400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сақтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы Сынып: 6 Күні

Сабақтың тақырыбы: §14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы.


Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сақ туралы алғашқы мәліметтер,сақ тайпаларының қоныстануы, сақ қоғамы жайлы толық мағлұмат беру.


Дамытушылық: Сақ елінің тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.


Тәрбиелілік :Елін, жерін сүюге, білімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Аралас сабақ


Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап, «Даңқ аллеясы»


Сабақтың көрнектілігі: интербелсенді тақта, карта, оқулық, дәптер, қарандаш, слайдқа жазылған тірек-сызбалар, суреттер, стикерлер.


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі


- Оқушылармен сәлемдесу


- Оқушыларды түгендеу


- Үй тапсырмасын тексеру


§13. Көшпелі бақтақшылық – шаруашылықтың негізгі түрі. «Көшпелі өмір салты» тақырыбына құрастырған әңгімелерін тексеру.


Сұрақ-жауап:


1) Көшпелілердің тіршілігін отырықшы егіншілердің өмірімен салыстыр.


2) Көктемгі жайылым қайда орналасқан?


3) Малшылар қыс жақындағанда қай жерге қоныстанған?


ІІІ. Жаңа сабақ. Жоспары:


1. Сақ туралы алғашқы мәліметтер.


2. Сақ тайпаларының қоныстануы.


3. Сақ қоғамы.


Сақтар – б.з.б. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Олар ежелгі дүние өркениеттерімен қарым-қатынас жасаған. Жалпы, сақ тайпалары атауының мағынасы жайында көп пікір бар.


Геродот «Тарих»


І Дарий «Бехистун»


Страбон Тарихи деректер


Гректер Азиялық скифтер


Парсылар Құдіретті еркектер


Ирандықтар Жүйрік атты турлар


Сақ тайпаларының қоныстануы

Сақ қоғамы




∕ ↓ \


Жауынгерлер Абыздар малшылар мен егіншілер (қызыл) (ақ) (сары мен көк)





Оқушылар 3 топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды.


Топқа бөлу үшін оқушыларға қызыл, ақ, сары түсті стикерлер таратылып, әр түс бойынша оқушылар топтастырылады.Топтарға мынадай атаулар қойылады: І топ – «Парадарайя»


ІІ топ –«Тиграхауда»


ІІІ топ – «Хаумаварга»


Тапсырма:


Әр топ өзінің атауы бойынша орналасқан жерлерін картадан көрсетеді(топ басшылары кезекпен тақтаға шығады).


І – топ тапсырмасы: Сақ тайпаларының атауын тауып, кестеге түсіріңдер.


Сақтардың басқа елдердегі атауы


ІІ – топ тапсырмасы:Семантикалық карта сақтардың мекендеген терреторияларын белгілейді.


ІІІ – топ тапсырмасы:Сақтар туралы айтылған мәліметтердің авторларын тауып, кестеге жазыңдар.


2-кезең тапсырмалары


1-топ тапсырмасы :Тарихи диктант


2-топ тапсырмасы: Ойлан тап (сөздердің дұрысын жазу)


3-топ тапсырмасы : Белес ( өткен сабақтар бойынша белес сөздердің мағанасын жазу)


Тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар кезекпен бір-біріне барып тексереді. Қай топ тапсырманы дұрыс орындағаны анықталып, жіберілген қателер түзетіледі.


ІV. Бекіту сұрақтары:


Күн диаграммасы арқылы сабақты бекіту


V. Сабақ қорытындылау. Бүгінгі сабақта сақ туралы алғашқы мәліметтермен танысып,сақ тайпаларының қоныстануын анықтап, сақ қоғамы жайлы толық мағлұмат алдық.


VІ.Бағалау. Әр топтан бір оқушы «Даңқ аллеясына» шығып, басқа топ мүшелерін бағалайды.


VІІ. Үй тапсырмасы. §14. Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы. (Мазмұндау)





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі