жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сапалы білім -болашақ кепілі" тақырыбында баяндама
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
«Бөлек батыр атындағы орта мектеп» КММ
Баяндама
Тақырыбы:«Сапалы білім – болашақ кепілі»
2017 -2018 оқу жылы
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағынан кемелденуі болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық өсіп –өркендеуінің түпқазығы –білім мен ғылым екені даусыз. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны, білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты болмақ. Барынша бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуде білім беру ісі басты құрал болып табылады. Ол үшін отандық білім жүйесін халықаралық білім кеңістігінде және еңбек нарығы бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесіне жеткізу шарт.
Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске қабілетті, еңбекке баулу, дүниетанымын кеңейту және баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп, жан-жақты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Оқу мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі сапалы білім беру. Қазіргі кездегі білім берудегі басты мақсат – жан-жақты өзіндік ой-талғамы бар, өмір сүруге бейім, адамгершілігі жоғары бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сапалы білім –болашақтың кепілі. Кез келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Ғылым –әлемді танудың қайнар болса негізі –білім. Ал білімнің іргетасы бастауыш мектепте қалыптасады. Сондықтан сапалы нәтижеге жету үшін бастауыш буынның білім сапасының дұрыс жолға қойылуының маңызы үлкен рөл атқарады.
Білім сапасын арттырудың жолдары өте көп деп ойлаймын.
Сапалы білімен қаруландырып, білімі озық елдердің әлемдік озық үлгісін, өнегесін, тәрбиесін үйрететін ұстаздар қауымына жүктелген еңбегіне байланысты болмақ. Осы тұста В.Г.Белинскийдің «Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр» деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені ұстаз болашақтың тұтқасы, жас ұрпақты тәрбиелеу және терең білім беру ісіндегі қоғамның жұрт сенген өкілі. Ол жас ұрпақ бойына білімді, әдепті, дүниетанымдылықты, өмірге деген өмірлік мақсатын қалыптастырушы басты тұлға.
Олай болса сапалы білім беруде мұғалімнің өз пәнін жетік білуі шарт.Әр ұстаз өзінің кәсіби білімін өздігінен жетілдіріп, шеберлігін шыңдап отыру қажет.
Болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау басты міндеттердің бірі. Жаңа әдістер арқылы терең, жан-жақты ойлауды, талдауды, дәлелдеуді, өзін-өзі қадағалауды, топтауды үйренеді. Оқушылар әр түрлі әдістерді еркін қолдана біледі. Мұғалім – бағыттаушы. Мұғалім оқушыға пікірін ашық айтуға ықпал етеді. Сұрақ қою арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды. Пікірін ашық айта айтады, белсенділік танытады. Тәжірибеде бұл жұмыс зерттеу әдісі, сұхбат әдісі. Екі түрлі түсініктеме күнделігі кестесі әдісі, шығармалар кестесі әдісі тағы басқа жаңаша әдіс тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сапалы білім беруде әр баланың қабілетін білу, баланың өзіндік қасиетін анықтау, деңгейлерін білу, мүмкіндіктеріне сай білім алуы болып табылады. Мұнда білімді деңгелік дәрежеде жүзеге асырудың маңызы зор. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың білім мен қабілетін жетілдіруге арналған сатыланып дамитын жұмыстар жүйесі. Бұл жұмыстарда мұғалім әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріп, оның жеке тұлғаның қабілетін арттыру процессін барлық уақытта өзінің назарынан тыс қалдырмайды
Оқушының білім сапасын арттыруда оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың да маңызы бар. Танымдық қызығушылық жаңа материалға сүйенетіндіктен балалар сабақта өздерінің нені үйреніп жатқандығын саналы түрде сезінеді. Оқушының танымдық қызығушылығын танымдық іс –әрекетпен байланыстыру керек.
Барлық оқу материалдары оқушыға қызықты бола бермейді. Сонда танымдық қызығушылық қалыптастырудың тағы маңызды өзегі- іс -әрекет үдерісі болып табылады. Танымдылық қызығушылықты арттыруда өзіндік жұмыстарының әр алуандығы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына, танымдық тапсырмаларды шешуге ақыл-ой және ерік күштерін жұмылдыруға ықпалын тигізеді.
2.Оқушыларға дайын білімді бергенен, проблемалық оқыту оқушылардың қызығушылығын туғызады. Мұндай оқыту ақиқатты табуға, мәселені барлық ұжым болып шешуге мүмкіндік береді.
3. Қызығушылықты оятуда танымдылық тапсырмалардың орны ерекше.Оқытудың мұндай үдерісі оқушыдан логикалық ойлаудан күрделі іскерлігін,қарама-қайшылықты таба білуін талап етеді.
4. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары да танымдық қызығыушылықты артырды. Олар ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, рефераттар, баяндамалар, тағы басқа жатады.
Оқушылардың білім сапасының қандай дәрежеде екендігін анықтап отыру да оқушылардың оқу әрекеті нәтижесін бақылап, тексеріп, нәтижесін саралап, оқушының қай пәннен нені түсінбейтінін анықтап отыру да қажет деп ойлаймын. Оқу әрекетін бақылау әдістері: ауызша бақылау, ауызша сұрау жазбаша тексеру, тест жұмыстар. Сынақ алу, бейнелі тексеру өзіндік жұмыстар алу да маңызды.
Білім сапасын арттыруда таңдау пәндері мен үйірмелерге қатысу оқушының білім-білік дағдысын толықтырады. Ол үшін пәнге қатысты үйірмелер мен таңдау пәндерін жүргізу тиімді. Математикалық сауаттылық қызықты математика, қызықты грамматика, тіл сауаттылығы қоршаған дүние тақырыбында таңдау пәндері мен үйірмелер жүрізіледі. Бір пәннен 3-і немесе бір пәннен 4-і бар оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, оқушылардың білім сапасын арттыруға жұмыстар жүргізу тиімді болып есептеледі. Әр пән бойынша қосымша сабақтар да жүргізу де тиімді. Оқушының өз бетінше ізденіп бәрін ұйымдастырып, оған бағыт -бағдар беріп отыруы қажет.
Бүгінгі күн талабына сай білім беріп, білім сапасын көтеру үшін мектептің материалдық базасын нығайту, сапасы жоғары электрондық және мультимидиялық оқулықтар мен оқу құралдары ауадай қажет. Білім сапасын арттыру үшін алдыға мақсат қоя отырып, нәтижеге бағытталған жұмыс түрлерін жүргізудің орны ерекше.
Қорыта келгенде білім сапасын көтеру бүгінгі күннің басты талабы. XXI ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Білім сапасын арттыруда педагогтардың жауапкершілігі өте зор. Сапалы білім –болашақтың кепілі. Оқушы мектепте алған білімін өмірде еркін пайдаланып, ер жеткенде өз орнын табатын, білімді, тәрбиелі мамандығын жетік білетін, ізгілікті жеке тұлға болуына жас кезінен көңіл бөліп, өз елінің дамуына үлес қоса бідетін жас ұрпақты тәрбиелеу ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген