Сапалы білімге саналы
қадам
Қарқынды дамыған заман білім саласына да
түрлі жаңашылдықтар әкелуде. Бүгінгі интерактивті оқыту, қолжетімді
электронды құрылғылар арқасында оқушылардың білім сапасына өзінің
тиімділігін дәлелдеді. Соның бірі – TopIQ kz
платформасы. Сандық педагогикаға бір
қадам алға итермелейтін TopIQ kz– тәжірбиесі мол ұстаздардың
методикасына жаңа дем берсе, мен секілді жас мамандарға оқу
процессін жетілдіруге , оқушылармен қарым-қатынасты орнатуға
таптырмас көмекші.
Қолданысқа толық жіберілмес
бұрын алдын ала тәжірбиеден сәтті өткен құрылғы қазіргі таңда
ақауларсыз қызметін атқарады. Оның ішінен мемлекеттік білім беру
бағдарламасы енгізген 1 мен 11-сыныптарға арналған 97 электрондық
оқулықтарды оңай табуға болады. Өзім тәжірибеме келсем, ағылшын
тілі пәнінен мұғалім болғандықтан, шет тілін үйренуге бұл
платформаның тигізер көмегі мол. Егер бұрын кітаптан бөлек мәлемет
алсақ, қосымша ғаламтор беттерінен ізденуге тура келетін. Ал қазір
оқу бағдарламасы мен бұл платформа өзара байланысты. Мысалы оқу
мақсатына сай тапсырмаларды оқушылармен бірге орындаймыз. Соңында
олардың жауаптарын сәйкестендіріп, қателіктермен жұмыс жасаймыз.
Сонымен қатар тақырыптарға сәйкес түрлі ойындар, зейіндерін ашатын
сұрақтар бар.
TOPIQ kz– платформасы өте
ыңғайлы, қолжетімді, кез-келген құрылғыдан кіруге болатынына көзім
жетті. Балардың зейінін аудартатын мәтінмен қоса анимациялар
көрсетіледі. Қазіргі Z ұрпағы ескерген дәріс ретіндегі сабақтарды
оңша меңгеруге ұмтылмайды. Оларға динамиқалық, түрлі-түсті
бояуларды қолданылған, өз ойларын еркін жеткізуге болатын сабақтар
қызықты. Ал TOPIQ kz– платформасыз 40 минуттық сабақ ішінде бұндай
шараны өткізу қиындыққа соғады. Маңызды мәселе– оқушылардың да,
мұғалімдердің де ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамыту
қарастырылған. Бір-бірімен кері байланыс орнатып, жаттығу
жұмыстарын онлайн орындауға болады. Қазіргі білім стандартына сай
оқылым,тындалым,жазылым бәрі
қарастырылған.
Оқытушылар үшін үлкен
тиімділігі – көрнекі құралдарсыз-ақ TopIQ kz арқылы балалардың
сабаққа қызығушылығын арттыруға болады. Сабақ барысында мәліметті
тек кітаптан емес, бейнероликтерді көріп, аудиожазбаларды тыңдап,
көптеген мәліметтерді миына сіңіреді. Айталық, қиын тақырыпты
түсінбеген бала бірнеше рет видеожазбаларды көру арқылы оңай
меңгереді. Әрине, ағылшын тілі сабағында аудио және бейнежазбаларды
пайдаланудың бірнеше артықшылығы бар: тыңдау және түсіну дағдыларын
дамыту, сөздік қорды кеңейту, тыңдау және сөйлеу машықтарын
жақсарту және өзінмен өзін жұмыс жасау. Егер бала ана тілінде
сөйлейтіндердің сөздерін тыңдаса, ол сөздің айтылуын, екпінін және
сөйлеу мәнерін түсіне алады.
Электронды оқулықтар жеке
оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сыныпта ғана емес, басқа
да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Оқушылар спорттық
жарыстарға,табиғи апаттарға байланысты ,белгілі сабақ уақытынан
босатылатын жағдайлар орын алады. Ал енді оқушылар қайда жүрсе де,
үнемі оқу платформасын пайдаланып,сабақтарын оқып,бағаланып
отырады. Басқа білім платфораларымен салыстырғанда ең бір ерекше
тұсы күнделік kz.-пен байланыста болғаны мені қуантты. Мұғалім үй
тапсырмаларын оқушыларға саралап беріп
отырады.
TOPIQ kz– платформасы сандық
технологиялардың бірі. Егер бұрын тек шет елдерінен осындай
технологияларды көрсек, қазір отандық брендпен мақтануға болады.
Бұл болашағымыз емес, бұл қазіргі заманның талабы және біз
педагогтар осы ағынмен жүреміз. Бұған дәлел, жақында №17 жалпы
білім беретін мектеп базасында «Қарым-қатынас. Түсіну. Шабыт» атты
мұғалімдер форумы. Облыстың түкпір-түкпірінен педагогтарды бір
диалог алаңында жинаған форумды ұйымдастырушы білім басқармасының
әдістемелік орталығы болды. Жиылған қауым өздерінің әдістемелері
мен тәжірбиелерін көпшілікке ұсынды. Мен де Эльмира Абдикаримова
жас маман болсам да, 1 жылдық еңбегімді көпшілікке жарияладым. Осы
уақыт аралығында үстінде айтып өткен платформаның тиімділігін,
ағылшын тілі пәнін жүргізуге оның септігін, және айтар тұстарын
түртіп өз дайындаған жұмысымды
қорғадым.
Қорыта келе айтарым, 21 ғасырға керек нағыз
заманауи цирфлық платформа. Оны сабақ барысында үздiксiз қолдана
ұстай білсек, нағыз білім сапасының көтерілуіне үлкен мүмкiндiктер
берері сөзсіз. Заманға сай жеткеншектерге тиімді оқыту құралын
ұсыну жаңа технологияға жол ашу ретінде қарастыруға болады.
Шетелдік білім жүйесінен
қалыспайтын TOPIQ kz
жас ұрпақты табысты болашаққа дайындауға
көмектесе отырып, ҚР білім беру жүйесін жаңғыртуға маңызды рөл
атқаратынына кәмел сенемін.
Абдикаримова Эльмира
Берикбаевна
Қостанай облысы,Рудный
қаласы,
№7 МГ ағылшын тілі пәні
мұғалімі