400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сап түрлері және олардың элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірбиемен алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Сап түрлері жəне олардың элементтері, алдын-ала жəне орындауға берілетін командалар, сарбаздың сапқа тұруға дейінгі жəне саптағы міндеттері, бір орында тұрып сəлем берген əскеримен сəлемдесу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сап түрлері мен олардың элементтері, алдын-ала жəне орындауға берілетін командалар, әскери қызметшінің сапқа тұруға дейінгі жəне саптағы міндеттері туралы түсіндіру, бір орында тұрып сəлем берген əскеримен сəлемдесу ретімен таныстыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Ой толғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, пікірталас.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орыны: АӘД бөлмесі.

Көрнекілік құралдар: Бейнефильм, АӘД оқулығы.

Қолданылатын техникалық құралдар: Ноутбук, проектор, жайылмалы тақта.


Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 5 минут.

  • ҚР Қарулы Күштерінің түрлері мен олардың тағайындалуы туралы айтыңдар.

  • ҚР Қарулы Күштерінің қандай әскери-оқу орындарын білесіңдер?


Негізгі бөлім – 30 минут.

Сап түрлері және олардың элементтері. Алдын ала берілетін және орындалатын комнадалар. Әскери қызметшінің сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері.

Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.


Сап және оларды басқару.

Сап - әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.

Қатар – әскери қызметшілердің бір сызық бойына бірі екішісінің қасында белгіленген аралықтарда орналасқан сабы.

Машиналар сызығы - машиналардың бір сызық бойына бірі екіншісінің қасына белгіленген аралықтарда орналасқан сабы.

Қаптал – саптың оң (сол) жақ шеті. Бұрылыс жасаған кезде сап қапталдарының атаулары өзгермейді.

Маңдайшеп – саптың әскери қызметшілер тіке қарап тұрған жағы.

Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.

Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арсындағы қашықтық.

Арақашықтық – әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер мен бөлімдер арсындағы түпкі жаққа қарай қашықтық.

Саптың ені – қапталдар арасындағы қашықтық.

Саптың тереңдігі – бірінші қатарынан (алдында тұрған әскери қызметшіден) соңғы қатарға (артқы жақта тұрған әскери қызметшіге) дейінгі қашықтық.

Екі қатарлы сап – бірінші қатардағы әскери қызметшілер бір адым арақашықтықта (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына алақанын салып) басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай орналастырылған сап. Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде қатардың атауы өзгермейді.

Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардағы әскери қызметші тұрмаса , ондай қатар толық емсе деп аталады; соңғы қатар үнемі толық болуы тиіс.

Екі қатарлы сап артқа бұрылған кезде толық емес қатардағы әскери қызметші алдындағы тұрған қатарға ауысады.

Төрт және одан аз әскери қызметшілер үнемі бір қатарлы сапқа тұрғызылады.

Бір қатарлы және екі қатарлы сап жинақталған немесе жазылған болуы мүмкін.

Жинақталған сапта әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен шынтақтары арасында алақанның еніне тең аралықта орналасады.

Жазылған саптағы әскери қызметшілер қатарларда маңдайшеп бойынша бір-бірінен бір адымда немесе командир көрсеткен араллықта орналасады.

Лек - әскери қызметшілердің бір-бірінің ту сыртында, жарғымен немесе командирмен белгілеген арақашықтықта орналасқан сабы.

Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп болуы мүмкін.

Лектер – бөлімшелер мен бөлімдерді өрістетілген немесе жорықтық сапқа тұрғызу үшін қолданылады.

Өрістетілген сап (Жазылма сап) – бөлімшенің маңдайшеп бойынша бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта немесе лектер сызығына Жарғымен немесе командирмен белгіленген аралықтарда бір сызық бойына тұрғызылған сабы.

Өрістетілген сап тексерулер, санаулар, байқаулар, парадтар өткізу үшін, сондай-ақ басқа жа қажетті жағдайларда қолданылады.

Жорықтық сап – бөлімшенің лекке сапқа тұрғызлған немесе бөлімшелер Жарғымен немесе командирмен белгіленген арақашықтықтарда бірінен кейін бірі сапқа тұрғызылған сабы.

Жорықтық сап бөлімшелер шеру жасаған кездегі қозғалыс, салтанатты шерумен, әндетіп өту үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.

Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші.

Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өз қозғалыстарын реттейді.

Тұйықтаушы - лекте соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).


Алдын ала және орындалуға берілетін командалар.

Сапты басқару командирлермен жүзеге асырылады, оны командир дауыстап, белгілермен және жеке өзі көрсете отырып, сондай-ақ техникалық байланыс құралдары арқылы беруі мүмкін.

Командалар алдын ала берілетін және орындалатын болып бөлінеді; командалар тек орындалатын ғана болуы да мүмкін.

Алдын ала берілетін команда – әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін сапта тұрғандар командирдің олардан қандай іс-қимылдарды талап етіп тұрғанын түсіну үшін нық, дауыстап және созылмалы беріледі.

Орындалатын команда - үзілістен кейін, дауыстап, буындалып және нық беріледі. Орындалатын команда бойынша оны шұғыл және нақты орындау жүргізіледі.

Командалар берілгенде, саптағы әскери қызметшілер саптық тұрысты қабылдайды, ал саптан тыс болса, бастық жаққа бұрылады да, саптық тұрысты қабылдайды.

Бөлімшеленің немесе жекелген әскери қызметшінің назарын аудару мақсатында қажет болған кезде алдын ала берілетін командада бөлімешнің атауы немесе әскери қызметшінің атағы мен тегі аталады.

Мысалы: «Взвод (3-ші взвод -ТОҚТА», «Қатардағы жауынгер Петров, Артқа-БҰРЫЛ» және т. б.

Тәсілді болдырмау немесе тоқтату үшін: «ТОҚТАТ» командасы беріледі.

Әскери қызметшінің сапқа тұруға дейінгі жəне саптағы міндеттері.

Әскери қызметші мыналарға міндетті:

  • өз қаруының, оған бекітіліп берілген қару-жарақтың, әскери және басқа да техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғану құралдарының, шанстық аспаптардың, киім-кешек пен жаюдықтың ақаусыздығые тексеруге;

  • киім-кешекті ұқыпты реттеуге, жабдықты дұрыс киюге және келтіруге, жанында тұрған әскери қызметшілерге байқалған кемшіліктерді жоюға көмектесуге;

  • саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға;

  • қозғалыста түзулікті, белгіленген аралық пен арақашықтықты сақтауға;

  • қауіпсіздік талаптарын сақтауға;

  • рұқсатсыз саптан шықпауға;

  • сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге;

  • өз командиріні командаларын мұқият тыңдауға;

  • басқаларға бөгет жасамай оларды жылдам және нақты орындауға;

  • командаларды бұрмаламай, дауыстап және анық жеткізіге.


Бір орында тұрып сəлем берген əскеримен сəлемдесу.

Әскери сәлемдесу нық және көрнекті орындалады.

Бастықтың (атағы үлкеннің немесе оқытушының) «Сәлеметсіздер ме, оқушы мырзалар», «Қош болыңыздар, оқушы мырзалар» дегенде саптағы немесе саптан тыс тұрған барлық әскери қызметшілер: «Сәлеметсіз бе, подполковник мырза», «Қош болыңыз, подполковник мырза» деп жауап қатады.

Әскери сәлемдесуді саптан тысқары өз орнында бас киімсіз орындау үшін бастықтан 3-4 адым қалғанда ол жаққа бұрылып, саптық қалыпты қабылдау керек және оның соңынан басын бұра отырып, оның бетіне қарауы керек.

Егер бас киім киілген болса, онда басқа саусақтар бірге, алақан тік, ортаңғы саусақ бас киімнің шетіне (күнқағарда) тиіп тұратындай, ал шынтақ иық деңгейінде және биіктігінде болатындай етіп оң қолды қысқа жолмен бас киімде ұстау керек.

Бастық (атағы үлкен немесе оқытушы) әскери сәлемдесуді орындаушының жанынан өтіп бара жатқанда басты тік ұстау керек және онымен бір уақытта оң қолды төмен түсіру керек.


Қорытынды бөлім – 5 минут.

Оқушыларды бағалау және жаңа тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.


  • Сап элеметтерін атаңдар.

  • Сапты басқару қалай орындалады?

  • Әскери қызметшілердің назарын күшейту және орындалатын команданы орындауға дайындалу үшін берілетін командаларды атап бер.

  • Әскери қызметшінің сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері қандай?

  • Сәлемдесуге орнында тұрып қалай жауап береді?


Үй тапсырмасы. АӘД оқулығы __________бет.


АӘД ұйымдастырушы-оқытушысы Мейрбекова Г.М

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
3979
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі