400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саптық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала ҚМЖ 11-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕКІТЕМІН

Жетісу облыстық Білім басқармасының

«Ақсу ауданы бойынша Білім бөлімі» ММ

«Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі

шағын орталығымен» КММ директоры

__________ Б.С.Сагимбекова

« » ______2025 жыл



Инновациялық педагогикалық тәжірибе

нәтижелерін енгізу туралы

АКТ


Аты-жөні: Мерекенова Орынгуль Оразалиевна

Жұмыс түрі: элективтік курс бағдарламасы

Жұмыстың тақырыбы: «Көркем мәтінді талдау» элективтік курс бағдарламасы

Тәжірибеге енгізілген уақыты: 2022-2023, 2023-2024 оқу жылы

Тәжірибені енгізудің тиімділігі туралы шешім:


Бұл элективтік курс бағдарламасы Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде апробациядан өткізілді.

Көркем мәтінді талдау – шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған ерекше курс. Мәтінді талдау өнері оқушының қиялын ұштап, ойлау қабілетін кеңейтеді. Ол білім алушыға өз ойын нақты әрі әсем жеткізуге мүмкіндік береді. Тіл байлығын игеру, сөздерді дұрыс қолдану және мәтіндерді толық талдау дағдылары қалыптасады.Көркем мәтіндерді дұрыс талдау арқылы ұлттық құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті сақтау және оны болашақ ұрпаққа жеткізу жүзеге асады. Тәжірибеден өткізу барысында элективтік курс бағдарламасы оқушылардың мәтінді дұрыс, сауатты талдауға қызығушылығын арттырып, болашақта жазушы, тілші, журналист болуға жол ашады. Авторлық бағдарламада шығарманы талдау барысы қарапайымнан күрделіге қарай оқыту негізінде жазылған. Оқыту білім алушының түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады.

Курста шығармаларды сатылай кешенді талдай отырып, шығармаларға толыққанды пікір білдіре алу мүмкіндігі берілді. Автордың өзіндік көзқарасын қалыптастырумен қатар, аудиторияны ескере отырып талдауға үйренді. Шығармаларды талдау барысында ойдың бірізділігі, құрылымдылығы, композицияны сақтау сияқты маңызды элементтер үйретілді. Аталған курсты өту барысында оқушылар арасында өзара қарыс-қатынас, ынтымақтастық, құрмет сезімдері артты. Үлгерімі төмен оқушыларға деген көзқарас та өзгерді. Бір-біріне көмектесуге деген ықылас артты. Бұл жағдай арнайы алынған сауалнамаларға мониторинг жүргізу барасында байқалды. Сізге көркем шығармаларды талдау ұнады ма? Келесі оқу жылында жалғасқанын қалайсыз ба? деген сауалдарға оқушылардың басым көпшілігі «Иә» деп жауап берген. Курстан алған біліміңізді өмірде пайланар ма едіңіз? деген сауалға да оқушылардың 70 пайызы «Иә» деген жауапты таңдаған. Сынып оқушыларының өлең жаттауға деген қызығушылығы артқанын байқауға болады.

Көркем шығармаларды талдап үйрену оқушының білім динамикасына жан-жақты әсер етті. Мұндай шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде білім деңгейінің жоғарылауы келесідей өзгерістер арқылы көрінді: Оқушылар сөздерді дұрыс қолдануға, сөйлемдерді грамматикалық тұрғыдан сауатты талдауға үйренді. Сөздік қоры байып, өз ойын нақты және көркем жеткізу қабілеті дамыды. Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Оқу үлгерімінің жалпы жақсаруы да осы талдау курсының көмегінің арқасында.

Курстың бағдарламасына қосымша ретінде оқушы дәптері ұсынылған. Бағдарлама мен оқушы дәптері оқушылардың жас ерекшелігіне сай құрастырылған. Тілі түсінікті. Тапсырмалар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы берілген. Оқушылар тапсырманы қызыға орындайды, себебі тапсырмалар түрленіп отырады. Білім алушыларды жалықтырмайды.

Бұл бағдарлама мектеп оқушыларын талдау дағдыларын түрлендіре пайдалану, көркем шығармаларды сауатты талдау мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеруге, қорытынды шығарып, өз ойларын толық және жүйелі айта білуге дағдыландыру мақсатында ұсынылып отыр.


Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары __________ аты-жөні




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.01.2025
156
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі