400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сақ тайпалары, сақ қоғамы, олардың қоныстануы жайлы мәліметтер беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Қысқа мерзімді жоспар

                                                     


5.2 В Сақтар

Мектеп:    Абай атындағы «Мектеп – бала бақша» кешені КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:  Матышева Фарида Жагыпаровна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:12

Сабақтың тақырыбы:

Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Зерттеу сұрағы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?

 

    Сабақ

негізделген

 оқу  мақсаты

(мақсаттары)

5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 –Сақтар тарихы туралы жазба деректерге сипаттама береді.

 

Сабақ мақсаттары

 Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі. Сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі.


Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді.

Кейбір оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін кескін картаға түсіреді, оларды сипаттайды, дереккөздерге сүйеніп, сақтардың айырмашылықтарын ажыратады

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Сақтардың атауларын есіне сақтайды.

  • Сақтар туралы деректер қалдырған тұлғаларды атайды;

  • Сақтар туралы мәлімет беретін дереккөздерге сүйеніп, Қазақстан жерінде өмір сүргендігін, тарихи маңызын дәлелдейді;

  • Сақтардың орналасуын картадан көрсетеді;

Тілдік мақсат

Оқылым:- Сақтардың орналасуы, ондағы тарихи деректерлерді оқулық мәтінінен оқи отырып сақтардың әр деректердегі атауларын ажыратады.

Тыңдалым: — Сақтар туралы бейнематериалдарды тыңдай отырып, олар туралы келтірілген дерек көздеріне сүйене отырып түсінеді және бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Айтылым:—  Оқулық пен бейнероликті деректерлерді немесе карталарды қолдана отырып сақтардың орналасуын ауызша сипаттайды.

Жазылым: — Сақтардың орналасқан аумағы бойынша сәйкестендіріп және сақтардың орналауын кескін карталарда көрсету арқылы жазбаша сипаттайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Сақтар, тиграхауда, хаумаварга, парадарайа, скиф, массагет, исседон, аргипейлер, ариймаспылар.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга ұғымдары нені білдіреді

Сақтардың әр деректерлердегі атауларының мағынасы….

Тарихшылар келтірген деректерден нені байқауға болады

Талқылауға арналған тақырыптар:

Деректерлерге сүйеніп, сақтарға сипаттама бере алады.

Сақтардың орналасқан жерлерін картадан көрсету арқылы түсіндіреді.

Жазу үшін ойға салу:

Сақтар туралы зерттеген тарихшылардың деректерлерін сәйкестендіру.

Картаға сақтардың орналасуын көрсету.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын қалыптастыру: топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында бір-біріне құрмет көрсету, ынтымақтастықта жұмыс жасау қабілеттерін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

География, Дүниежүзі тарихы

Алдыңғы оқу

Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпа одақтары жайлы білімдері бар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспар



Сабақтың басы

10 мин



5 мин






Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық ахуал, карточка бойынша 3 топқа бөлу «Жүректен –жүрекке» әдісі психологиялық тренинг

Оқушылар бір-біріне тілек айту.

Топқа бөлу: /Сандық номер бойынша/

1.Топ

2.Топ

3.Топ

Топ ережесін таныстыру /тақтаға ілу./

Топ басшысын сайлау, бағалау парағын /Өзін-өзі,топ басшысының бағалауы /тарату, түсіндіру.



Кубиктер,

карточкалар



Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтары:


5 мин

І. тапсырма:

Ойын: «Кім жылдам» (Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар)

  1. Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)

  2. Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (3: палеолит, мезолит, неолит)

  3. Адамдардың ең алғаш қолданған металы? (мыс)

  4. Мыс-тас ғасыры қалай аталады, кезеңі? (энеолит – б.з.б. 3000-1800 жыл)

  5. Тас дәуіріндегі адамдардың негізгі шаруашылықтары?

(аңшылық, терімшілік)

  1. Малды қолға үйреткен кезең? (мезолит)

  2. Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б.2 мың – б.з.б.1мыңжылдық)

  3. Қола дәуірін зерттеген ғалымдарды ата (Қ.И.Сәтбаев, В.П.Алексеев, Ә.Х.Марғұлан)

  4. Алғашқы адамдардың көзқарастары  бойынша қандай діни түсініктер қалыптасты? (тотемизм, анимизм, фетишизм)

  5. Жеке меншік қай дәуірде қалыптасты? (қола дәуірінде)

  6. Қола дәуірінде қандай діни наным-сенімдер пайда болды? (Құрбандық шалу рәсімі, айға, күнге, жұлдызға, отқа табыну)

  7. «Номадизм» дегеніміз не?

14. Көшпелілердің баспанасы қалай аталды?

15.Жайылымның түрлері:/Қыстау, көктеу, жайлау, күздеу/

Үштілділік: «Номад» - көшпенді. «Кочевник»,

ағылшынша – Нәумад. /Нәумадик пипл- кочевой народ/



Сабақтың ортасы

20 мин



5 мин



  Зерттеу сұрағы

Қандай деректерлер сақтар туралы мәлімет береді?

Оқушылар «Сақтар туралы мәліметтер»  тақырыбындағы

бейне материалды тамашалайды.

«Ойлан, бөліс» әдісі

1.      Бейнематериалдан не тамашаладыңыздар?

2.      Онда кімдер туралы айтылады?  Т.б сұрақтар қою


 Сабақ тақырыбын, мақсатын анықтау. /Дәптерге жазғызу/




Бейне материал


«Ерден атаның әңгімелері».

Тарихи анимациялық бағдарлама. Сақтар туралы





10 мин



























5 мин



ІІ тапсырма: Постер құру.

Оқушылар берілген сұрақтарды мұқият оқып, талқылап, постер арқылы қорғайды


1-топ: Сақтар туралы жазба деректер

2-топ: Сақ тайпаларының қоныстануы. /картадан көрсету/

3-топ: Сақтардың қоғамдық құрылысы. 


М.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын төменде көрсетілген критерийлерге аударады:

Бағалау критерийі:

- Постердің эстетикалық талғамға сай болуы;

- Нақты дәлелдемелердің болуы;

- Тақырыптың ашылуы;

- Уақытты тиімді пайдалану;


Дескриптор:

1. Сақ тайпалары туралы қандай жазбаларда кездесетінін атайды.

2. Берілген деректерге сүйене отырып,сақ тайпаларының қоныстануын картадан анықтайды.

3.Сақ тайпаларының үш топқа бөлінетінін ажыратып береді

 

 ҚБ «Екі жұлдыз бір тілек»


ІІІ тапсырма: Тарихи дереккөздермен жұмыс:

1. Геродоттың «Тарих» еңбегі

2.Страбонның «Географиясы»

3. Парсы деректері


(Оқушыларға деректер таратылып беріледі, оқып танысқаннан кейін, қайтадан деректер бойынша оқушыларды топтастырамын)

1-топ: Геродот

2-топ: Страбон

3-топ: Парсы

Дескриптор

1. Геродоттың «Тарих» еңбегінде сақтар туралы не жазылғанын біледі

2.Страбонның «Географиясынан» сақтардың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы жайлы танысады

3. Парсы деректерінен сақтар жайлы ақпарат алады.


ҚБ «Бағдаршам» әдісі

 







 

 

 

 

 







  

Ресурстар, оқулық

Флипчарттар


«Фишбоун»

әдісі













Сабақтың соңы

10 мин






5 мин































3 мин


Бекіту тапсырмалары:

  1. Сызбаны толтыр: «Кластер» әдісі



  1. Сәйкестендіріңіз:


1.

Тиграхауда


Хаома сусынын ішушілер

2.

Парадарайа

Шошақ төбелі бас киім киетіндер

3

Хаумаварга

Теңіздің арғы жағындағы сақтар


3.Деректері толықтыр:

Оқушылар деректерді атап, төмендегі сөздерді орын орнына қояды.

Қазақ сөздік қорында ----------------------------------------
Иран жазбаларында --------------------------------------- Ежелгі грек деректерінде --------------------------------
Парсы деректерінде ---------------------------------------


«жүйрік атты турлар», «азиялық скифтер», «құдіретті еркектер», «хас сақ» (нағыз сақ)


4. тапсырма: (топпен)

Атлас картасынан кескін картаға сақ тайпаларының аумағын түсіру.

Бағалау критерийi:

Сақ тайпалық одақтарының географиялық орналасуын анықтау

Дескриптор:

-кескін картада сақ –тиграхауданың орналасуын белгілейді;

-кескін картада сақ –хаумаварганың орналасуын белгілейді;

-кескін картада сақ – парадарайаның орналасуын белгілейді;


ҚБ. «Бас бармақ» әдісі

(Оқушылардың алдындағы бағалау парағына назар аудару)

Кері байланыс: ОБ: «Нысана» әдісі

Оқушылардан бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын білу.

Жасыл түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Сары түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Қызыл түсті шеңбер «маған көмек қажет»

М: Кері байланыс: МБ «Жетістік баспалдағы» әдісі

Мұғалімнің білім алушыларды мадақтау және білімге деген дұрыс бағыт бағдар беру арқылы құштарлығын ояту.



Үлестірмелі парақшалар





























2 мин

Үйге тапсырма: (сараланып беріледі)

1.Тақырыпты оқып, мазмұндау, сақ туралы дереккөздерді дәптерге жазып келу.

2.Сақтар туралы қосымша мәлімет алып келу




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
6242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі