400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Санның стандарт түрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: №115 Оразбай атындағы НОМ



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурокова З


Сынып:

Қатысқандарсаны:


Қатыспағандар саны:-

Сабақтақырыбы

Санның стандарт түрі

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

7.1.1.1

өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін);

7.1.1.2.

санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;

Сабақмақсаты

Санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді

Бағалаукритерийлері

Санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігімен ретін біледі;

Санды стандарт түрге келтіреді, оның мәнді бөлігі мен ретін анықтайды.

Тілдікмақсаттар

лексика және терминология

- санның стандарт түрі;

- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • санды стандарт түрде жазыңыз;

  • егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ;

Құндылықтардыдарыту

Құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік; шынайлық; функционалдықсауаттылық; өмірбойыбілімалу.


Бастапқы білім


Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы





5 минут

















1 минут









3 минут














2 минут



1.Ұйымдастыру кезеңі



Қайталау (False, True)


Оқушылар экрандағы берілген тапсырманы жауабымен сәйкестендіріп оның жалған не ақиқат екендігін анықтайды. Соңында дұрыс сәйкестік экранда көрсетіліп, әрбір оқушының жауаптарына мұғалім комментарии береді


false

true

true

false



2. Тақырыпты анықтау


Оқушыларға сандар ұсынылады:


150 000 000; 0,0000000 005; 0,000 000000 036;780 000 000 000; 499 000;



Оқушыларға сұрақ:

- Сандарға қарап олардың ерекшеліктері неде екендігін анықтаңдар? (үлкен және кішкентай сандар жазылған)

-Физика, химия және астрономияда үлкен және кішкентай сандармен жұмыс жасау жиі кездеседі

(Галактикадағы жұлдыздар саны, бактерия саны , молекула өлшемі, атом өлшемі, аталық тозаң диаметрі)



Галактикадағы жұлдыздар саны

Бактериялар саны



молекула өлшемі


тозаң диаметрі


Видеоролик








Мұғалім:Сонымен берілген сандарды ыңғайлы етіп жазудың басқа жолы бар. Мұндай сандарды стандарт түрге келтіріп жазу керек.

Сабақ тақырыбы анықталды: Санның стандарт түрі

Сабақ мақсаты мен жетістік критерийлері анықталды.


Сабақтың ортасы


3 минут



















4 минут





















1 минут









5 минут





















2 минут











1 минут












10 минут


Мұғалім:

Ең үлкен сандар мен ең кіші сандар стандарт түрге келтірілген деп айтылады, егер ол түрінде жазылған болса, мұндағы санның реті. Санның реті санның қаншалықты үлкен не кіші екендігін көрсетеді.

Мысал

Сан

Санның стандарт түрі

Санның мәнді бөлігі

Санның реті

1057000000000

1,057*1012

1,057

12

0,0000000005

5*10-10

5

-10



Жеке жұмыс

Кестені толтырыңыз

Сан

Санның стандарт түрі

Санның мәнді бөлігі

Санның реті

150 000 000



8


5*10-6




3,6*10-8


-8

780 000 000 000



11

499 000


4,99




Жауап:

Сан

Санның стандарт түрі

Санның мәнді бөлігі

Санның реті

150 000 000

1,5*108

1,5

8

0,000 005

5*10-6

5

-6

0,000 000 036

3,6*10-8

3,6

-8

780 000 000 000

7,8*1011

7,8

11

499 000

4,99*105

4,99

5




Тапсырма (жұптық жұмыс )


Молекула - өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек. 1 грамм су молекуласында 3,7*1022 молекула бар (37 000 000 000 000 000 000 000).



1 молекула судың массасын табыңыз, жауабын стандарт түрде жазыңыз.

(калькулятор көмегімен)

г.



Есепті шығару кезеңдерін пайдаланып, әрбір жұп бағалау критерийлерін құрады және ортақ бағалаудың бір түріне тоқталады.



Пропорцияныдұрысқұрады

Белгісіздітабады

Жауабын стандарт түргекелтіреді

1г - 3,7*1022молекула

х г- 1 молекула

0,27*10-22г

г



Әрбіржұптыңбіроқушысыкелесіжұптыңжұмысынбағалауқағазыбойыншатексереді, ал орнындақалғаноқушышығарылғанесебінқорғайды.

Соңындабағалауқағазыілініпәрбіржұпөздерініңнәтижелерінкөреалады.

Жеке тапсырмалар

1. Стандарт түрде жазыңыз:

1) 760 мм сынап бағанасында, 00 С температурада 1 см3 көлемде газ молекулалар санын 27 000 000 000 000 000 000;

2) Парсек - астронимияда ұзындық бірлігі ретінде алынған өлшем. Егер 1 парсек 30 800 000 000 000 км болса, километр санын;

3) электронды есептеуіш құрал 1 секундта 1000000 амалдар орындайды.

2. Жер шарының беті 510 млн км2 –тан астам ауданды алады. Жердің көлемі 1000 млрд км3 астам көлемді алады. Берілген сандарды стандарт түрде жазыңыз.

3. Жарық жылдамдығы 3*108 м/с тең, Күннен Жерге дейінгі ара қашықтық 1,5*1011 м. Жарық сәулесі Күннен Жерге дейінгі ара қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді. Алынған санды стандарт түрде жазыңыз.
















































Сабақтың соңы



1минут















2 минут

Оқушылар сабақ соңында жаңа тақырып бойынша рефлексия парағын толтырады.



Үй жұмысы: №134, 135















Рефлексия

“бүгінгі сабақтан білгендерім...”;

“бүгінгі сабақтан үйренгенім...”

“бүгінгі сабақта танысқаным...”

“бүгінгі сабақта келесі анықтамалар мен тақырыптарды түсіндім...









Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ тақырыбын анықтау;

2:білімдерін актуализациялау;


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Берілген диалогқа қажетті тіркестерді жиі пайдалану оқушылардың жауаптарын күшейтуге септігін тигізеді;

2:бағалау критерийлерін құруды өздеріне тапсыру тәжірибесін жиі қолдану олардың есептерді шешу кезеңдерін дұрыс ұстануға көмектеседі;


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Білімдерін актуализациялау кезінде кейбір оқушылардың жауаптарының басым бөлігі қате болды, сондықтан санның дәрежесіне байланысты тапсырмаларды орындауға қосымша сабақтарда толығырақ тоқталып өту керек.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі