400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Санның дәрежесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Санның дәрежесі оқушыларға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.1.В.

Мектеп: №248 орта мектеп КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ержанова Ж.А.


Сынып: 5

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Санның дәрежесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.3.Натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4.Натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Натурал сан дәрежесінің анықтамасын біледі;

  • Дәреже негізін, дәреже көрсеткішін ажыратады;

  • 10,100,1000, .... разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • натурал сан дәрежесінің анықтамасын қолданып санның дәрежесінің мәнін табады;

Кейбір оқушылар:

  • натурал сан дәрежесінің анықтамасына берілген есепке кері есеп құрастырады;

Бағалау критерийі

• Натурал сан дәрежесінің анықтамасын біледі;

•10,100,1000, 10000.... разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Натурал сан дәрежесінің анықтамасын тұжырымдайды;

  • натурал сан дәрежесінің анықтамасын түсіндіреді;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

• дәреженің негізі;

• дәреженің көрсеткіші;

• дәреженің мәні;

• санның квадраты;

• санның кубы;

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

•санның дәрежесінің мәнін табу көбейту амалы арқылы орындалады;

•санның 2-ші дәрежесі сол санның квадраты деп аталады;

•санның 3-ші дәрежесі сол санның кубы деп аталады;

•кез-келген санның бірінші дәрежесі сол санның өзіне тең;

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілікті сезіну.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану (Жердің массасы, Күннің массасы, Жердің радиусы 10 санының дәрежесі түрінде жазылады)

Алдыңғы оқу


  • Шаршының ауданын табу формуласын біледі.

  • Кубтың көлемін табу формуласын біледі.

  • Натурал сандардың бөлінгіштік белгілерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

6 мин

























Сабақтың ортасы

29 мин











































































































Сабақ

тың соңы

5 мин

1мин



2 мин




3 мин





















10мин


















































10 мин




















4 мин












5мин























3мин
















2мин

Ұйымдастыру кезеңі.

1.а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.


ә) Шаттық шеңбері «Жылы жүрек-ізгі тілек» Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


2. Сандардың квадраты мен кубы жазылған қағаз қиындыларымен екі топқа бөлінеді.

I топ «Квадрат» (4,9,16,25,36)

II топ «Куб» (8,27,64,125,216)

Ой қозғау.Оқушыларға квадрат пен кубтың макетін көрсетемін. Квадратта шаршының ауданының, кубтың жағында куб көлемінің формулалары S=a² және S=a³ жазылған.Оқушылар бұл формулалармен бұрын таныс екендерін, а-ның шекесінде тұрған санның а санын өзіне неше рет көбейту керек екенін білдіретінін айтады.

Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасақ

Қандай атау болады?

(дәреже)

Олай болса, бүгінгі біздің мақсатымыз санның дәрежесімен танысу.

Топтық жұмыс.

1-тапсырма. «Атаулар кестесі» әдісі

Тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынадай кестеге түрлендіруді ұсынамын:

Дәреженің негізі

Дәреженің көрсеткіші

Дәреженің

мәні

Атау туралы білімдері,

мағлұматтары,

түсініктері

Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

Атау

туралы

білімдері,

мағлұматтары

, түсініктері

Оқушылар тақырыпты өз бетінше оқып,. бұл тапсырманы алдымен жекелей орындайды.Одан кейін кестелерді топ ішінде оқып, талқылап, толықтырады. Талқылау барысында топтардың өз кестелерін жариялауды ұсынамын. Топтар бірін-бірі қол шапалақтау арқылы бағалайды.



«Қол шапалақтау»


.


2-тапсырма.Кестені толтыр.


Берілген сандардың квадраты мен кубын тауып, кестені толтырыңдар


«Квадрат»тобына


n

1

3

5

7

9

n²






n³







«Куб» тобына


n

2

4

6

8

10

n²






n³






Топтар жұмыстарын алмастырып тексереді, басбармақ әдісімен бағалайды.

Бағалау «Басбармақ»



Жұптық жұмыс.

3-тапсырма .«Ойлан-жұптас-талқыла» әдісі

Есеп .Балалар бақтан 64 алма терді. Олар терген алмаларын тең бөліп алды.Алма теруге неше бала барса, балалардың әрқайсысы сонша алма терді.

а)Алма теруге неше бала барды?

ә)Балалардың әрқайсысы неше алмадан алды?

Жұптар есепті шығарады,екеуара талқылайды. Жұптар «сен-маған,мен-саған» әдісімен тексеріп, « Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.



« Екі жұлдыз, бір тілек»

екі жетістігін көрсетіп,

бір ұсыныс білдіреді





Сергіту сәті. Қызықты математика





Жеке жұмыс.

1-тапсырма .

Дұрыс теңдікті табыңыз:


a )аⁿ=а• а• а •а • ••а, n>1


n-рет


b) аⁿ= а+а+а+а+а+...+а,n>1



c) аⁿ= n•a



d) аⁿ= n+a+n+a



2-тапсырма

  1. Көбейтіндідегі жұлдызшаның (*) орнына қойылатын дәреже көрсеткішін табыңдар:

а)30 000 = 3 • 10*

b)6 400 000 = 64 • 10*

c)150 000 000 = 15 • 10*

d) 315  000 000 = 315•10*


Рефлексия. «3-2-1» әдісі


Пікір


1.

2.

3.

Идея

1.

2.

Сұрақ

1.



3 пікір - оқушылар сабақтан үйренген үш нәрсесін

жазады.

2 идея - оқушылар екі басты жайтты жазады.

1 сұрақ - оқушылар материал бойынша түсінбеген бір сұрағын жазып, мұғалім үстеліндегі қорапшаға салады.


Үйге тапсырма:

Ақпараттық көздерді пайдаланып тауып жазыңдар:

1)Жердің массасы 6 • 10*

2)Күннің массасы 2 •10*

3)Жердің радиусы 64• 10*











Сандар жазылған қағаз қиындылары




Кубтың макеті


















Кесте жазылған таратпа

қағаздар






















Кесте жазылған таратпа

қағаздар


















Есептің берілгені интербелсенді тақтада көрсетіледі.



























Таратпа қағаздар




Есептің дұрыс жауабы интербелсенді тақтада көрсетіледі.
















Таратпа қағаздар

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға дәреженің негізін,көрсеткішін, мәнін ажыратуға тапсырмалар беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне натурал сан дәрежесінің анықтамасын қолданып санның дәрежесінің мәнін табу ұсынылады.Кейбір қабілеті жоғары оқушыларға натурал сан дәрежесінің анықтамасына берілген есепке кері есеп құрастыру арқылы сабақтың кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланып, жоспарланған сабақтың нәтижесін жақсы жағынан көремін деп ойлаймын. Сабақта саралау дұрыс жүргізілу үшін деңгейлік тапсырмалар алынды. Осы тапсырмалар негізінде тыңдалым, айтылым, жазылым дағдылары қалыптасады.

1.Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында «Атаулар кестесі» беріледі. 2.Топтық жұмыс барысында оқушылардың бірлескен оқу әрекетін өзара

екі жұлдыз, бір тілек,қол шапалақтау,басбармақ әдістері бойынша бағалау.

3. Кері байланыс



Сергіту сәті

Дәрежелер тақырыбына қызықты тарихи мәліметтер беріледі.



























Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Математика 5 сынып

Бөлім

5.1В бөлім:Натурал сандардың бөлінгіштігі


Тақырып

Санның дәрежес


Оқу мақсаты

5.1.1.3.Натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4.Натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу,түсіну,қолдану


Бағалау критерийлері

• Натурал сан дәрежесінің анықтамасын біледі;

•10,100,1000, 10000.... разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазады;

1-тапсырма .

Дұрыс теңдікті табыңыз:


aShape1 )аⁿ=а• а• а •а • ••а, n>1


n-рет


b) аⁿ= а+а+а+а+а+...+а,n>1



c) аⁿ= n•a



d) аⁿ= n+a+n+a



2-тапсырма

  1. Көбейтіндідегі жұлдызшаның (*) орнына қойылатын дәреже көрсеткішін табыңдар:

а)30 000 = 3 • 10*

b)6 400 000 = 64 • 10*

c)150 000 000 = 15 • 10*

d) 315  000 000 = 315•10*



Бағалау критерийі

Дескриптор



• Натурал сан дәрежесінің анықтамасын біледі;

•10,100,1000, 10000.... разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазады;





-дәреже анықтамасын қолданып,дұрыс теңдіктерді анықтайды;

-разряд бірліктерін 10 санының дәрежесі түрінде жазады;


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі