400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

《Саптық дайындық 》

Материал туралы қысқаша түсінік
Саптық дайындық тақырыбында реферат .əріптестеріміз осы тақырып бойынша керек мәліметтер.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Н.Мейірманов атындағы орта мектеп




Реферат






Тақырыбы:«Саптық дайындық»тарауы бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін аңықтау үшін критерийлер әзірлеу;







Дайындаған: Бортин Нуржан









2018 жыл







Саптық дайындық

Жалпы әдістемелік нұсқаулар. Саптық дайындық бойынша сабақтар арнайы жабдықталған алаңда өткізіледі.

Саптық дайындық бойынша сабақтарды оқу кезінде оқушылар саптық тәсілдерді тұтастай және бөлшектеп орындауды үйренеді, содан кейін оқытушының бұйрығымен немесе өз бетімен дұрыс орындағанға дейін жаттығады.

Жекелеген саптық тәсілдерді саптық дайындық бойынша өткізілетін сабақтарда, сондай-ақ денелік, тактикалық, атыс дайындығы, жарғы дайындығы, ұйымдастырылатын және өткізілетін қорғаныстық-спорттық іс-шараларда жетілдіріледі.

Оқушылардың машинадағы және машина жанында орындайтын әрекеттерін жүк машиналарын қолданып немесе автомобиль үлгісін пайдаланып үйретуге болады.

Саптық дайындықты оқу барысында оқушылар келесі жағдайларды білулері керек:

- сарбаздың сапқа тұрғанға дейінгі және сапта тұрған кездегі міндеттерін;

- саптағы және қарусыз орындалатын жекедара тәсілдерді;

- сондай-ақ саптық тәсілдерді қарумен орындаумен танысулар керек.

Сабақты өткізу кезінде оқушылардың бойында ұйымшылдық, тәртіптілік, сымбаттылық, достық және өзара көмекке келу қасиеттерін тәрбиеленеді.

Сап және оның элементтері

Әскери қызметшілерді ұрыстық дайындаудағы саптық дайындықтың маңызын қысқаша түсіндірумен сабақты бастауға болады. Саптық дайындық – әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық Жарғылары негізінде ұйымдастырылады және жүргізіледі. Саптық дайындыққа мыналар жатады: қарумен және қарусыз орындалатын жекедара саптық тәсілдер; әскери бөлімнің жаяу тәртіппен және машинадағы әрекеттерін реттестіру; ұрыс алаңында әрекет ету тәсілдері.

Саптық дайындық кезінде әскери қызметшілерде ұқыптылық, тәртіптілік және назар салғыштық қалыптасады, дербес орындалатын саптық тәсілдерді және бөлімше құрамында әрекет ету дағдылары шыңдалады. Әскери мәдениет пен тәртіптілік, сапта және ұрыс кезінде білікті әрекет етуге дайын болу – әскери қызметшілердің саптық дайындықтарын анықтаудағы басты көрсеткіш болып табылады.

Тақырыпты қарастыруды сап деген не және оны не үшін қолданатынын түсіндіруден бастаған дұрыс. Сап элементтерін үйрету үшін бөлімшені сапқа тұрғызып, ретімен сап элементтерінің барлығын көрсету керек. Қажет болған жағдайда бөлімшені қайтадан сапқа тұрғызады. Оқу сұрақтарын қарастырған кезде, оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін анықтау мақастында, оларға сап элементтері бойынша сұрақтар қоюға болады.

Оқытушы сап элеменеттерін көрсетіп және түсіндірген соң, сапты басқарудың мәнін түсіндіреді. Сапты басқару үшін командир дауыстап, белгілер беріп және өзі сап әрекеттерінің үлгісін көрсетеді, сондай-ақ байланыстың техникалық құралдарын қолданады.

Бұйрықтарды бөлімше командирлері арқылы және тағайындалған бақылаушылар арқылы колоннаға беруге болады.

Саптағы аға командир, өзіне басқаруға қолайлы жерге орналасады. Қалған командирлер Жарғыда анықталған немесе командир көрсеткен орындарда қалады.

Рота командирлеріне және лауазымы олардан жоғары әскери қызметшілерге бұйрықтар беріп, олардың орындалуын тексеру үшін саптан шығуларына рұқсат беріледі.

Бұл сұрақты түсіндірген кезде, бұйрықтың алдын-ала орындау үшін және атқару үшін берілетінін, сондай-ақ бұйрықтардың тек орындалу үшін берілетініне оқушылардың назарын аудару керек.

Алдын-ала берілетін бұйрық әскери қызметшілердің назарын өзіне аудару үшін және атқару бұйрығын орындауға дайындалу үшін беріледі. Бұйрық сапта тұрғандар командирдің нені талап етіп тұрғанын түсінулері үшін дауыспен және созыңқы беріледі.

Атқарушы бұйрық аздаған үзілістен кейін, жоғары дауыспен, созыңқы және дәл беріледі. Атқару бұйрығы жылдам орындалуы керек. Бұл ережелерді түсіндірген кезде бұйрық беру үлгілерін және орындалу тәртібін көрсету керек. Сабақты келесі ретпен өткізген дұрыс:

- үйретілетін тәсілді немесе әрекетті жариялау;

- сол әрекет немесе тәсілді орындауға қажет бұйрықты хабарлау;

- тәсілді немесе әрекетті тұтастай орындаудың тәртібін көрсету және түсіндіру;

- қажет болған жағдайда тәсілді бөлшектеп орындап көрсету;

- тәсілді немесе әрекетті орындауға үйрету;

- тәсіл немесе әрекетті жоғары деңгейде орындағанға дейін жаттығу.

Сабақты келесі ретпен өткізген дұрыс:

- үйретілетін тәсілді немесе әрекетті жариялау;

- сол әрекет немесе тәсілді орындауға қажет бұйрықты хабарлау;

- тәсілді немесе әрекетті тұтастай орындаудың тәртібін көрсету және түсіндіру;

- қажет болған жағдайда тәсілді бөлшектеп орындап көрсету;

- тәсілді немесе әрекетті орындауға үйрету;

- тәсіл немесе әрекетті жоғары деңгейде орындағанға дейін жаттығу.

Сабақты ұйымдастыру тәсіліне қарай кластер тақтада, парақ бетінде немесе дербес тапсырмаларды орындап отырған әрбір оқушының дәптерінде жазылуы мүмкін. Кластер құра отырып, түрлі-түсті бор, қалам, қаламсап, фломастер қолданған дұрыс. Ол жекелеген сәттерді бөліп көрсетіп, барлық ақпараттарды жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Кластерді құру бойынша бірнеше нұсқаулықтар бар. Оны құрған кезде барлық нәрсені мазмұндап, ойға келгеннің барлығын тіркеудің қажеті жоқ. Тіпті қарайып балаламалар мен ұсыныстар болғанның өзінде. Жұмыс барысында жаңсақ немесе теріс пікірлер түзетіліп немесе толықтырылуы мүмкін. Оқушылар өз ойларын ашық та батыл айтып, жұмыс істеуді барлық идеясы аяқталғанша жалғастыра береді. Мәндік бірліктердің көп болуынан қорқудың қажеті жоқ, реті келсе олардың арасындағы байланыстарды құруға тырысу керек. Талдау кезінде барлығы жүйеге келтіріліп, өз орындарына тұрады.

Кластер әдісін барлық дерлік сабақтарда қолдануға болады.

Аталған әдісті қолданған кездегі жұмыс істеу формасы әртүрлі болуы мүмкін: дербес, топтық және ұжымдық. Ол алға жүктелген мақсат-міндеттерге, мұғалім мен оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Кластердің бір түрінен екінші түріне ауысуға болады.

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады

Оқыту процесін ұйымдастырудаға педагогикалық әдіс-тәсілдер

Құндылықтарға бағытталған ұстаным:

Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған ұстаным оқушы тұлғасының бойында мақсатты түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтарға бағытталу – ол тұлғаның өз әрекетінде жетекшілікке жекелеген құндылықтарды таңдап алу (құндылықтарда бағдарлану қабілеттілігі) қабілеттілігі (қасиеті), және оларды өзінің әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі. Құндылықтарды жүзеге асыру дегеніміз құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні қоғамда сәтті әрекет ету үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, жүріс-тұрысты қалыптастыруда көрініс табады;

Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттер мен өзін өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық және өмір бойы оқып-үйрену – орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.

Тұлғаға бағытталған ұстаным:

Тұлғаға бағытталған ұстанымның мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.

Іс-әрекеттік ұстаным:

Іс-әрекеттік ұстанымның негізгі мазмұны – білім алушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Білім алушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «синтездейді», «бағалайды».

Саралап оқыту ұстанымы:

Саралап оқыту ұстанымы – оқу үдерісін білім алушылардың әртүрлі топтарынамамандандырылуын,оқушылардың жеке қабілеттіліктерін ескеру мақсатында әртүрлі топтарға түрлі жағдайларды жасауды көздейді. Саралап оқыту ұстанымы әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшінарнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану – сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.

Коммуникативтік ұстаным:

Білім берудегі коммуникативтік ұстаным дегеніміз ақпаратты тарату мен жариялауда, білім, білік және дағдылармен алмасуда екіден асатын адамдардың сөйлеу арқылы атқарылатын әрекеттесу үдерісі. Коммуникативтік ұстанымның нәтижесі болып тіл арқылы қатынасу қабілеттілігі, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және қатынас жағдайына сай тиімді қатынас жүріс-тұрысын таңдай отырып, түрлі жағдайларда қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және алмасу қабілеттілігі болып табылады. Коммуникативті ұстанымға сәйкес ұйымдастырылған оқу процесі, қатынасу икемділікті қалыптастыратын тапсырмаларды және шынайы қатынас жағдайларына сай жұмыс режимдерін (жұптық және топтық жұмыстарды) кіріктіру керек.

Ойын іс-әрекеттері арқылы оқыту:

Оқу процесінде білімді меңгертуде оқу әдісі ретінде ойын іс-әрекетін қолдану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық ойын технологияларың басты элементтері – ойын алдында білім алушыларға нақты оқу мақсаты қойылады; ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады, оқу материалы ойынның құралы болып табылады. Білім алушылардың сабақтағы ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған ойын әдісі арқылы, олардың шағын топтың өзге мүшелерінің пікірін сыйлауына, әртүрлі өнімді іс-әрекет негізінде соңғы нәтижені алдын-ала көре білуіне, өзіндік іс-әрекетін жоспарлауына, мақсатқа жету амалдарын таңдауына мүмкіндік беріледі.

Жобалық ұстаным:

Оқу жобасы – білім алушының немесе білім алушылар тобының ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешу жөніндегі нәтижелерге қол жеткізу үшін бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Ортақ мақсатымен, келісілген әдістер мен іс-әрекеттердің реттілігімен, кеңейтілген шешімдер мен белгілі тәсіл бойынша рәсімделген нәтижелермен сипатталынады. Бұл әдіс білім алушының өз алдына жеке проблема қойып, оны шешуде өзіндік іс-әрекетін танытуымен сипатталады. Бірақ, жобалау іс-әрекетінің алгоритімі (жоба – мұғалімнің көмегімен білім алушының маңызды проблеманы шешудегі өзбетіндік іс-әрекет кешені) толығымен сақталады. Бөлім мазмұнымен танысу аясында білім алушылардың ұжымдық/топтық жобалар бойынша жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру сабақпен шектелмейді, сондықтан да сабақ –сабақтан тыс интеграцияда қарастырылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі білім алушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (әрі қарай - АКТ) негізгі дағдылары арқылы қалыптасады.

Білім алушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.02.2019
1275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі