"Шаңырағым – шаттығым"
Мақсаты: отбасындағы әке мен ананың,
баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа
тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Отбасы – шағын
мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік
пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі
бар тіршілігі отбасында өтеді.
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ
болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып
табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай
болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл
туралы
« Ата-анаға көз қуаныш
–
Алдына алған
еркесі.
Көкірегіне көп
жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр
еткен.
Енді осы тақырыптағы
мақал-мәтелдерге кезек берейік.
Мирас
: Бала тәрбиесі
бесіктен.
Жаннур
:Баланың жақсысы – қызық,
Жаманы күйік.
Әли: Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Нуршат: Бала-көңілдің гүлі,
көздің нұры.
Нурислам: Құс балапаны үшін
тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа
түседі.
Серікбол : Ата-бәйтерек, бала
–жапырақ.
Берекет : Атадан жақсы ұл
туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Ернур: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық
ризық.
Мирас: Әкесін сыйламаған кісіні баласы
сыйламайды.
Айман: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі
далада.
Мадина : Ағайын – алтау, ана –
біреу.
Нураят: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.
Жарайсыңдар Балалар енді
отбасы жайлы не білдік не түсіндік? Отбасы кімдер тақтамен жұмыс
жасайық.
Санамақ
айтайық.
Отбасында біз
нешеуміз?
Отбасында біз
бесеуміз?
Бас бармағым
әкем,
Балаң үйрек
анам.
Ортан тирек
ағам
Шылдыр шумек
тәтем
Кішкене бөбек
мен.
Сонда біз
нешеуміз.
Тәрбиеші: Ата-аналар мен балалардың,
аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын
құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады.
Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап
осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да
бір шағын мемлекет.
Ән: «Әкешім,
анашым».
Отбасы – ұрпақтар
сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді
қалыптастыруды рухани-адамгершілік
бастауы.
Әрбір отбасында сүйіспеншілік
пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік
болады.
Отбасында әуелі сенім мен
сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын
өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын
бірге бөлісіп бақытқа жете алады.
ӘН: Бақытты балалық
шақ
Ор:
Айман
Хор: Әке
ана
Білім беру
саласы: Коммуникация , Әлеуметтік
орта.
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: Көркем
әдебиет.
Тақырыбы: «Отбасындағы
сыйластық».
Мақсаты: а) Отбасы мүшелерін
дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға,
үлкенді сыйлап, құрметтеуге
үйрету,
ә) Отбасында үлкенге – құрмет,
кішіге – қамқорлық жасауға үйрету,
б) Инабаттылыққа,
кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жан
–жақты ойлау қабілеттерін дамыту,
шығармашылығын дамыту.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: Интерактивті тақта,
слайд, отбасы туралы
суреттер.
Әдіс-
тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап,
әңгімелеу.
Билингвальді
компонент: Отбасы-семья,
сыйластық-уважение.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық
қозғаушылық
|
Шаттық
шеңбері:
Тәрбиешімен бірге
Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін
қайталайды.
Атамнан
басталар
Әжемнен
қосталар.
Отбасым
мыналар,
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам
бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам
бар,
Бәрін жақсы
көремін,
Еркелеймін
еремін.
- Балалар
өлеңде не туралы
айтылған?
|
Балалар шеңбер
бойымен тұрып орындайды.
Отбасы
туралы
|
Ұйымдастырушылық,
ізденістік
|
Балалар қазір жылдың
қай мезгілі?
Қыс мезігілінде неше
ай бар ? Атап айтайық.
Аптада неше күн
бар?
Жарайсыңдар біз оқу
іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы
әңгімелейміз.
Суретте кімдерді
көріп тұрсыңдар?
Отбасы мүшелеріне
кімдер жатады?
Кім суретке қарап
әңгімелейді?
Жарайсыңдар балалар
Отбасы деген шағын мемлекетіміз. Онда ата-әжеміз, аке-анамыз
бауырларымыз тұрады.
Өлең оқу.
/М.Қуанышбеков/.
Отбасы.
Анаң – үнің,
жүрегің,
Әкең - өмір
тірегің.
Сен бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын,
Әжең – асыл
ардағың.
Атаң – дана
қорғаның.
Сен бақытты
ұлансың,
Бәрі саған
қуансын!
|
Қыс
Үш ай
бар
Желтоқсан, қаңтар,
ақпан
7
күн
Ата, әже, әке-ана,
қарындас, апа, іні жайлы
айтады.
Отбасы туралы айтып
береді.
Балаларға өлең
шумақтары ұнайды.
Саусақтарын санап,
көрсетіп айтады.
|
Рефлекциялық
|
Сергіту
сәті:
Бас бармағым – атам,
үйдің данасы,
Балаң үйрек - әжем,
ошақ анасы.
Ортан терек - әкем, отау
панасы,
Шылдыр – шүмек – шешем, шаңырақ
ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің
базары.
/Ермек
Өтетілеуұлы/.
Ж.Мұхамеджановтың
«Сыйлаймын»
өлеңін
жаттау.
Сыйлаймын.
Ата менен
ананың,
Айтқан тілін
аламын,
Үлкен кісі
жұмсаса,
Қайда болсын
барамын.
Төсекті өзім
жинаймын,
Ешкімді де
ұрмаймын,
Ешкім маған
тимейді
Мен де бәрін
сыйлаймын
«Кім жоқ»
дидактикалық ойыны
Шарты: Тақтаға отбасы мүшелерінің суреттерін
іліп қою. Балалар көздерін жұмады. Тақтадан бір отбасы мүшесінің
суретін алып
тастау.
Дәптермен
жұмыс:
Отбасы мүшелерін
ата?
Дастарқанға қандай тағамдар
қойылған?
Өзіңнің отбасы
мүшелерін ата.
Дастарқан басына кімдер
отыр?
Дастарқанды әшекейлеп
толықтыр.
Қорытындылау:
Жаттаған өлеңіміз не
жайында?
Бүгін біз оқу қызметінде
сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге,
сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге үйрендік. Отбасындағы сыйластық
үлкен сүйіспеншіліктен
туындайды.
|
Іс –қимыл арқылы
сергіту сәтін жасайды.
Өлеңді
жаттайды
Бір көздерін ашып, суретте
кімнің жоқ екенін айтады.
|
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін
атай білуі тиіс,
Игереді: үлкенге –
құрмет, кішіге – қамқор болу керектігін,
Меңгереді: өлеңді жаттап,
мазмұнын түсінеді..
