғары дәрежеде саңырауқұлақтарға төзімді болған кезде баяу дамиды. Ауру әдетте пияз жинаудан кейін және жапырақтарды кескеннен кейін, пиязшық мойнының шірігі түрінде пайда болады. Зақымданған ұлпалар сулы, сарғыш-қызғылт түсті болады. Алдымен пияз мойыншасы шіриді, бұл көлденең кескінде көрінеді. Кейін ол жұмсарып, шірік бүкіл пиязға таралады. Алқапта басталған ауру осылай жалғаса береді. 1-2 ай арасында ауру толық түрде көрінеді. Болжаммен желтоқсаннан бастап сақтау кезінде пияздағы ауру толығымен сау пияздарға тарайды. Мұндай жағдайда шіру жанынан немесе түбінен басталады. Қаншалықты пияздың сақталуы ұзақ болса, аурумен соншалық қарқынды зақымданады. Бұндай формадағы ауру көктемде ауа температурасы жоғарылаған кезде арта түседі.

Пияз егістігінде аурудың көзі болып алқапқа отырғызылатын зақымданған материалдар жатады. Зақымданған материалдан алынған сау пиязшықта саңырауқұлақ споралары ластанған, өлі қабығында дами бастайды. Осы себептен жас өсімдік айналасында көп қоры бар саңырауқұлақ споралары түзіледі. Соңғылары топырақ бөліктерінен жапыраққа түсіп, пиязшықтың өну кезінде өлі жапырақтарға өтеді. Соңынан пиязшыққа өтеді. Алдымен тамыр жүйесі шіріп, толығымен зақымданады. Бетінде ақ, жасыл т.б. түсті зең пайда болады.

Күресу жолдары. Пиязды 10С температурада және салыстырмалы ауа ылғалдығында 85-90% сақтау керек.

Кесте 1

Пияздағы микромицеттердің көрініс құрамы



№


Ауру аттары


Саңырауқұлақ аттары

Жаралану деңгейі

Жоғары

Орташа


Төмен



1


Жалған ұнтақты шық


Peronospora destructor sp.



+



2


Түбіртек шірігі


Fusarium sp.




+


3


Тат


Puccinia porri




+


4


Пияз мойыншасының шірігі



Urocystiscepulae



+












Кесте 2

Пиязды зақымдайтын саңырауқұлақтар


№


Зақымдаушы саңырауқұлақ аттары

Зақымдалған өсімдік мүшелері

Саңырауқұлақ тудырушы аурулар

Күресу жолдары

1

Peronospora destructor sp.

жапырақ, ұрыққап

Жалған ұнтақты шық

Жиналған өнімді жақсы кептіріп, салқын, дұрыс желденетін жерде сақтау керек



2



Fusarium sp.



түбіртек, пиязшық



Түбіртек шірігі

Егу айналымын сақтай отырып агротехникалық комплексті шараларды толық қолдану міндетті. Түбіртек шірігіне қарсы 0,6% пентахлонитробензонмен топырақты және сарымсақ бөліктерін заласыздандырудың мәліметтері бар.

3

Puccinia porri

жапырақ

Тат

Пиязды егіс алқабында егін жиналғаннан кейін жерді терең жырту жолымен қалдықтардан тазарту. Дұрыс ауыспалы егісті қолдануға егін айналымы қажет.

Пиязшықтарды, топыраққа отырғызбас бұрын алдын ала формалин сұйығында ұстау керек (44 см3 40% формалин 10 л суда).

4

Urocystiscepulae

пиязшық мойны, пиязшық

Пияз мойыншасының шірігі

Пиязды 10С температурада және салыстырмалы ауа ылғалдығында 85-90% сақтау керек.

1.2. Қырыққабат аурулары


Тамыр және сабақтың құрғақ шірігі (фомоз). Қырыққабат өзегінің құрғақ шірігі немес фомоз, культураның бірінші жылында тұқым алынбай қалуы мүмкін(кесте 3, 4).Фомоз Қиыр Шығыста, Алтай өңірінде, Қарзақстанда, Ростовта, Свердловскіде, Перьмде, Иркутскіде, Ленинград және басқа облыстарда кең тараған.

Ауру қоздырғышы Phoma lingam Desm саңырауқұлағымен зақымданған ұлпаның жоғарғы бетінде қара пикнидалар пайда болады, ол аурудың маңызды диагностикалық белгілерін көрсетеді. Микроскоп астында тамшы суда пикнидадан шыққан спораның жіңішке лентасы көрінеді, пикнида тесігінен шығып тұратын шырыш массасындағы споралар тек ылғал болғанда босап шығады; споралар бір клеткалы, түссіз (9-10 сурет).

Көшеттерде фомоз тұқым бөлігін, сабақты және тамырды зақымдайды. Тұқымдарында нашар көрінетін, жағылған дақ көрінеді, саңырауқұлақтың қара пикнидаларымен зақымданған сабағы қара аяқты елестетеді, бірақ жай қара аяқпен зақымданған ұлпа сұр түсті және оның үстінде пикнидалар болады. Алқапта әдетте ауруды көшетті топыраққа отырғызғаннан кейін 2-3 апта өткен соң байқауға болады. Ауру өсімдіктер нашар дамиды, төменгі жапырақтар қызғыш немесе көгілдір түске енеді. Көгілдір түсі қырыққабат шыбынымен зақымдалған өсімдік жапырақтарында кездеседі.

Инфекцияның алғашқы басқа көзі болып зақымданған егін егілген топырақ болып табылады. Саңырауқұлақ зақымданған өсімдік қалдықтарында, өзегінде сақталады. Саңырауқұлақ топырақта 3 жылға дейін сақталады. Бирючекут жеміс станциясында қырыққабатты 3 жылдық егіс айналымында өсіргенде фамозбен зақымдану 1,4%, қырыққабатты қырыққабат орнына өсіргенде 29,4% болған.

Саңырауқұлақ алқапқа көңмен әкелінуі де мүмкін, егер оған зақымданған өсімдік қалдықтары малды қоректендіру кезінде немесе компосты пайдалану кезінде, толық шірімеген ауру өсімдіктер болғанда түседі.

Саңырауқұлақ өсімдік ұлпасына әр түрлі механикалық зақымдануына, зиянды насекомдар зақымдауы; мысалы, шыбын личинкалары, крестгүлділер қандаласы зақымдануына жол береді. (кесте-6)

Күресу жолдары. Маңызды шаралардың бірі болып тұқымды келесі әдістерімен сауықтыру: сулемамен (1 г/ 1 л суға 30 мин ішінде) немесе гранозаммен (4 г у/ 1 кг тұқымға) өңдеу керек . Суда тұқымы термиялық дезинфекция – қыздыру жақсы нәтиже береді, 48-50 градусқа қыздыру. Әр сорт партиясы тұқымдары ыстық сумен өңдеуді бірдей емес қабылдайды; сондықтан алдын ала өңдеуге жататын көп емес тұқым сынамасын қыздырудың өніп шығуға әсерін сынау қажет.

Е.К.Бурухина зақымданған тұқымдарды сарымсақ шырынымен өңдеу тәжірибесінен қызықты нәтиже алды. Сарымсақ шырыны, сумен ерітілген 1:2, тұқымды фомоздан толықтай сауықтырады (тұқымды сұйықта 1 сағат ұстайды); өнуі бұл жағдайда 4% төмендейді.

Фузариоздық солу немесе сарғаю. Алғаш бұл ауруды 1948-ші жылы Москва түбіндегі бір шаруашылықта жылыжайдағы қырыққабаттың ерте сортынан байқаған. 1954 жылдың ыстық ауа райында Москва облысы кейбір шаруашылығының егін алқабында қырыққабаттың ерте сортынан өте қауіпті солу ауруы шықты. Қазіргі уақытта аурудың таралуы Сталинград, Саратов, Ростов облыстарында, Краснодар өңірінде, сондай-ақ Запорожье, Курск, Харьков облыстарында анықталды.

Ауру Fusarium oxysporum f. conglutinans Snyder, Hensen саңырауқұлағымен тарайды. Ауру топыраққа отырғызылған көшетті зақымдайды, жапырақтарында сары-жасыл түс пайда болып, тургоры жойылады. Кейде сарғаю жапырақты түгел басады, бірақ жиі бір жақ бетінде болады, осыдан жапырақ пластинасы біркелкі дамымайды.

Күресу жолдары. Топырақта жиналатын инфекцияны жою үшін ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдалану, қырыққабатты жоңышқа немесе көкөніс өнімдерінен кейін отырғызу, бір танапқа төрт-бес жыл аралықта егу, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдалану қажет. Вегетация кезінде мезгілімен 4-5 рет суару, өнімді жинау жұмысын мұқият, әрі сапалы өткізген жөн. Фузариоз ауруына төзімді сорттарды да таңдап егу қажет.

Қырыққабат тамыр шірігі. Кең тараған аурулар қатарына жатады. Бұл ауруға тап болған өсімдіктердің сыртқы белгісі ап-айқын болып біліне қоймайды. Егер өсімдік ауруға ерте тап болса, онда қырыққабат өсімдігі аздап қана сарғаяды, баяу өседі. Сондықтан қырыққабаткөшетін отырғызу кезінде ауру белгісін анықтау үшін өте ұқыпты қарау керек.

Өсімдік өсіп жетілген кезде шірік ауруы салдарынан солады, жапырақтары оралып түйнектенбейді, дараланған бөлек күйінде қалады.

Бұл ауруды тудырушы Plasmaphora brassicae паразиті. Паразит өсімдіктен тыс өмір сүре алмайды. Оның ұрықтары топырақта ұзақ жатпай, өсе бастайды. Бұдан шыққан амебоидтар өсімдіктің тамырларына еніп өсе бастайды да, әртүрлі кезеңдерден өткеннен кейін, одан плазмодий пайда болады, өсе келе көптеген споралар түзеді. Ауру қоздырғыш саңырауқұлақтың салдарынан қырыққабаттың тамырында түйнектер пайда болады. Кейін ол түйнектер шіріп жарылады, одан санырауқұлақтың споралары топыраққа таралады, одан келесі маусымда тағы ауру қозады.

Күресу жолдары.Ең алдымен, аурудан таза тұқымдық материалдарды жинап соларды егеді, ауру кеңінен тараған жерде топырақты химиялық әдіспен өңдейді Ол үшін карбатион препаратын қолданады. Көп жағдайда топыраққа әкті шашқан жақсы нәтиже береді.

Ауыспалы егіс жүйесін бұлжытпай сақтау керек. Ауру тараған көшеттерді аман сақтап қалу үшін тамырды жағалай жаңа топырақпен көму керек. Сонда өсімдік жаңадан тамыр жайып өнім алуға мүмкіншілік туады.

Қырыққабат альтернариозы. Аурудың қоздырғышы Alternaria brassicae саңырауқұлағы. Ауру ылғалды кезде кең таралады. Зақымданған жапырақ бөлімі сарғайып үстін қара зең басқан күңгірт дақтар пайда болады. Аурудың таралуына және басқа өсімдікке жұғуына зақымданған тұқым егу және бунақденелілер үлкен әсер етеді.

Саңырауқұлақ жіпшелері арқылы тұқымда және өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.

Күресу жолдары.Тұқымдарды боялған гранозанмен немесе ТМТД-мен (1 кг/3 г есебімен) дәрілеу, көшеттерді 1 проценттік бордос сұйығымен өңдеп дәрілеу жақсы әсер етеді.

Қырыққабаттың ақ шірігі. Қоздырғыш саңырауқұлақтың бір түрі —Sclerotinia sclerotiorum саңырауқұлағы.

Ауру қырыққабаттың төменгі жапырақтарының шіруінен басталады. Зақымданған мүшелері ылғалданып, қоңыр тартады да, онда көптеген склероциялар пайда болады. Саңырауқұлақ топырақтағы өсімдік қалдықтарында қыстап шығады.

Күресу жолдары.Ауыспалы егіс жүйесін сақтап, ауруға шалдыққан өсімдіктерді жұлып тастап отырады. Агрохимиялық лабораторияның деректеріне сай фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдады.

Қырыққабаттың ақ ұнтағы.Ауру қоздырғыш саңырауқұлақ— Erysiphe communis. Зақымданған жапырақтарда жаздың екінші жартысында ақшыл-сұрғұлт ұнтақ, өңез пайда бо­лады. Саңырауқұлақ жаңа конидиялары арқылы көбейіп, күзде қыстап шығатын жемістік дене (клейстокарпий) түзеді. Ауру әсерінен өсімдіктер құрғап, солып қалады.

Күресу жолдары. Онша жете тексерілмеген. Негізінде құрамында күкірті бар препараттарды қолдану, ауру өсімдік қалдықтарын жою қажет.





Кесте 3

Қырыққабаттағы микромицеттердің көрініс құрамы



№


Ауру аттары


Саңырауқұлақтар аттары


Жаралану деңгейі



Жоғары


Орташа

Төмен


1


Құрғақ шірік, фомоз


Phoma lingam


+



2


Фузориоз


Fusarium oxysporumt



+

3

Қырыққабат тамыр шірігі

Plasmaphora brassicae




+



4


Альтернариоз

Alternaria brassicae

+



5

Ақ шірік

Sclerotinia sclerotiorum



+



6


Қырыққабат ақ ұнтағы


Erysiphe communis


+








Кесте 4

Қырыққабатты зақымдайтын саңырауқұлақтар



№

Зақымдаушы саңырауқұлақ аттары

Зақымдалған өсімдік мүшелері

Саңырауқұлақ тудырушы аурулар

Күресу жолдары

1

Phoma lingam

тұқым бөлігі, сабақ және тамыр

Құрғақ шірік, фомоз

Маңызды шаралардың бірі болып тұқымды келесі әдістерімен сауықтыру: сулемамен (1 г/ 1 л суға 30 мин ішінде) немесе гранозаммен (4 г у/ 1 кг тұқымға) өңдеу керек. Суда тұқымды термиялық дезинфекция – қыздыру жақсы нәтиже береді, 48-50 градусқа қыздыру. Әр сорт партиясы тұқымдары ыстық сумен өңдеуді бірдей емес қабылдайды; сондықтан алдын ала өңдеуге жататын көп емес тұқым сынамасын қыздырудың өніп шығуға әсерін сынау қажет.

Е.К.Бурухина зақымданған тұқымдарды сарымсақ шырынымен өңдеу тәжірибесінен қызықты нәтиже алды. Сарымсақ шырыны, сумен ерітілген 1:2, тұқымды фомоздан толықтай сауықтырады (тұқымды сұйықта 1 сағат ұстайды); өнуі бұл жағдайда 4% төмендейді.

2

Fusarium oxysporumt

көшет, жапырақ

Фузариоз

Топырақта жиналатын инфекцияны жою үшін ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдалану, қырыққабатты жоңышқа немесе көкөніс өнімдерінен кейін отырғызу, бір танапқа төрт-бес жыл аралықта егу, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдалану қажет. Вегетация кезінде мезгілімен 4-5 рет суару, өнімді жинау жұмысын мұқият, әрі сапалы өткізген жөн. Фузариоз ауруына төзімді сорттарды да таңдап егу қажет.






3






Plasmaphora brassicae






тамыр






Қырыққабат тамыр шірігі

Ең алдымен, аурудан таза тұқымдық материалдарды жинап соларды егеді, ауру кеңінен тараған жерде топырақты химиялық әдіспен өңдейді Ол үшін карбатион препаратын қолданады. Көп жағдайда топыраққа әкті шашқан жақсы нәтиже береді.

Ауыспалы егіс жүйесін бұлжытпай сақтау керек. Ауру тараған көшеттерді аман сақтап қалу үшін, тамырды жағалай жаңа топырақпен көму керек. Сонда өсімдік жаңадан тамыр жайып өнім алуға мүмкіншілік туады


4


Alternaria brassicae


жапырақ


Альтернариоз

Тұқымдарды боялған гранозанмен немесе ТМТД-мен (1 кг/3 г есебімен) дәрілеу, көшеттерді 1 проценттік бордос сұйығымен өңдеп дәрілеу жақсы әсер етеді




5



Sclerotinia sclerotiorum



төменгі жапырақтар



Ақ шірік

Ауыспалы егіс жүйесін сақтап, ауруға шалдыққан өсімдіктерді жұлып тастап отырады. Агрохимиялық лабораторияның деректеріне сай фосфор және калий тыңайтқыштарын қолданады



6


Erysiphe communis


жапырақ


Қырыққабат ақ ұнтағы


Күресу жолдары жете тексерілмеген. Негізінде құрамында күкірті бар препараттарды қолдану және ауру өсімдік қалдықтарын жою қажет


1.3 Қызылшаның аурулары

Қызылшының фомоз Phoma betae Frank саңырауқұлағы тамыржегіштің қоздырғышы болып табылады және қызылшаның тамыржемісі мен жапырақтарын зақымдай алады (кесте 5, 6). Төменгі жапырақтардың аурумен зақымданған бөлігі дөңгелек пішінді болады. Үлкендеу сары-қошқыл дақ түрінде, жоғары деңгейде зақымдалған бөліктері мен дақтарда ұсақ, қара саңырауқұлақтардың пикнидалары болады. Ауру жапырақтарға аса зақым келтірмейді, бірақ ол кешірек тамыржемісте көрінуі мүмкін. Тамыржемістердегі ауруды негізінен оны кескен кезде байқауға болады. Зақымданған ұлпа қара түсті, сулы және қатты. Кейініректе зақымданған ұлпада бос кеңістіктер пайда болуы мүмкін. Бұл кеңістіктерде ақ жіпшумақтар пайда болады. Фомозбен зақымданған тұқымдық тамыржемістерді іріктеп алып тастайды.

Ұрыққаптардың түсіп қалуының алдын алу үшін зақымданған тамыржемістерді бөліп, оқшаулау керек. Ауруды анықтау үшін тамыржемісті кесіп, тек диаметрі 6 мм-ден кем емес сау жарты бөліктерді отырғызады. Тұқымды гранозанмен (4г/1кг дәнге) өңдеу қажет.

Өсімдік қалдықтарын терең жырту керек. Сабақшаны өте төмен кесу қажет емес, өйткені саңырауқұлақ зақымданған ұлпа арқылы тамыржеміске өтуі мүмкін.

Күресу жолдары. Агротехниканы жоғары дәрежеде ұстау. Қант қызылшасы егістігінде аурумен күресу кезінде зақымданған тамыржемісті теріп алу. Қазып алған қызылшаны үсуден және зақымданудан, солудан алдын-ала қорғау керек.

Тұқымдардың жатып қалуы (қара аяқша) – жағымсыз жағдайдың нәтижесі, қалың себілу, жер бетінің қабыршақтануы, суық ауа-райы, ал жылы жайда ыстық пен жарық жетіспеуінен болады. Қазақстанда отырғызылып, өліп қалған өскіндерде және көшеттерде әдетте Rhlizoctonia, Fusariun, Verticillum саңырауқұлақ түрлері кездеседі.

Бұл әдетте шіру процесі, агротехникалық шаралардың нашар жүргізілуі нәтижесінде табиғаттың абиотикалық факторлар әсерінен болғаны дәлелденді. Жылыжайда бұндай ауру барлық жерде кездеседі.

Күресу жолдары. Жұқа себу, жылыжайдағы өсімдіктерді күту: суару, ауамен қамтамасыз ету, рамаларды ашып қою. Ауру өсімдіктерді фосфорқышқылды тыңайтқышпен қоректендіру. Ауыспалы егісті қолдану.

Тамыржегіш. Өсімдіктің вегетация кезінде ауру қолайсыз жағдайда микроорганизмдер жиынтығы тарапынан пайда болады. Қазақстанда Fuserium bulbigenum, F.culmorum, Rhizoctonia solani, Pythium debarianum көп кездеседі (кесте 7, 8).

Зақымданған өскін солып қалады. Тұқымжарнағының асты күңгірт түсті болып келеді. Түтікшелері қарайып бұзылған ұлпадан көрініп тұрады. Тамыр шіріген күйде болады.

Ауру - ұзақ суық көктемде, қолайсыз ауа-райында, жаңбырдан кейінгі беті қабыршақтанған топырақта көбірек дамиды.

Тамыржегіш қызылша егетін барлық аймақтарда, әсіресе Шығыс Қазақстанда кеңінен таралған. Кейде қызылшаны қайта отырғызуға тура келеді.

Күресу жолдары.Түйнектерді отырғызу алдында өңдеуден өткізу керек. Отырғызу айналымын қадағалау. Топырақтың физикалық қасиеттерін жақсарту және топырақ бетін уақытында өңдеп, өркеңдердің шығуына жағдай жасау.

Кесте 5

Қант қызылшасындағы микромицеттердің көрініс құрамы





№



Ауру аттары



Саңырауқұлақ аттары


Жаралану деңгейі



Жоғары


Орташа


Төмен


1


Қызылшаның фомозы




Phoma betae Frank.





+




2


Тұқымдардың жатып қалуы (қара аяқша)


Rhlizoctonia, Fusariun, Verticillum









+


3


Тамыржегіш


Fuserium bulbigenum, F.culmorum, Rhizoctonia solani, Pythium debarianum




+













Кесте 6

Қызылшаны зақымдайтын саңырауқұлақтар

№

Зақымдаушы саңырауқұлақ аттары

Зақымдалған өсімдік мүшелері

Саңырауқұлақ тудырушы аурулар

Күресу жолдары

1

Phoma betae Frank.

тамыржеміс, жапырақ

Қызылшаның фомозы


Агротехниканы жоғары дәрежеде ұстау. Қант қызылшасы егістігінде аурумен күресу кезінде зақымданған тамыр жемісті теріп алу. Қазып алған қызылшаны үсуден және зақымданудан, солудан алдын - ала қорғау керек

2

Rhlizoctonia, Fusariun, Verticillum

тұқым

Тұқымдардың жатып қалуы (қара аяқ)

Жұқа себу, жылыжайдағы өсімдіктерді күту – суару, ауамен қамтамасыз ету.Ауру өсімдіктерді фосфорқышқылды тыңайтқышпен қоректендіру

3


Fuserium bulbigenum, F.culmorum, Rhizoctonia solani, Pythium debarianum

тамыр

Тамыржегіш


Түйнектерді отырғызу алдында өңдеуден өткізу керек. Отырғызу айналымын қадағалау. Топырақтың физикалық қасиеттерін жақсарту және топырақ бетін уақытында өңдеп, өркеңдердің шығуына жағдай жасау

1.4 Сәбіз аурулары

Фомоз. Анағұрлым зиянды сәбіз ауруына қара, ақ және сұр фомоз шірігі жатады. Олар сақтау кезінде сәбіздің тамыржемісін зақымдайды (кесте 7, 8). Сәбіз фомоздары өсімдікті өсу кезеңінде зақымдайды. Аурудың қоздырғышы Phoma rostrupii саңырауқұлағы. Ол пикнида ішінде пайда болатын бір клеткалы споралар көмегімен тарайды. Пикнида көлемі 1мм. Пикнидалардан споралардың бөлінуі ылғалды жерде жүреді. Споралар пикнидалардан 0,3-0,5 мм–лік бұралған лента тәрізді шығады. Саңырауқұлақ спорасының өсуі жоғары температурада жүреді.

Фомоздың зияндылығы жеңіл құмды топырақта молырақ, ал құнарлы топырақта азырақ болады. Біздің тәжірибемізден, сәбіздің аналық өсімдіктерін қосымша қоректендіру режимі тұқымдардың фомозға қарсы тұрақтылығын арттырды.

Күресу жолдары. Жер жырту кезінде калийлі тыңайтқыш дозасын көбейту және сазды топырақта өсірілетін аналық өсімдікті жинаудан 2-3 апта алдында хлорлы калиймен тамырдан тыс қоректендіру, калийдің аз мөлшерімен тамыржемістерді сақтау мерзіміндегі өңдеу, екінші жылғы егістіктің төзімділігін жоғарылатты.

Қара шірік. Сәбіздің қара шірігі негізінен оңтүстік облыстарда тараған. Солтүстік және шығыс облыстарда фомозды қара шірік деп есептейді.

Қара шіріктің қоздырғышы Alternaria radicina M.D. et Eсаңырауқұлағы, ол жылу сүйгіш организм.

Күресу жолдары. Қара шірікпен күрес шаралары бойынша инфекцияны шектеуге бағытталуы тиіс, тамыржемістердің төзімділігін арттыруда қолданылатын агротехникалық шаралар. Ауру тұқым арқылы берілетіндіктен, сәбіз тұқымын өңдеу міндетті шара болып қалуы керек. Біздің тәжірибеміздің қорытындысы көрсеткендей тұқымды гранозанмен өңдеу (4 г/ 1 кг тұқымға) немесе 50% ТМТД (8-10 г/ 1 кг тұқымға) инфекциядан толығымен босатпаса да, тұқымды бір қатар тазартады.

Ризоктониоз сәбіз, қызылша, ақжелкен және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Аурудың қоздырғышы Rhizoctonia vіolacea Tul. топырақ саңырауқұлағы. Инфекция көзі болып аурумен зақымданған тұқымдар, сонымен бірге зақымданған тамыржемістердің қалдықтары болып табылады.

Күресу жолдары. Ол үшін сәбіз көкөнісін отырғызылатын жер мұқият өңделіп, механикалық және органикалық тыңайтқыштармен жеткілікті түрде қоректендірілуі қажет. Ризоктониоз қоздырғыштары топыраққа ұзақ сақталатынын ескеріп, ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдаланған жөн. Сәбіз көкөнісін күздік қара бидай, бөрібұршақ, жоңышқадан кейін отырғызған тиімді. Тұқымдыққа аурудан сау түйнектерді пайдалану керек. Ризоктониоз мол таралған аудандарға тұқымдық түйнектерді отырғызар алдында бенлат препаратының 50%-тік суланатын ұнтағымен немесе поликарбациннің 80%-тік суланатын ұнтағымен немесе витавасттың 70%-тік суланатын ұнтағымен өңдесе, сәбіз көкөнісінің ауруға деген төзімділігі артады.

Тамыржемістердің ақ шірігі. Ауру сәбізді сақтауда көп бөлігін шірітеді. Топыраққа сепкенде тұқымның өнуін тежейді. Өсіп тұрған тамыржемістер сирек ауырады. Ақ шірік кең тараған. Сәбізден басқа Sclerotinia sclerotiorum петрушка, салат, бұршақ, қияр және асқабақтарды, аздап қызанақ, қырыққабат, батат, топинамбур, цикорий, күнбағыстарды зақымдайды.

Ауру үш түрлі саңырауқұлақ түрімен тарайды – Sclerotinia sclerotiorum D. Bі, Sc. minor Jаgger, Sc. Intermedia Ramsey.

Ақ шірік тамыржеміс жұмсарғанда түсі өзгермей пайда болып, көп ұзамай зақымдалған жерлер қалың ақ жіпшумақпен қапталады. Кей жерлерде саңырауқұлақша тығыздалады, алдымен ақ, кейін қара қатты саңырауқұлақ склероциясы пайда болады. Склероциялар пайда болғанда олар су тамшылары сияқты жіпшумақ бетіне шығып тұрады. Склероциялардың формасы жарты шар тәрізді. Анағұрлым ірі склероциялар Sc. sclerotiorum – 2,5-6 мм; қалғандары майда Sc. intermedia склероциялары 1-3 мм және Sc. minоr 0,5-1 мм. Бірақ, склероциялар өлшемі ортаға байланысты өзгереді.

Склероциялардың өсуі тек оттек бар жерде жүреді, склероциялар топырақтың терең қабатына 10-15 см. түсіп кетсе өспейді. Склероциялар, әдетте біраз тыныштықтан соң өседі немесе оларда жеміс денесі ашық қоңыр түсті аяқты воронка тәрізді апотеция өсіп жетіледі. Бір склероцияда бірнеше жеміс денесі өседі. Апотеция өсу үшін ылғал және төменгі температура, жарық қажет. Апотецияның ішінде саңырауқұлақ аскоспоралары дамиды, ол қолайлы кезде өсімдікті зақымдайды.

Склероциялар тез жетіледі. Тамыр ұлпасына өтіп, улы зат бөліп, иесінің клеткасын қашық жерден де өлтіреді, склероциялар саңырауқұлақтың таралуын жеңілдетеді.

Ақ шірік өте ылғалды жерде дамиды. Саңырауқұлақ жақын температурада дамиды. Бірақ жоғары температурада (200) жылдам өседі. Саңырауқұлақтан сәбіз шірігі пайда болады, саңырауқұлақ ауру тамыржемістен сауына өтеді. Аурудың негізгі көзі саңырауқұлақтың осы түрі тіршілік ететін топырақ. Топырақ зардапталуы көп жыл бойы зақымдалған дақылды бір жерде өсіргеннен болады. Саңырауқұлақ сонымен бірге қоймада және алқаптағы зақымдалған өсімдік қалдығынан тарайды.

Күресу жолдары. Бұл аурумен күресу профилактикалық ережелерді қатаң сақтау, отырғызылатын тұқымды 50% ТМТД дустымен дәрілеу, фосфор және калий тыңайтқыштарын қажетті өлшерде пайдалану жақсы нәтиже береді. Теплицада жылылықты 17-180С шамасынан төмендетпеу керек. Зардапталған өсімдіктердің мүшелерін кесіп, кесілген жерге марганец қышқыл немесе көмір ұнтағын себу керек.

Ақжелкен және сельдерейдің аурулары

Ақ шірік. Ақжелкен және сирегірек сельдерей ақ шірікпен зақымданады. Тамыржеміс ақ түйіндермен олар кейін үлкен қара саңырауқұлақтар түйініне айналады. Зақымданған тамыржемістер шіріп кетеді.Осы топыраққа отырғызылған қызанақ және қияр кейін ақ шіріктен үлкен зиян шегеді.

Күресу жолдары. Егуге арналған тамыржемістерді жақсылап тексеру керек, егер саңырауқұлақтар пайда болса, оларды тазарту керек. Ажыратылған жерін күл немесе әкпен сылау қажет. Шіріген тамыржемістерді алып тастау қажет. Саңырауқұлақ түйіндері қалмау керек.

Сельдерейдің септориозы. Күзгі-қысқы өсіру кезінде сельдерейде дақтар пайда болады. Олардың қоздырушысы Septoria apii Chester. Бұлардың алғашқысы өсімдіктің жапырағында кішкентай 3 мм диаметіріндегі дақтар түзеді, олар кейін қоңыр түске айналады. Екінші саңырауқұлақ кішкентай дақ түзеді, кейін олардың диаметрі 10 мм ұлғаяды, анық көрінетін қызғыш қоңыр жиегі бар пикнидалар тек дақтың ортасында пайда болады.

Күрес жолдары. Агротехникалық шаралар тамыржегіштермен күрес кезінде айырықша маңызды. Анағұрлым маңыздысы: топырақтың өңделуі, сапасы нашар топыраққа әк пен көңді күзде себу; топырақтың физикалық қасиетін жақсартады, топыраққа тұқымды керекті мөлшердегі ылғалдылық пен температура болған жағдайда себу; фосфор-калийлық тыңайтқышпен өңдеу, уақытылы беткі қабықты жұмсарту; жазғы сорттың тұқымын егу керек.

Өркендерін Pythium de Baryanum, Septoria apii саңырауқұлақтарынан заласыздандыру мақсатында тұқымдарды гранозанмен өңдеу маңызды (4г/1кг тұқымға). Яровой сорттың тұқымдарын өңдеу суға салар алдында орындалады, бұл жағдайда гранозан 2-3г/1кг тұқым көлемінде қолданылады. М.А.Быстровойдың бақылауы бойынша тиімді шара тұқымды егудің алдында фунгицидтермен өңдеу және қажетті ылғалдылыққа дейін жеткізу керек.

Қызанақ жапырақтарының ақ дақтануы

Жапырақтарының ақ дақтануы кең тараған. Кей ауруларды мысалы, Батыс Украинада, Алтай өңірінде, Белоруссияда, Қиыр Шығыста, Солтүстік Кавказда әсіресе ерте сорттарға зиян әкеледі. Бұл ауру қызанақтарға ашық грунтта және жылыжайда жұғады. Теплицада сирек кездеседі, жай тарайды, кішкене ошақтар құрайды.

Ақ дақтардың пайда болуымен жапырақтың көп бөлігі өледі. Бұл процесс екінші және келесі жеміс шашақтары шыққанша жүреді.

Ауру тудырушы – паразитті саңырауқұлақ – Sepatoria lycopersici Speg., көбінесе қызанақ жапырақтарын зақымдайды, бірақ тамыр, сабақ, тостағанша жапырақтарын және сирек жасыл жемістерді зақымдандыруы да мүмкін. Ауру алдымен ерте сорттардың көшеттерінде пайда болады. Төменгі жапырақтарда кейде тұқымдарда дара (1-3) кір-ақ дақтар, шеті қара түстер пайда болады.

Пикнидтер кең саңылаулы шар тәрізді пішінде. Пикнидтің ішінде түссіз жіп тәрізді, біраз иілген, көп клеткалы споралар дамиды.

Зақымданған өсімдіктердің көшет фазасындағы пайызы әдетте жоғары емес, алайда көшетте аурудың пайда болуы үлкен қауып әкеледі, өйткені егістікте инфекцияның бірінші өкілі түзіледі. Аурудың даму деңгейі ылғалдыққа және температураға тәуелді. Саңырауқұлақтың споралары пикнидтен босап шығып, тек ылғалды ауада таралады. Аурудың инкубациялық мерзімі екі аптаға созылады.

Аурудың дамуы үшін жылы ауа райы қажет болады. (25С0)

Ауру төменгі жапырақтан жоғарыға қарай ауысады. Ескі төменгі жапырақтар ауруға сезімтал болып келеді. Ылғал және жылы ауа райында өсімдіктегі дақтар көбейіп, бірімен бірі жабысып, жапырақты түгелімен жаулап алады. Ауру жапырақтар қысқа уақыт ішінде қоңырланып, солып, түсіп қалады. Ауру ерте таралғанда қызанақ егістігінде өнім төмендейді.

Аурудың маңызды және негізгі алғашқы көзі болып ауру өсімдіктердің қалдықтары табылады. Жерге түскен жапырақтарда саңырауқұлақтар қыстап шығады. Зақымданған жылыжайларда ерте көктемде көшеттер зақымданып егістікке таралады. Бұл жағдайда ұрық алмастыруды қолдану, алқапта аурудың дамуының алдын алмайды. Ауру тұқымдар арқылы таралмайды. Ақ дақ ауруы зақымданған көшет арқылы беріледі.

Көшеттік емес культурада дән есебуді дұрыс жүргізгенде қызанақтар ақ дақпен аз зақымданады.

Ақ дақ аурумен қызанақтардың көп сорттары зақымданады, бірақ оның төзімділері де бар. Мысалы, Лучший сорты, барлық төзімділердің ішіндегі жоғары Пьелетта, Алиса Рузвельт, Король ерте, Бизон жоғары сорттарына қарағанда шамалы төзімді. Септориозға төзімділіктің айырмашылығы ұлпаның зақымданғанын боялғанынан және пикнидтен көруге болады. Төзімді өсімдіктерде дақтар кішкентай және түсі қызыл-қоңыр болады, пикнид аз немесе тіпті блмайды. Төзімді өсімдіктерде ауру кеш пайда болады. Маяк сорты ерте егу кезінде ақ дақ аурумен қатты зақымданады. Қызанақтардың өте төзімді түрлері: түпті және перувиандық. Олардың төзімділігі мәдени сорттарды шағылыстыру арқылы тұқым қуалайды.

Күрес жолдары. Шаруашылықтарғы қызанақ зақымдануының алдын алу үшін, өсімдік қалдықтарын жақсылап қопсыту және жылыжайларды дұрыс тазалау керек. Зақымданған жапырақ қалдықтарын және топырақтың үстінгі қабатын тазалап, оны бөлек штабельге қою керек. Топырақты 3-4 жылдан кейін қайта пайдалануға болады. Өсімдік қалдықтарынан жылыжай төңіректері де тазалануы керек, содан сон соқамен терең жырту керек. Алқаптағы себу айналымында, қызанақты орналастыру кезінде ең жақсысы қызанақ егуде, алдыңғы жылғы ақ дақтықпен зақымданған қызанақ өскен жерге оны қайта егуге жол бермеу керек.

Қызанақтарды, сол жерге қайтадан 3 жылдан артық емес уақытта өсіруге болады. Жылыжайларда дақылдардың кезектесуін, топырақтың ауысуын жүргізу қажет.

Ақ дақдықпен күресудің химимялық әдістері жоғары тиімді. 1% бордосс сұйықтығын ақ дақтыққа қарсы фунгицид ретінде қолдануға болады. Қазіргі күні қолдануға ыңғайла препаратты – мыстың хлортотығын қолдануға болады. Мыстың хлортотығы әр түрлі жерлерде көптеген зерттеушілермен қолданылып зерттелді. Ол дуст түрінде тозаңдату үшін (1 га –ға 15-20 кг) немес 0.5% суспензия ретінде шашу үшін қолданылады. М.Е.Парфилова тәжірибелерінде мыстың хлортотығының дусты ақ дақтықпен және макроспориозбен зақымдануы күрт төмендеткен және егінді 50-110% жоғарлатқан.

Батыс Сібір көкөніс станциясы деректері бойынша қызанақтарды ТМТД-ың 1,5% суспензиясымен ақ дақтыққа қарсы шашу бордосс сұйықтығына қарағанда тиімдірек.

М.Е.Парвилова қызанақтардағы аурулар комплексіне қарсы соның ішінде септориозға қарсы, 0,3% цинеб сұйығын шашуды ұсынады. Аурумен қатты зақымданған жағдайда алқаптағы қызанақтардың пасынкованиесін тоқтату керек, өйткені өсімдіктердің жаңадан түзілетін жас, төзімдірек бастамалары (побеги) зақымданған, қурап қалған жапырақтарды ауыстырады.

Басқа шаруашылықтан зақымданған көшет арқылы ауру әкелмеу жолдарын қарастыру керек.

Ақ дақтықтың жылыжайларда дамуымен күресудің химиялық жолдарын көшет өсіру кезеңінде, топыраққа отырғызудан 2 апта бұрын бастау қажет.

Алқапта, егер ылғалды және жылы ауа райы болса, өңдеуді өсімдіктер өсуін бастаған кезде оны әр 2 апта сайын қайталап тұру қажет. Бір реттік шашырату үшін 1 га 400-600 л сұйықтық қажет.

Фитофтороз (қызанақ жемістерінің кеш шіруі)

Солтүстік, Шығыс, РСФСР-ның кейбір орталық облыстарында, Белорусияда шілде мен тамыз айларының үлкен жауын шашынды кезінде қызанақтардың кеш жиналған жемістері фитофторозбен зақымдануы мүмкін. Сахалинде ол қызанақтар өнімінің үлкен шығынын тудырады; жинап алудың аздап кешігуі жемістерді 60-80% жоғалтуға әкеледі. Фитофтороз – Приамурде де зиянды ауру кейбір жылдары тұман мен шық кезінде фитофтороз күз айларында оңтүстік аудандарда да, мысалы Краснодар жағында күшті дамиды; бұл ауру Қара теңіз жағалауында қызанақтардың кеш жазғы культурасын қатты зақымдайды.

Фитофторозбен қызанақтық жемістері, жапырақтары, сабақтары зақымданады. Жасыл жемістерде ауру қатты қоңыр дақтар ретінде пайда болады, зақымданған жемістің ішкі клеткалары ақшыл қоңыр болып кетеді.

Қызанақ жапырақтары мен сабақтарының зақымдануының сиректеу және барлық сорттарда кездесе қоймайды. Жапырақтарда қоңырлау немес қызғыш қара түстер пайда болады; ылғалды жылы ауа райында дақ ұлғаяды, жапырақтың төменгі жағында ақшыл дақ спорангилер және саңырауқұлақтың споранги қаптары: сабақтарда зақымдану тұтас қою-қоңыр жолақ түрінде көрінеді, фитофтороз кейбір вегетативті бөліктері зақымданатын, олардың спорангилерінде ауа арқылы тарайтын инфекцияның пайда болуына әкелетін сорттары үшін қауіпті.

Фитофтороз Phytophtora infertans D.B. саңырауқұлағы арқылы тарайды, ол картофель сабағын және түбірін, баклажанды зақымдайды.

Саңырауқұлақ спорангилері зооспора арқылы өседі; зооспора пайда болу температурасы 12 градус; одан жоғары температурада спорангилер өскін трубкаға дейін өседі.

Фитофтороздың таралу жылдамдығы және дәрежесі ауа райы жағдайына өте тәуелді. Фитофороздардың қаптап кетуі ұзақ жаңбырдан кейін байқалады. Ылғалдылық – негізгі фактор, ол аурудың дамуын арттырады, өйткені спорангилер тек ылғалды ауада 90% пайда болуы мүмкін; спорангилердің пайда болуының оптимальді температурасы 22-24 градус. Сондықтан салқын түн және жылы күн жоғары ылғалдылықта, әсіресе тұман және шық, фитофороздардың өсуіне қолайлы. Аурудың инкубация кезеңінің ұзақтығы оптималды жағдайда 2-3 күн.

Фитофороздардың қоздырушысы зақымданған картоп түйнегінде қыстайды; ауру қызанақ түйнегінде пайда болғанынан кейін байқалады. Соңғы уақытта алынған мәліметтерден, саңырауқұлақтың қыстағыш органы пайда болуы мүмкін – зооспоралар қызанақтың қабығында және ұрығында болады, жемістің шіруінен кейін тіршілік қабілеттілігін сақтайды. Осылайша ауру қызанақтар келесі жылғы аурудың көзі болып табылады.

Күрес жолдары. Егудің дұрыс айналымын сақтау керек; қызанақты еккенде алқаптан зақымданған жемістерді тазарту керек. Ерте жиналатын жемістерді жәшікке салып тиімді жинау жөнінде үкім бар.

Минералды тыңайтқыштарды пайдалануда калийлі тыңайтқыш дозасын жоғарылату жемістердің фитофторозға тұрақтылығын арттырады. Приамурде қызанақ көшетін фосфорлы – калийлі тыңайтқышпен 2 қайтара қоректердіру және 0, 0.2% мыс купаросы ерітіндісімен өңдеуді міндеттейді.

Химиялық күрес шаралары ретінде фитофторозға қарсы эфектілі. 1% бордосс сұйығын кең пайдалану керек; қызанақтарды дустпен, мыс хлортотығымен тозаңдау да жеміс зақымдануын төмендетеді. Шетел әдебиеттері мәліметі бойынша фитофтороз және макроспориозбен бір уақытта күресу үшін ценибпен тозаңдау немес шашу тиімді. Күресудің химиялық шараларын аурудың ауданда қатты таралуына дейін, өз уақытында жүргізу керек. Приамурда қызанақты түйнек пайда болғаннан кейін шашу тиімді, міндетті түрде улы химикаттарды жаңбырмен жуылуына байланысты 3-4 рет қайта шашу керек; бордос сұйығын шашуды АБ препоратымен сол уақытта тозаңдап алмастыруға болады.

Қызанақ жемісінің қара шірігі

Қызанақ жемісінің қара шірікпен ауруы барлық жерде таралған. Бұл ауру ылғалды ауа райында кеш жиналатын жемістерді зақымдайды; жылыжай культурасында ауру әдетте кездеспейді.

Қарашірік қоздырғышы – паразитті Diplodina Destructiva Petr. u Plow саңырауқұлақтары. Олар жемістің сағақшаға ілінген жерін зақымдайды; жасыл жемісте алдымен үлкен емес, сулы, ашық сұр түсті дақ пайда болады; аз уақытта дақтың беті ортасынан бастап қараяды және пайда болған пикнид массасынан қабықша пайда болады. Қызылжемістердің зақымдануы кезінде дақ бірден қараяды, өйткені пикнидтер тез пайда болады. Пикнидтер деп 2 клеткалы немес 1 клеткалы цилиндрлі споралар, сирек сопақша формада, кейде аздап иілген.Саңырауқұлақ споралары егін қалдығының пикнидтерінде қыстайды. Ауру ауаның тек жоғары ылғалдылық кезінде дамиды. Жемістердің зақымдануы қабығының зақымдануы кезінде болады, сондықтан қарашірік жарылған жемістерде дамиды.

Күрес жолдары. Қызанақтарды 1% бордосс сұйығымен шашу жеміс ауруының пайда болған уақытында жүргізіледі. Жинау және жайластыру кезінде жемістерге күтіммен қарау керек.



Кесте 6

Сельдерей мен ақжелкедегі микромицеттердің көрініс құрамы




№


Ауру аттары


Саңырауқұлақтар атауы


Жаралану деңгейі


Қатты


Орташа


Әлсіз


1


Ақ шірік


Sclerotinia petro selinium



+




2

Сельдерейдің септориозы

Septoria apii






+



















Кесте 7

Сәбіздегі микромицеттердің көрініс құрамы



№

Ауру аттары

Саңырауқұлақ аттары

Жаралану деңгейі


Жоғары

Орташа


Төмен


1


Фомоз


Phoma Rostupil


+


2


Қара шірік


Alternaria radicina



+

3

Ризоктониоз

Rhizoctonia violaceae




+


4

Тамыржемістердің ақ шірігі


Sclerotinia sclerotiorum





+















Кесте 8

Сәбізді зақымдайтын саңырауқұлақтар


№


Зақымдаушы саңырауқұлақ аттары



Зақымдалған өсімдік мүшелері


Саңырауқұлақ тудырушы аурулар


Күресу жолдары

1

Phoma Rostupil

тамыржеміс

Фомоз


Жер жырту кезінде калийлі тыңайтқыш дозасын көбейту және сазды топырақта өсірілетін аналық өсімдікті жинаудан 2-3 апта алдында хлорлы калиймен тамырдан тыс қоректендіру, калийдің аз мөлшерімен тамыржемістерді сақтау мерзіміндегі өңдеу, екінші жылғы егістіктің төзімділігін жоғарылатты.


2

Alternaria radicina

тұқым, тамыржеміс

Қара шірік


Қара шірікпен күрес шаралары бойынша инфекцияны шектеуге бағытталуы тиіс, тамыржемістердің төзімділігін арттыруда қолданылатын агротехникалық шаралар. Ауру тұқым арқылы берілетіндіктен, сәбіз тұқымын өңдеу міндетті шара болып қалуы керек, мысалы қызанақ тұқымдарын өңдеу тәрізді. Біздің тәжірибеміздің қорытындысы көрсеткендей тұқымды гранозанмен тозаңдау (4 г/ 1 кг тұқымға) немес 50% ТМТД (8-10 г/ 1 кг тұқымға) инфекциядан толығымен босатпаса да, тұқымды бір қатар тазартады.



3

Rhizoctonia violaceae

тұқым, тамыржеміс

Ризоктониоз


Сәбіз көкөнісін отырғызылатын жер мұқият өңделіп, механикалық және органикалық тыңайтқыштармен жеткілікті түрде қоректендірілуі қажет. Ризоктониоз қоздырғыштары топыраққа ұзақ сақталатынын ескеріп, ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдаланған жөн. Сәбіз көкөнісін күздік қара бидай, бөрібұршақ, жоңышқадан кейін отырғызған тиімді. Тұқымдыққа аурудан сау түйнектерді пайдалану керек. Ризоктониоз мол таралған аудандарға тұқымдық түйнектерді отырғызар алдында бенлат препаратының 50%-тік суланатын ұнтағымен немесе поликарбациннің 80%-тік суланатын ұнтағымен немесе витавасттың 70%-тік суланатын ұнтағымен өңдесе, сәбіз көкөнісінің ауруға деген төзімділігі артады.


4

Sclerotinia sclerotiorum

тамыржеміс

Тамыржемістердің ақ шірігі


Бұл аурумен күресу профилактикалық ережелерді қатаң сақтау, отырғызылатын тұқымды 50% ТМТД дустымен дәрілеу, фосфор және калий тыңайтқыштарын қажетті өлшерде пайдалану жақсы нәтиже береді. Жылыжайда жылылықты 17-180С шамасынан төмендетпеу керек. Зардапталған өсімдіктердің мүшелерін кесіп, кесілген жерге марганец қышқыл немесе көмір ұнтағын себу керек.








Қорытынды

1. Көкөніс өнімдерін зақымдайтын микромициттердің түрлерінің көпшілігі мәдени өсімдіктерді егістікте зақымдап, олардың жемістері, тұқымдары, тамыржемістері вегетативтік мүшелерімен бірге қолдануға түседі. Олар: пияздың жалған ұнтақты шық ауруын қоздырушы - Peronospora destructor sp., түбіртек шірігі - Perenospora destructor, пияз мойыншасының шірігі - Urocystis cepulae, пияздың таты - Puccinia porri.

- Қызылшаның фомоз ауруын қоздырушы- Phoma betae, қара аяқ- Rhiroctonia sp. Қызылшаның тамыржегіші - Fuserium bulbigenum, F.culmorum, Rhizoctonia solani, Pythium debarianum Uromyces betae.

- Сәбіз ауруын қоздырушы фомоз- Phoma rostrupii, сәбіздің қара шірігі – Alternaria radicina, ризоктониоз – Rhizoctonia violacea, тамыржемістердің ақ шірігі - Sclerotinia sclerotiorum.

  • Қырыққабаттың құрғақ шірік фомозы- Phoma lingam, қырыққабаттың фузариозы- Fusarium oxysporium, қырыққабаттың альтернариозы- Alternaria brassicae, қырыққабаттың ақ шірігі- Sclerotinia sclerotiorum, қырыққабаттың құрғақ шірігі- Phoma lingam, қырыққабат тамыр шірігі- Xantomanas sp, қырыққабат ақ ұнтағы- Erysiphe communis.

Қалыпты зат алмасуының көкөністерді сақтау кезіндегі бұзылуы, өсімдік ұлпасының вегетациялық кезеңімен салыстырғанда, ауруға тұрақтылығын төмендетеді.

Физиологиялық процесстердің интенсивтілігі сақталу кезіндегі түрлі жағдайларға байланысты өзгереді. Температура әсер етеді, температура жоғарыласа тыныс алу мен булану жоғарылайды. Сондықтан температураның жоғарылауы көкөністерді сақтауға кері әсер етеді. Оның көкөністерді жинап алған алғашқы кезеңдерде ғана маңызы зор. Температураның күрт өзгеруі кезінде тыныс алу қарқынды жүреді. Жеңіл сіңетін заттарға бай көкөністердің физиологиялық тұрақтылығын сақтау кезінде біртіндеп жоғалтатын заттары микроорганизмдерге жақсы қоректік орта болады. Яғни, көкөністердің сақтау кезінде тез бұзылуының себебі физиологиялық тұрақтылығын жоғалтуымен байланысты болады. Сондықтан, сақтау кезінде көкөністерді сапасын жоғалтпайтындай етіп, қалыпты жағдайын қадағалау керек. Көкөністерді сақтауда жақсы антисептик көмірқышқыл газы – тамыржемістер тығыз жабылған ағаш жәшіктерге салынып бөлмеде төменгі +4оС температурада сақталады. Мұндай жағдайда көмірқышқыл газы жиналып, микроорганизмдердің дамуына жол бермейді; тыныс алу мен булану баяу жүреді, қор заттары аз жиналады. Көптеген аурулар алқаптан көкөністер арқылы келеді. Бірақ, саңырауқұлақ склероциялары сонымен бірге олардың споралары қоймаларда өнім қалдықтарында сақталады. Сондықтан қоймаларды дайындауда дезинфекциялау шарасы тиімді.

Қазақстанда көкөніс дақылдары шаруашылығының дамуына толық мүмкіншілік бар. Ғалымдардың және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көп жылғы тәжірибелері нәтижесінде алынған жоғары сапалы көкөніс өнімдері оған дәлел бола алады.

Көкөністерді зақымдап өнімдердің сапасын түсіретін, шаруашылыққа кері әсерін тигізетін ауру туғызатын саңырауқұлақтарды анықтап, оларға қарсы күрес шараларын тиімді пайдалана отырып, халықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін биология ғылымының түрлі салалары күнделікті өмірде құнды жаңалықтармен толығуда. Ал оның ішіндегі қажеттісін тиімді қолдана отырып, аз да болса елдің қажеттілігін қанағаттандыра білу біздер болашақтың ірге тасын қалаушылар - жас ұрпақтар еншісінде.










Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы 2005

  2. Гордеева Т.Н., Дродова И.Н.,Круберг Ю.К., Писулукова В.В. «Практический курс систематики растений» М. Издательство «Просвещение» 1986.

  3. Жуковский П.М. Ботаника. Издательство «Высшая школа» Москва 1964

  4. Комарницкий Н.А., Кудяшов Л.В., Урамов А.А. «Систематика растений»Ботаника. Москва. Просвещение 1975

  5. Кужантаева Ж.Ж.. «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы» Алматы 2004

  6. Абдиодина Д.З. «Микромицеты северного Тянь-Шань (Алматинский заповедник)» Автореф.дисс.канд.биол.наук. Алма-Ата 1987.

  7. Казенас Л.Д. «Заметки о перезимовке некоторых иржавчинных грибов», Труды респуб.станций защиты растений Алма-Ата. 1956. Т.Ш,С 213-215.

  8. Казенас Л.Д. «Список болезной сельскохоз. растений Казахстана» Труды респуб.станций защиты растений. Алма-Ата. 1956. Т.Ш,С 216-240.

  9. Казенас Л.Д. «Болезни сельскохозяйственных растений Казахстана» Алма-Ата: Қайнар. 1974. 366с.

  10. Дьяченко В.С. «Болезни и повреждения овощей плодов и картофеля при хранении» Издательство МСХА. Москва 1991.

  11. «Болезни и вредители лука и чеснока» (часть 1) Источник: по материалом Internet- источников. 2007.

  12. «Корнеплоды и клубнеплоды. Морковь». Источник: по материалом Internet- источников. 2008.

  13. «Луки. Репчатый лук». Источник: по материалом Internet- источников. 2008.

  14. «Вредители и болезни растений» Источник: по материалом Internet- источников. 2009.

  15. Кужантаева Ж.Ж. «Таксономический критерии и филогения грибов род Септория» Алматы. Ғалым 1996.

  16. Бостанова А.М. «Биоэкологические особенности видов грибов, поражающих семена в зернохранилищах Южного Казахстана». Авт.дисс.на соиск.уч.степени кандидата биол.наук. Алматы. 2009г.



















10


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
1210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі