Материалдар / Саптан шығу, және оған қайта келу. Бастыққа келу және одан кету
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Саптан шығу, және оған қайта келу. Бастыққа келу және одан кету

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘД пәнінің оқытушыларына, ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
1800
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ









Тақырыбы : Саптан шығу, және оған қайта келу. Бастыққа келу және одан кету

Дайындаған: Б.Қ. Нускабаев















" Бекітемін" Мектеп директоры: _____________Б.С.Куртаева 28 .09. 2018 жСабақтың тақырыбы: Саптан шығу, және оған қайта келу. Бастыққа келу және одан кету
  • Сабақтың мақсаты: Саптан шығу, бастыққа келу, қайта сапқа тұру әдісін көрсету
3.Білімділік:Саптық дайындықты үйрету ,түсіндіру 4.Тәрбиелік:Оқушылардың патриоттық сезімін ояту, Отан қорғау қызметіне тәрбиелеу. 5.Дамытушылық:Әрбір сабақ барысында оқушыларды әскери тәртіпке баулу 6.Уақыты: 40 минут. 7.Өткізілетін орны: Саптық алаң. 8.Көрнекілік құралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.Плакаттар 9.Сабақ өтетін сынып:10 «а ә б»Сабақтың барысы: теория және практика а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут
  • Қатар дегеніміз және қанш түрі бар?
  • Лек дегеніміз жіне қанша түрі бар
  • Сап дегеніміз не ?
  • Қозағалыстағы бұрылыстар қалай орындалады?
б) Негізгі бөлім – 25 минут.в) Қорытынды бөлім – 5 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар:
  • Әскери қызметші саптан шығу үшін қандай пәрмен беріледі?
  • «Саптан осыншама адам алға шық!» немесе «Маған кел!» («Жүгіріп бері кел!») пәрмендері бойынша әскери қызметші қандай әрекеттер жасауы керек?
  • «Сапқа тұр!» пәрмені берілгендегі әскери қызметшінің әрекеті жайлы айтыңдар.
  • Бастыққа келген және кеткен кезде қандай пәрмен беріледі?
  • Қатардан шығу тәртіптері және лектен шығу тәртіптері қандай пәрмен мен орындалады?
Негізгі бөлім-25 минТ.6.С.5 Саптан шығу, және сапқа қайта келу. Бастыққа келу және одан кетуСаптан шығу және оған қайтып келу.Бастыққа келу және одан кету.Әскери қызметші саптан шығуы үшін мынадай пәрмен беріледі.Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов. Саптан осыншама адым алға шық!» немесе «Қатардағы жауынгер Әлімов, бері кел (жүгіріп бері кел)!» Әскери қызметші өзінің тегін ести сала, «Мен!» – деп, саптан шығу (шақыру) туралы пәрмен бойынша: «Құп болады!» – деп жауап береді. Әскери қызметші бірінші пәрмен бойынша саптан саптық адыммен бірінші қатардан бастап аталған адым саны бойынша шығады, тоқтайды және бетін сапқа қаратып бұрылады. Екінші пәрмен бойынша әскери қызметші бірінші қатардан тура бір-екі адым жасап, жүріп келе жатып бастық жаққа қарай бұрылады, қысқа жолмен саптық адыммен оған келеді (жүгіріп келеді) және екі-үш адым жетпей тоқтап, келуі жөнінде баяндайды. Мысалы: «Лейтенант мырза! Қатардағы жауынгер Әлімов сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр» немесе Капитан мырза!Сержант Омаров,сіздің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр»Әскери қызметші екінші қатардан шығар кезде ол сол қолын алдында тұрған әскери қызметшінің иығына ақырын салады, ол алға бір адым және аяғын қоймастан оңға бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жібереді, одан кейін өз орнына тұрады.Әскери қызметші бірінші қатардан шыққан кезде оның орнына екінші қатардағы әскери қызметші тұрады.Екіден, үштен, төрттен тұратын лектен әскери қызметші шыққан кезде ол саптан саптың жақын шетінен, алдын ала оңға (солға) бұрылыс жасап шығады. Егер қасында әскери қызметші тұрса, ол оң (сол) аяғымен бүйірге бір адым жасайды және сол (оң) аяғын артқа бір адым жасап, саптан шығатын әскери қызметшіні өткізіп жіберіп, өзінің орнына тұрады.Саптан әскери қызметші қарумен шыққан кезде, қозғалыстың басталуы кезінде «аяққа» күйіне алынатын «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұсталуы өзгермейді.Әскери қызметшіні сапқа қайтару үшін пәрмен беріледі: Мысалы: «Қатардағы жауынгер Әлімов, сапқа тұр!» немесетек «Сапқа тұр!».Сапқа бетпе-бет қарап тұрған әскери қызметші: «Қатардағы жауынгер Әлімов!» деген пәрмен бойынша өзінің тегін ести сала, бетін бастық жаққа бұрады және «Мен!» – деп жауап береді,ал «Сапқа тұр!» пәрмені бойынша, егер ол қарусыз немесе «арқаға» күйінде қарумен тұрса, қолын бас киіміне тигізіп: «Құп болады»-деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді, саптық адыммен қозғала отырып қысқа жолмен саптағы өз орнына тұрады.Егер тек қана :«Сапқа тұр!» пәрмені берілсе, әскери қызметші алдын ала бастыққа бұрылмастан сапқа қайтып оралады. Қарумен әрекет жасау кезінде сапқа қайтып оралғаннан кейін, қару сапта тұрған әскери қызметшілерде ұсталынған күймен алынады.Әскери қызметші саптан тысқары бастыққа келген кезде, екі-үш адым бұрын тоқтайды және аяғын қойып, бір мезгілде оң қолын бас киіміне апарады, одан кейін келуі жөнінде баяндайды. Баяндау аяқталғаннан кейін қолын түсіреді.Бастыққа қарумен келген кезде әскери қызметші бастықтың алдына келіп тоқтағаннан кейін «аяққа» күйіне алынатын, «иыққа» күйіндегі карабинді қоспағанда, қарудың ұстау күйі өзгермейді. Қару «арқаға» күйінде тұрған жағдайды қоспағанда, қол бас киімге апарылмайды. Әскери қызметші бастықтан кеткен кезде, кетуге рұқсат алып, оң қолын бас киіміне қойып: «Құп болады!» - деп жауап береді, қозғалыс жағына бұрылып бірінші адым бойынша қолын түсіреді.Бастық әскери қызметшіге сапқа қайтуға пәрмен немесе рұқсат бергенде, қолын бас киіміне апарады және оны түсіреді.





Алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы оқытушысы_____________Б.Қ. Нұсқабаев













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!