400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Санитарлық өңдеу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғашқы әскери дайындық

сабағының «Азаматтық қорғаныс» тарауынан 11 сыныпқа арналған

ЖОСПАРЫ


Тақырып №15. Санитарлық өңдеу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері

Сабақ 1. Санитарлық өңдеу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері


Сабақтың мақсаттары:

1) оқулық. Оқушыларға адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері жайлы мәлімет беру.

2) тәрбиелік. Оқушыларға өтетін тақырыптың маңызын түсіндіріп, адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылған түрде және дер кезінде өткізілсе адамдар жапа шекпейтіні жайлы түсіндіру.

3) біліктілік. Оқушылардың жаңалыққа деген ынталарын арттыру.


Уақыт. 40 минут.

Өткізілетін орны. АӘД кабинеті.

Әдістеме. Баяндау, түсіндіру, көрсету.

Көрнекі құрал-жабдық. Арнайы таблица, ГП-5 газқағары – 5 дана, АИ-2 – 1 дана, ИПП-8 – 1 дана.

Басшылық және әдістемелік әдебиет. Азаматтық қорғаныс әдістемесі, АӘД оқулығы.


Жоспардың сұрақтары мен оларға бөлінген уақыт:


1. Адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру, адамдарды жартылай және толығымен санитарлық өңдеуді жүргізу тәртібі, дезактивация, дегазация және дезинфекция өткізу тәртібі – 12 мин.

2. Қорғану киімдері мен аяқкиімдерін, қару мен техниканы жартылай дезактивациялау, дегазациялау және дезинфекциялау әдістері – 10 мин.

3. Дезактивация, дегазация және дезинфекция жүргізуге қажетті заттар мен ертінділер – 8 мин.



Сабақтың барысы


I. Кіріспе бөлім - 2 минут


1. Сапқа тұрғызу, баянат алу, сәлемдесу, оқушылардың сырт пішінін тексеру - 1 мин.

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау – 1 мин.




Негізгі бөлім – 35 минут


1-і сұрақ – 12 минут. Адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру, адамдарды жартылай және толығымен санитарлық өңдеуді жүргізу тәртібі, дезактивация, дегазация және дезинфекция өткізу тәртібі


Алдымен оқушыларға адамдарды санитарлық өңдеуден өткізу (киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру) жұмыстар қандай мақсатпен қай уақытта және осы жұмыстарды жүргізу тәртібі жайлы баяндаймын.

Сонымен адамдарды санитарлық өңдеу, киімді, аяқкиімді, қорғану құралдарын, қару мен техниканы дезактивациялау және залалсыздандыру жұмыстарының кешені болып табылады.

Санитарлық өңдеу — бұл адамның тері жабынынан, сондай-ақ жеке қорғану құралдарынан, киген киімі мен аяқ киімінен радиоактивті заттарды кетіру, уландырушы заттарды, ауру таратушы микробтар мен токсиндерді зарарсыздандыру.

Санитарлық өңдеу ішінара және толық болып бөлінеді.

Ішінара санитарлық өңдеу радиоактивті заттармен (радиоактивті шаңмен) зақымданған кезде тікелей радиоактивті зақымдану аймағында немесе одан шыққаннан кейін мүмкіндігінше бірінші сағатта жүргізіледі. Бұл үшін сырткиімді шешіп, арқаны желге қарсы ұстап тұрып сілкиді.

Одан кейін киімді ілу және оны үрып-қағу неме­се тазалау керек. Аяқкиімді сумен жуу немесе ылғал шүберекпен сүрту; қол мен мойынның ашық жерлерін, газтұмылдырықтың беттік бөлігін таза сумен жуу; газтұмылдырықты шешіп, бетті мұқият жуу; ауыз бен тамақты шаю қажет. Егер су аз болса, онда тері жабынының ашық жерлерін және газтұмылдырықтың беттік бөлігін ылғал тампондармен сүрту керек. Қыста киім мен аяңкиімді таза қармен сүртуге болады.

Тамшылы-сұйық уландырушы заттармен зақымданған кезде дереу ішінара санитарлық өңдеу жүргізіледі. Бұл үшін газтұмылдырықты шешпестен терінің ашың жерлеріне түскен УЗ-ны, киімнің зақымданған жерлерін, газтұмылдырықтың беттік бөлігін химияға қарсы дербес пакеттегі ерітіндімен өңдеген жөн. Егер ол жоқ болса, онда тамшылы-сұйық УЗ-ны тұрмыстық химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Мысалы, ересек адамның терісін өңдеу үшін алдын ала 1 л 3% -дық сутек асқын тотығы мен 30 г күйдіргіш натрды дайындау керек, оларды тікелей пайдаланудың алдында араластырады. Күйдіргіш натрды силикатты желіммен алмастыруға болады (1 л 3% -дың сутек асқын тотығына 150 г желім). Ерітінділерді қолдану тәсілі химиялык, пакет сұйықтығын қолдануға ұқсайды. Құрғақ күйдіргіш натрды пайдалану кезінде оның көз бен теріге түсіп кетпеуін қадағалаған жөн.

Ал, биологиялық заттармен зақымданған кезде ішінара санитарлық өңдеуді өткізу үшін дененің ашық жерлерін залалсыздандырушы құралдармен сүртеді, ал мүмкіндік болған кезде оларды сабындап, жылы сумен жуу қажет.

Егерде, бір уақытта радиоактивті, улы заттармен және биологиялық құралдармен зардап шеккенде, алдымен улы заттардан залалсызданып, сосын биологиялық құралдардан және радиоактивті заттардан залалсыздану қажет.

Толық санитарлық өңдеу бүкіл денені жылы сумен және сабынмен мұқият жууды, сондай-ақ зардап шеккендерге арнаулы медициналық көмек көрсетуді қамтиды. Бұл ретте ішкі киім, киім, аяқкиім арнаулы өңдеуден өткізіледі немесе алмастырылады. Санитарлық пункттер жуыну павильондарының, моншалардың жөне басқа тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің негізінде немесе сол жерде, тікелей шатырларда ұйымдастырылады. Жылдың жылы мезгілінде толық санитарлық өңдеуді зақымданбаған ағынды су қоймаларында өткізуге болады.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

    1. Санитарлық өңдеу дегеніміз не?

    2. Ішінара (толық) санитарлық еңдеу нені қамтиды?


2-і сұрақ – 10 минут. Қорғану киімдері мен аяқкиімдерін, қару мен техниканы жартылай

дезактивациялау, дегазациялау және дезинфекциялау әдістері


Алдымен оқушыларға зақымданған жердегі әрекеттердің нәтижесінде киім, аяқкиім, қорғану құралдары, техника радиоактивті, уландырушы заттармен зақымдануы мүмкін екендігін хабарлаймын және оларды зарарсыздандыру үшін, сонымен қатар адамдарға жұқтырмас үшін дезактивация, дезинфекция, газсыздандыру ішінара және толық жүргізілетіні жайлы баяндаймын.

Дезактивация (белсенділігін жою) — зақымданған беттерден радиоактивті заттарды кетіру.

Киім, аяқкиім мен қорғану құралдарын дезактивациялау үшін оларды қағып- сілкиді, жуушы құралдардың судағы ерітіндісімен жуады немесе сүртеді (резеңке және былғары бұйымдарды); киімді дезактивациялаушы заттарды қолдану арқылы шаюға болады.

Техниканы ішінара дезактивациялау оның зақымдану дәрежесін төмендету мақсатында өткізіледі. Техниканы толық дезактивациялау зақымданудың жол берілетін шамаларында барлық беттерден радиоактивті заттарды ерітіндімен, сумен шаю, онымен бір мезгілде зақымданған беттерді арнайы қышқылдармен тазарту арқылы өңдеуді қамтиды. Оны арнаулы өңдеу пункттерінде Азаматтық қорғаныс құрамалары өткізеді.

Дезактивация үшін арнаулы ерітінділер, жуушы ұнтақтар мен басқа да жуушы құралдардың судағы ерітінділері, сондай-ақ кәдімгі су мен еріткіштер (бензин, керосин, дизельдік отын) қолданылады.

Газсыздандыру — уландырушы заттарды кетіру немесе химиялық жою (залалсыздандыру). Киімді, аяңкиімді, жеке қорғану құралдарын газсыздандыру қайнату, бу- аммиактік қоспамен (арнаулы құрылғыларда) өңдеу, жуу мен желге ұстау (табиғи газсыздандыру) арқылы жүзеге асырылады.

Техниканы ішінара газсыздандыру кезінде оның адамдар жанасатын бөліктері ғана өңделеді. Толықтай газсыз­дандыру объектінің барлық беттерінен уландырушы зат­тарды кетіруден немесе залалсыздандырудан құралады.

Газсыздандыру үшін арнаулы газсыздандыру ерітінділері қолданылады. Ол үшін жергілікті материалдарды: сілтілік сипаттағы өнеркәсіптік қалдықтарды, аммиак ерітіндісін, күйдіргіш калий немесе күйдіргіш натрды, сондай-ақ еріткіштерді (бензин, керосин, дизельдік отын) пайдалануға болады.

Дезинфекция (зарарсыздандыру) — биологиялық құралдар мен токсиндердің химиялық әсерін жою. Киімді, аяқкиімді және жеке қоргану құралдарын дезинфекциялау бу-ауа қоспасымен өңдеумен, қайнатумен, дезинфекциялаушы ерітінділермен ылғалдандырумен (немесе олармен сүртумен), жуумен жүзеге асады.

Техниканы толықтай дезинфекциялау газсыздандыру кезіндегідей тәсілдермен, тек дезинфекциялаушы ерітінділермен өткізіледі.

Дезинфекция үшін арнаулы дезинфекциялаушы құралдар: фенол, крезол, лизол, сондай-ақ газсыздандырушы ерітінділер қолданылады.

Биологиялық зақымдану ошағында жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін арнаулы режім — ка­рантин немесе обсервация енгізілуі мүмкін. Карантин аймағындағы халық ұсақ топтарға бөлінеді, оларға өз пәтерлері мен аулаларынан шығуға рұқсат етілмейді.

Азық-түлік өнімдері, су қоры және ең қажетті заттар үйге жеткізіледі. Карантин жариялаған аудандардан шығуға (көлікпен шығуға) тыйым салынады.

Обсервация кезінде ауруды айқындау үшін медициналық іс-шаралар, алдын алу шаралары, әсіресе екпе салу жұмыстары ұйымдастырылады, адамдардың өзара қарым-қатынасы шектеледі.

Оқу орындары мен мәдени-ағартушылық мекемелер өз жұмыстарын белгіленген қатаң тәртіптерді орындау жағдайында ғана жалғастыруы мүмкін.



Биологиялық зақымдану ошағындағы халық Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметі талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Әсіресе тамақтану режімін сақтау маңызды. Тоңазытқыштарда немесе жабық ыдыстарда сақталған азық-түлікті ғана тұтынуға рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, ауызсуды да міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу керек.

Мұндай жағдайларда тұрғын үйлерді, аулаларды, ортақ пайдаланылатын жерлерді үнемі тазалықта ұстау үлкен маңызға ие.

Жеке гигиена талаптарын: жуынуды, ішкі киім мен төсектік жаймаларды алмастыруды, қолдың, шаштың және т.б. тазалығын сақтауды мұқият орындау қажет.

Биологиялық зақымдану ошағында болған кездегі барлық жағдайларда халық байсалдылық пен тәртіптілік көрсетуге, белгіленген ережелерді қатаң орындауға міндетті.


Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1. Дезактивация (газсыздандыру) не үшін және қалай өткізіледі?

2. Дезинфекция дегеніміз не? Ол қалай өткізіледі?


3-і сұрақ – 8 минут. Дезактивация, дегазация және дезинфекция жүргізуге қажетті заттар мен ертінділер


ДЕЗАКТИВАЦИЯ

 
Дезактивация — бұл әр түрлі  объектілердің сыртқы беттік қабаттарын (су, құрылыс, техникалық өндіріс, ас-су, қару-жарық, әскери техника) әр түрлі  заттар көмегімен радиоактивті заттардан тазарту болып табылады. 
Радиационды-қауіпті объектілердің, өндіріс орындарының, территорияның негізгі ластану көзіне жататындар:

- қайта өңдеуге дайындалған, әр түрлі изотоптардың ерітінділері;

- ұнтақ тәрізді радиоактиаті зат;

- сұйық радиоактивті қалдық және т.б. Радиационды-қауіпті объектілерде ластану келесілердің салдарынан болуы мүмкін:

- ядролық энергетикалық құрудың қызмет көрсетуінің бұзылуы; 
- ИЯР, ЯЭУ герметикалық контурының бұзылуы; 
- реактордың активті аймағының көп зарядталып кетуінен; 
- реакторың активті 1контурының фильтр сорбенттерін ауыстыру кезінде; 
- реактордың 1-3 контурындағы сынама суды таңдау кезінде; 
- ЖРО жинау кезінде; 
- реактор құрылғыларын жөндеу кезінде және т.б. 
 
Дезактивацияның техникалық сипаттамасы 
Радиоактивті заттармен ластанған әр түрлі беттердідезактивациялау үшін дезактивацияның стационарлы және ауыспалы құралдары қолданылады 
Оларға дезактивацияның атом электростанциясының, зерттейтін ядролық реакторды төмендететін типті стационарлы түрлері жатады. Олар керек кезінде дезактивациялайтын ерітінділер мен булы эжекционды шашыратқыш көмегімен өндіріс орнының ішкі жағын жуатын радиационды қауіпті өндіріс орнына жалғасқан трубалар. Дезактивацияның ауыспалы түріне жататындар: 
1. Техника мен орынды дезактивациялайтын автономді құрал комплектісі (ДКВ); 
2. ранцелі корабельді дезактивациялық аспап (РКДП). 
ДКВ автономды аспабы 
ДКВ аспабы резервуар мен сифоннан тұрады. Аспаптың сыртқы қабатында екі ауалық штурец және сақтандырғыш клапан аспап резервуарындағы қысымды 5,5кгс/см-ге жеткізбей ұстап тұрады. 
Ранцелік корабелді дезактивационды аспап (РКДА) 
РКДА мыналардан тұрады: резервуар, ауалық баллон, редуктор, шланг, сақтандырғыш клапан,щеткалы брандспойта: 
РКДА және ДКВ аспабының жұмыс істеу принциптері бірдей 
Әр түрлі радиациялық ластану кезінде қолданылатын дезактивациялайтын заттар 
Сыртқы қабатты дезактивауиялай үшін мыналар қолданылады: 
- СФ-3 препараты; 
- N 3 ерітіндісі; 
- СФ-2 (СФ-2У) дезактивациялайтын ұнтағының ерітіндісі; 
- "Эра", "Дон", "Новость" және т.б. жуғвш құралдарының ерітіндісі. 
СФ-3 препараты — натрий және сульфанол гексаметан ерітіндісінен дайындалған бір реет пайдаланылатын ұсақ дисперсті крем немесе қою-сары түсті ұнтақ, препараттың 1% судағы ерітіндісі дезактивация немесе дегазация үшін қолданылады. 
N 3 ерітіндісі — ОП-10 немесе ОП-7 жуғыш құралының 0,5%ы және құрамында 2%ингибирленген тұз қышқылы бар су ерітіндісінен тұрады. Қыс кезінде оған хлорлы кальций немесе хлорлы магний қосып қатып қалмау үшін антифриз ретінде қолданады. Дезактивирлеуші ерітінділер ішінде негізінен кеңінен қолданылатыны 1%-дық СФ-3 сулы ерітіндісі. 
Территорияны дезактивациялау 
Аймақты дезактивациялуадың негізгі әдістеріне мыналар жатады: 
- топырақтың беткі қабатын кесіп алу немесе жойып тастау; 
- зақымдалған учаскелерді қайта өңдеу; 
- аймақтың беткі қабатынан радиоактивті шаңдарды шайып тастау немесе араластыру; 
- зақымдалған беттік қабатты зақымдалмаған топырақпен немесе ағаш материалдарының щиттерімен жабу. 
Дезактивацияны жасау сол аймақтағы қатты (жасанды) асфальт, бетон, қиыршық тас, т.б. жабындылардың болуымен сипатталады. Зақымдалған топырақты сол жерден қазып алып, арнайы қоқыс тастайтын орынға апарып көміп тастайды. 
Өндірістік ғимараттар мен құрылғыларды дезактивациялау. 
Ғимараттар мен құрылғыларды дезактивациялау радиоактивті заттарды сумен, дезактивациялаушы ерітінділермен шаю, радиоактивті заттарды щеткамен түсіріп, және де радиоактивті заттарды вакуумдік тазалау жолымен жүргізіледі. Кей жағдайда, ғимарат ішіндегі радиация деңгейі шекті деңгейден асып кетсе, ол жағдайларда ішкі қабаттарды да дезактивациялайды. 
Дезактивация кезінде жағдайға және объектінің орналасқан жеріне байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Қатты қабықты жабындысы бар учаскелерде радиоактивті заттардыүлкен қысымда өрт сөндіргіш және су шашатын машиналардың көмегімен жасайды. Қатты жабындысы жоқ жерлерде топырақтың беткі қабатын қырып алып тастау,жаңа топырақ төсеу, алаңға өсімдік егу сияқты жұмыстар арқылы жасайды. 
 
Дезактивацияны үстіден астыға қарай жасайды, еден ең соңғы кезекте жасалынады. 
Техниканың, ғимараттың және өндіріс орнының дезактивациясы келесі жағдайлар көмегімен жүзеге асады: 
- Зақымдалған РЗ уланған су беттерінен және дезактивирлеуші процедура көмегімен құрту; 
- Зақымдалған объектілердегі РЗ щетка, сыпыртқы және басқа да заттар көмегімен құрту; 
- Зақымдалған беттік қабаттан радиоактивті шаңның сору әдісімен шығарылуы. 
Ішкі қабырға мен сыртқы беттік қабатты дезактивациялау үшін ең маңыздысы болып су және дезактивирлеуші еріткіш саналады. 
Өңдеу су-еріткіш-су схемасы бойынша орындалады. 
Арнайы өңдеудің барлық түрін (дезинфекция, дегазация, де-зактивация) Азаматтық қорғаныстың қызметкерлері мен басқармасы жасайды. Ол азаматтық қорғаныстың формаланған құралдары мен және өз күштерімен жүзеге асырылады. Формаланудың осы басқаруында АҚ аймақтың дегазациясын, дезактивациясын және жеке қорғаныс құралдарының, аяқ-киім мен киімнің дезинфекциясын орындайды.
При большом объеме специальной обработки к ее проведению могут привлекаться части и подразделения войск ГО, химических войск и медицинской службы.

 




Әскери бөлімдерде Дегазациялық жұмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады.

Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т.б. жатады. Дегазациялық заттарды дайындауға керекті Jfel дегазациялық еріткіш — 1 пайыздық дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға колданылады. N2 дегазациялық еріткіштер жүйке жүйесін салдықка ұшырататын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Қарсыластың химиялық және бактериологиялық шабуылынан кейінгі зардапты жәю үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды. Дегазациялық жүмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады.

Дезинфекциялау әдістері.

Дезинфекцияны химиялық, физикалық және биологиялық тәсілдермен іске асырады.

Физикалық дезинфекция заттарды физикалық әдістер арқылы зарарсыздандыруға негізделген.

Оған: механикалық, тазалау, сәуле қуаты, кептіру, қыздыру, жоғары жиіліктегі ток, ультрадыбыс жатады.

Биологиялық дезинфекция микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пайдалануға негізделген.

Бұл әдіс экологиялық зиянсыздығы және экономикалық жағынан шығынсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады.

Химиялық дезинфекция - сыртқы ортаны зарарсыздандырудың ең негізгі әдісі болып табылады.

Бұл әдіс әр түрлі химиялық дезинфекциялаушы препараттарды, яғни дезинфектанттарды, пайдалануға негізделген. Дезинфектанттардың саны бүгінгі күнде өте көп, уақыт өткен сайын олар жаңа препараттармен толықтырылып отырылады.






III. Қорытынды бөлім 3 мин.


1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ескертіп, қорытындылау.

2. Тексеріс сұрақтарына берілген толық жауаптарды атап өтіп, жіберілген

кемшіліктерге назар аударып, оларды түзету.

3.Келесі сабақта өтетін бөлім мен тақырыпты және киім үлгісін хабарлау.

4.Үйге тапсырма 73-76 бетт.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
4354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі