400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сәнқой түлкі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №15

« » орта тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Сәнқой түлкі»

Мақсаты: Жеке бөлшектерді біріктіре отырып түлкіні бейнелеуді үйрету, ермексазды илеу, домалақтау, созу, пішінге келтіру тәсілдерін жетілдіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: түлкі туралы әңгіме жүргізу.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Қажетті көрнекі құралдар: түлкінің суреті, түрлі түсті ермек саз, ермексаз кесуге арналған құрал, сулық мүсіндеуге арналған тақтайша, үлестірмелі материал, жұмыстың дайын үлгісі.

Қостілдік құрам: сәнқой-модница, түлкі-лиса, орман-лес.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивация-лық-қозғаушы-лық

Шаттық шеңбері.

Өлең айтып, ән салып,

Асыр салып, қуанып,

Бақшада біз жүреміз,

Досымызбен шаттанып!

Балалар шеңбер құрып тұрып, өлеңді қайталайды.



Ұйымдастырушылық- ізденістік

Ойын жағдаят,балалар мен сендерге ертегі айтып берейін.Орманда бір сәнқой түлкі болыпты. Ол сәнденіп жүргенді жақсы көреді екен. Оның сылаңдаған әдемі түріне, сәнді көйлектеріне аңдардын бәрі қызыға қарайтын болыпты. Ол көйлекті жақсы тігетін еді. Басқа аңдар да көйлек тігіп беруін сұрайды. Бірақ ол өзім ғана әдемі болып жүрсем деп ойлап, оларға көйлек тігіп бергісі келмепті. Жануарлардың бәрі одан теріс айналады. Содан сәнқой түлкі жалғыз қалыпты. Мен сол түлкі ден хат алдым. Хатта: «Мен барлық жануарлады ренжітіп алған сияқтымын. Мен жануарлармен қайта достасқым келеді. Маған олармен достасуым үшін не істеуім керек?»-деп сұрайды.Мен оған не деп жауап берсем екен? Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. сәнқой түлкінің бөлмесі қалмай жабдықталаған? не ілулі тур? Біз осы сәнқой түлкіні мүсіндеп, айнаның алдына орналастыруымыз керек. Сергіту сәт:Балалардың назарын түлкіні мүсіндеу ретіне аударып, сурет арқылы және мүсіндеп көрсете отырып түсіндіреді.

Балалар қызығушылық білдіреді.Балалар жауап береді: жанындағыларға көмектесу керек, басқа аңдармен дос болып жүру керек.

Балалар өлеңге қимылмен жасайды.

Үлгіні басшылыққа ала отырып, түсіндіру бойынша түлкіні мүсіндейді.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар, түлкі өзін сәндеуге көмектескені үшін алғыс айтып жатыр. Енді басқа аңдармен дос болып жүруге уәдесін беріп кетті.

Балалар қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

біледі: жеке бөлшектерді біріктіру арқылы түлкіні мүсіндейді,

игереді: аңдарға қамқор болу керектігін. меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
728
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі