ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы
Білім
беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі:
Мүсіндеу
Тақырыбы: Саңырауқұлақты
алқап.
Оқу
іс-әрекетінің мақсаты: балалардың
бірнеше бөліктен тұратын заттарды
біріктіріп мүсіндеу алу дағдыларын
бекіту,оларға мазмұн беру;мүсіндеуге
деген қызғанушылықтарын арттыру.
Керекті
құралдар мен материалдар:
Педагог
ушін:саңырауқұлақ суреттері,тақтайша,ермексаз
арнайы кескіш таяқша.
Балалар
үшін:тақтайша, ермексаз, кескіш таяқша,
қолорамал.
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Шаттық
шеңберіАрмысың асыл күн,Армысың жан
досым.
Жылуыма
жылу қос,
Міне,
менің қолым.
|
Қызығушылық
білдіреді.Балалар шеңбер құрып,
дөңгелене тұрады.жылы лебіздерін
білдіреді.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балаларға
саңырауқұлақ, олардың түрлері туралы
түсінік беріп,қайда өсетіні,атауы,оның
тамақ ретінде пайдаланатыны, улы
түрінің болатыны жайында мағлұматтар
береді. Балалардан кімнің саңырауқұлақты
өз көзімен көргені,жинағаны туралы
сұрау. Жұмыс
дәптеріндегі саңырауқұлақты мүсіндеудің
әдіс-тәсілдерін көрсете отырып
түсіндіреді.Алдымен ақ және қоңыр
түсті ермексаз кесегін екіге бөліп,алақан
арасына салып жұмсартамыз.Қоңыр түсті
кесегін алақан арасына салып
домалақтап,шарик жасаймыз.Оның ортасын
басбармағымызбен басып,саңырауқұлақтың
қалпағының
пішініне келтіреміз.
Ақ
түсті ермексазды цилиндр-шұжық пішініне
келтіреміз, ол саңырауқұлақтың аяғы
болады.
Енді
екі бөлікті бір-біріне біріктіріп,
олардың сырттарын тегістейміз.
Саңырауқұлақты
жасыл түске боялған қатырма қағаздың
үстіне орнатамыз.
Балалар
үлгіге қарап отырып мүсіндеу
жұмысын орындайды.
Аяқталған
жұмыстардың орындалуына талдау жасап,
ең жақсы жасалғандарын атап өту.
|
Оқу
іс- әрекетінің мақсатымен, тақырыбымен
танысады.
Керекті
құрал- жабдықтарды түгендейді,
тексереді.
Жасалатын
бұйым туралы білетін пікірлерін ортаға
салады.
Ермексазбен
жұмыс жасағанда сақтау керек тазалық
ережелерін естеріне түсірді.
Жұмыс
барысымен танысады.
Жұмыстың
реттілігі бойынша бұйымды жасайды.
|
Рефлексивті
– түзетушілік
|
Дайын
жұмыстарды балалармен
талдап , бағасын береді, кемшіліктерді
түзету жолын өздерінен сұрайды.
|
Жасаған
жұмыстарын тәрбиешіге көрсетеді.
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені
білу керек:
-мүсіндеудің
негізгі жұмсарту, созу, құрастыру, жаю,
тегістеу, жалпақтау, домалақтау
тәсілдерін;
Нені
игереді:
-балалардың
бірнеше бөліктен тұратын заттарды
біріктіріп мүсіндей алуды үйренеді;
Нені
біледі:
-қатырмақағазға
бедерлеу тәсілін орындауды.