«Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясы»
директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары,
бастауыш сынып мұғалімі
Касенова Гульмира Тынышбековна
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі сапалы білім беру болып отыр. Рухани, мәдени саламыздың нығаюына, адами қасиеттердің жоғарылауына, жеке адамның сапалық ерекшелігінің өрлеуіне білімнің ғана құдіреті жететіні күннен-күнге айқындалып келеді. Әрбір елдің өркендеуі, тұғырының берік болуы да білімге келіп тіреледі. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтар болсақ, «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» болмақ.
Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі – бүгінгі күн талабы. Себебі, білім мен ғылымның дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі, сапалы білім жарқын болашағымыздың кепілі екендігі айқын.
Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір , жаңа көзқарасты, жаңашылықты талап ететін уақыт. Соның ішінде , білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор.
Жаңартылған білім беруді болашақтағы сапалы білім кепілі деп тануға болады. Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіш қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті.Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі.
«Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны қолдануға үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады» – дейді шығыс даналығы.Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.Егер мұғалім ойлауға үйретпесе, бала білім қоймасына айналады да, қаншама білімі мол болғанымен, ол өмірде өз білімін дұрыс пайдалана алмайтындықтан жерін игеріп, дәнін сеппеген диқанға ұқсап шыға келеді.
Сапалы білім беру
үздіксіз ізденумен тығыз байланысты.Оқушыны оқыта отырып,
қабілетсіз оқушы болмайтынын,
оқушылардың
дара қасиеттерін танып –
білуге мүмкіндігі шектеулі әдістеме барын
ұстаз
түсінеді және өзінің жас
ұрпақ бағбаны болатындығын сезінеді.
Сондықтан,
ұрпақ болашағы – ұстазға
байланыстылығын түсінеді.
Мұғалім алдынан бір –біріне ұқсамайтын,
әрқайсысының өзіндік
ерекшілігі бар мыңдаған шәкірт
өтеді. Мұғалім қазіргі өте алғыр
балалардың
бойындағы дарындылықты
таба алады және тұтанып тұрған
отты
мезгілінде үрлеп, дұрыс
бағыт-бағдар беріп, талабын
қанағаттандырып
отыратын асқан шеберлігін жүзеге асыра білуі
қажет. Мұғалім жеке
көзқарасы бар және соны қорғай білетін
жігерлі тұлға болуы қажет.
Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім
жалтақ болмайды. Өз ісін
жетік біліп, қызметін табанды жүргізетін
мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол
жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне
есеп беріп отырады,
азаматтық ар — ожданын үнемі қорғай
алады.
Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығушылығы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра өту тиімді. Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады.Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке алу өрісін жетілдіру – басты мақсатымыз.
Мектептің білім сапасын арттыруда педагогтың жауапкершілігі зор болса, заман талабы педагогтан кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік педагогика мен психологияның негіздерін қолдана білу қабілетін талап етеді.
Мектебімізде білім сапасын арттыру, болашақ білімді азамат қалыптастыруда, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін , құзырлығын арттыруда мектеп жұмысының, әдістемелік жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, белсенді түрлері мен әдістері кеңінен қолданылуда. Сонымен қатар озат тәжірибелер бойынша іс-тәжірибе тарату жұмыстары, шығармашылық есептер беру, әдістемелік апталықтар, оқушылардың ғылыми жұмыстары, әдістемелік сипаттағы семинарлар, конференциялар өз жалғастарын табуда.
Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт – мұғалімде.
Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда тағы бір ескеретін жайт өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Ол үшін әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндіктерін, қабілеттері мен білімдеріне сүйене отырып, сабақтың өту құрылымына талдау жасап, білімнің тиянақты түрде оқушыға түсінікті болуын, нақты дәрежеде игерілуін қадағалау қажет. Өтілген материалды үнемі жиі қайталап отыру, деңгейлік сұрақтарды қою игерілген білімнің терең және тиянақты болу мүмкіндігін ұлғайтады. Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін дидактикалық ойындарды пайдаланып оқушының логикалық ойлауын, өз бетімен жұмыс істеуін жандандыру қажеттігі шығады.
Жас ұрпақтың саналы да
сапалы білім алуының бірден – бір
шарты-
мұғалімнің жаңашыл болуы.
Себебі, еліміздің болашағы бүгінгі жас
ұр-
пақтың білім деңгейімен
өлшенеді. Сондықтан сабақты жаңаша
құрып,
инновациялық түрлі
тәсілдерін, педагогикалық білімдерді жетілдіре
отыр-
ып, оны дер кезінде
қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу
әрбір
ұстаздың міндеті болуы
керек. Жаңару жолындағы Қазақстанға
жаңаша
ойлайтын, өмірге
көзқарасы тың, ақыл- ой және шығармашылық
әлеуметі
қалыптасқан, рухани
-адамгершілік мәдениеті жоғары шығармашыл
ұстаз
қажет. Қазіргі қоғамдағы
мұғалім — шығармашылық дамуға, ұшқыр
ой-
лауға қабілетті,
мемлекеттің даму бағыттарын терең түсінетін маман
бола
алатын, мақсат қойып және
жемісті еңбек нәтижесіне ұмтылатын
тұлға.
Мұғалімнің басты
мақсаты
тұлғаның жеке дамуына
негізделген, жан –жақты зерттеліп,
сараланған
білім беру үлгісінің
басын бағыттарын айқындау, нәтижесінде
еліміздің
өркениеті негізделген
білім саясатының стратегиялық мақсаттарын
жүзеге
асыру.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ендеше осы қазынамыз ортаймасын. Еліміздің білім саласы әлемдегі үздік білім жүйелерінің тәжірибесі негізінде дамуын толастатпай, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі – педагог мәртебесі арта берсін. Еңбегіміз жемісті, мектебіміз табысты болсын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі

шағым қалдыра аласыз