400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сапйыс сабақ. "Алғырлар алаңы" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жас мамандарға, дарынды оқушылармен жұмыс жасауға көмек бола алады. Сыныптан тыс жұмыс ретінде қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Зияткерлік сайыс «Алғырлар алаңы»

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Алғырлар алаңы» сайысын 5 сынып оқушылары арасында өткіземіз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет және музыка өнері.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1.Таныстыру.

2.Дода

3.Сөз мәйегі – мақал.

4.Кім жылдам?

5.Әріптер сайысы.

6.Сен білесің бе?

7.Ойлан, тап.

І кезең.Топқа бөлу таныстыру. (Қима суреттер арқылы екі топқа бөлінеді)

Топ: «Алғырлар» ІІ топ: «Тапқырлар»

Қалықтап көкте жас қыран,

Шығарар намыс топты алдан,

Халықпыз сөзге тоқтаған.

Дуалы ауыз тілге арман.

Тілімен топты жаратын

Сайысқа келдік біліммен,

Тобымыз біздің - «Алғырлар»

Тобымыз біздің – «Тапқырлар»

ІІ кезең. «ДОДА»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.

І топқа:

1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толды? /26 жыл/

2. 22 – наурыз қандай мейрам?/Ұлыстың ұлы күні/

3. 3 биді ата? /Төле би,Қазбек би, Әйтеке би/

4. Ең киелі құс. /аққу/

5. Күздің бірінші айын ата. \Қыркүйек\

6. Жылқы иесі кім?/Қамбар ата/

7. Жеті септікті атап көрсет. (Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатысғ Шығыс,

    Көмектес септіктері)

8.Сөз неден құралады? /Әріп/

9.Апта күндерін ата./Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі/

10 Адамда неше мүше бар? /12/

ІІ топқа:

1. Қазақстанның рәміздерін ата. /Ту,Елтаңба,Әнұран/

2. Абай Құнанбаев кім? /ақын/

3. Қыс айларын ата./желтоқсан,қаңтар,ақпан/

4. Қазақ тілінде неше әріп бар. /42/

5. Бір жылда неше ай бар?/12/

6.Зат есім қандай сұраққа жауап береді?/кім? Не?/

7.Құнанбаевтың аты кім? /Абай/

8. Қазақстанда қандай көлдер бар? (Балқаш, Алакөл, Теңіз, Құсмұрын,

    Жайсаң, Сасықкөл, Қарлқойын көлдері)

9. «Оқушы» сөзінің синонимі. (шәкірт)

10.Табиғат нешеге бөлінеді?/өлі, тірі/

ІІІ кезең. «СӨЗ МӘЙЕГІ – МАҚАЛ»

Сайыскерлер Отан, өнер – білім, еңбек, жақсылық пен жамандық туралы мақалдардың жалғасын айту.

1.Отансыз адам – (Ормансыз бұлбұл),

2. Елінен безген ер оңбас.( Көлінен безген қаз оңбас).

3.Білім таппай мақтанба (Өнер таппай баптанба. ),

4. Оқу- білім бұлағы,

(Білім – өмір шырағы.)

5.Еңбек етсең ерінбей (Тояды қарның тіленбей. ),

6. Көз қорқақ,

(Қол батыр.)

7.Ашу – дұшпан,( Ақыл – дос)

8. Әдепті бала – арлы бала,

(Әдепсіз бала сорлы бала.)

9.Қына тасқа бітеді (білім басқа бітеді)

Еріншектің (ертеңі бітпес)

ІV кезең. «КІМ ЖЫЛДАМ?»

Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып жазыңдар.

  1. БЕТҢАЛА /елтаңба/

  2. ЗЕКӘСТІУІЛД /Тәуелсіздік/

  3. РӘКЕБТЕЙ /Бәйтерек/

  4. ЫНАРШАХТ /Ханшатыр/

V кезең. «ӘРІПТЕР САЙЫСЫ»

Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, сол әріптен басталатын сөздер айту.

Т және Д

VІ кезең. «СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»

Тақтада берілген тоғыз ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер бар. Берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап берейік.

1.Бұл кім? (10 ұпай)

2.Авторы кім. (15 ұпай)

3. Үнді дауыссыздарды ата. /л,м,н,ң, р,й,у/(10 ұпай)

4. Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады? (15ұпай) /тұз, сүт, мейіз, күріш, ет,сәбіз, құрт /

5. Ұлттық ойын түрлерін ата. (5 ұпай) /Ақсүйек, ханталапай, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ/

6. Қай ертегіден үзінді.

7. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерін ата? (Тоқтар Әубәкіров) (5 ұпай)

8. Ұлттық музыкалық аспаптардан білетіндеріңді атап көр. (Домбыра, қобыз,

    сырнай, жетіген, сыбызғы, шертер) (5 ұпай)

9. Төрт мүлік малды ата. (қой, сиыр, жылқы, түйе, ешкі) (5 ұпай)

10. Тіл туралы тақпақтар (10ұпай)

VІІ кезең. «ОЙЛАН, ТАП!»

«Қарлығаштар» «Қазақстан» сөзінен сөздер құрап жазу.

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл



Жарыс заңы ежелден ,

Жеңімпазды анықтау .

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену, жалықпау.



Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтау.





Шымкент облысы, Түркістан қаласы , Жаңа Иқан ауылы

"Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Тұрманбетова Амина Усенбекқызы





























«Ұлықбек жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры



Құрманбеков А.



«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жобасын қолдай отырып, мектеп ішілік жоспар бойынша «Мың бала» жобасы аясында 5 сыныптар арасында өткізілген «Алғырлар алаңы» сайысы





Алғырлар алаңы













Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті

ӘБ жетекшісі: Құлжанова Н.

Мұғалім: Тұрманбетова А.



2017-2018 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі