400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Сақтардың Александр Македонскийдің әскеріне қарсы күресі

Материал туралы қысқаша түсінік
.Александр Македонский портретін көре отырып,сыныптық талқылап қорғайды (тыңдалым және айтылым ) 2. Мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым) 3.Картамен жұмыс (жазылым ) Терминология : партизан,жаулаушылар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3А Сақтар Мектеп: №16

Пәні: Қазақстан тарихы

Күні:15.11.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Жұмағалиева А.А

Сынып:5 г Қатысқандар: 17 Қатыспағандар:

Тақырыптың тарихи концепті (түсінігі): себеп-салдар

Сабақтың тақырыбы:


Сақтардың Александр Македонскийдің әскеріне қарсы күресі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.1-Қазақстан территориясындағы ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтау

Сабақтың мақсаты


Ерте көшпелілердің халықаралық сахнадағы орнын анықтайды.

Сақ тайпаларының әскери өнерінің ерекшелігін біледі.



Бағалау критерийі


Білім алушы:

  • Сақ тайпаларының әскери өнерінің ерекшелігін талдайды.

  • Александр Македонский туралы біледі.

Тілдік мақсаттар


1.Александр Македонский портретін көре отырып,сыныптық талқылап қорғайды (тыңдалым және айтылым )

2. Мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым)

3.Картамен жұмыс (жазылым )

Терминология : партизан,жаулаушылар.



Құндылықтарға баулу


-шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау

-«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 6 құндылығы «Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы»

Пәнаралық байланыс


География

Алдыңғы білім


Сақтар тәуелсіздік үшін қалай күресті?

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы








5-минут







1.Ұйымдастыру кезеңі.

а)Топқа бөлу.

ә)Бағалау бетшелерін тарату.

1.Сұрақтар арқылы қайталау әдісі. Тақырыбы: Сақтар тәуелсіздік үшін қалай күресті?

Сұрақтар:

1.Шырақтың ерлігін қалай бағалайсындар?

2.Парсы патшаларының сақтарға қарсы жорықтары туралы не білесіңдер?

Дескриптор

Білім алушы

-Шырақтың ерлігін түсіндіреді.

-Парсылардың сақтарға жасаған жорықтарын айтады.


А4 қағаздар

Суреттер

оқулық

Сабақтың ортасы








12-минут



















10-минут




















12-минут



















Қызығушылықты ояту

1-Тапсырма

«Александр Македонский деген кім?» сұрақ-жауап стратегиясы


1.Александр Македонский сақтар жеріне не үшін қызықты?

2.Сақ тайпаларына дейін қандай жерлерді жаулап алды?

3.Тәуелсіздік үшін күрескен танымал сақ батырлары кімдер?

Дескриптор

-Александр Македонскийдің сақ жеріне қандай мақсатпен шапқыншылық ұйымдастырғанын анықтайды.

-Сақтарға дейінгі жаулап алған жерлерін картадан көрсетеді.

-Тәуелсізік жолында күрескен батырларды атайды

Анықтайды

2Тапсырма

Мәтінді оқып, сақ тайпаларының әскери өнерінің ерекшелігін анықтаныз.

Ежелгi грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдiң Сырдариядан жүзiп өтiп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады.

Бұл шабуылдан грек әскерiне қауiптөнiп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннiң ыстығы, сақтардың жиi қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректердi әбден әлсiреттi.

Сақтар грек гарнизоны орналасқан Маракананы – қазiргi Самарқанды қоршауға алды. Македонский көмекке әскер жiбердi. Спитамен шегiнген сыңай танытты. Гректер «қорқыпқашқанкөшпелiлердiң» соңынан қуа жөнелгенде, Спитамен кері бұрылып шабуылға шықты. Гректер өзендегі кiшкентай аралға қарай қашты.

Бұл жерде скифтер мен Спитаменнiң атты әскерi оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды», – деп жазады Арриан.

Сақтар Александр Македонскийдiң iрi әскери бөлiмдерiнiң бiрiн осылай талқандады. Кейбiр деректерге қарағанда, осы соғыста Александрға сақ сарбазының садағы тиiп, санынан жараланады.

Сөйтiп, Александр Македонскийдiң Сырдарияның арғыжағын мекендейтiн сақ тайпаларын бағындыру үшiн жасаған жорығы сәтсiз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.

Дескриптор

- сақ тайпаларының әскери соғыс тактикасының ерекшелігін анықтайды.

-Жорықтың сәтсіз аяқталғанын айтады.

3-тапсырма

Картаны қолданып ,Александр Македонскийдің "Сақтарға жорығы" туралы 8-10 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырыңыз.


Дескриптор

-Александр Македонскийдің сақтарға қарсы жорығын анықтайды.

-Александр Македонский тұсындағы сақ тайпаларының территориясын сипаттайды.



А4 қағаздар

Сабақтың соңы


6-минут





Рефлексия "Бес саусақ әдісі"

Бас бармақ-басты мәселе.бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек-бірлесу.мен топта қалай жұмыс жасадым?

Ортан терек-ойлау.Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым

Шылдыр шүмек-шынайлылық.Сабақ маған ұнады ма?Неліктен?

Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы.Мен сабақта өзімді қалай сезіндім.


Үйге тапсырма

Александр Македонский туралы толық мағлұмат жинап,реферат жазып келу.



Стикерлер


Саралау


Бағалау


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау көрсетуді қажет ететін оқушылар:

1-тапсырма

Сұрақ-жауап стратегиясы

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар:

2-тапсырма

Мәтінмен жұмыс

Қолдау көрсетуі аз қажет ететін оқушылар:

3-тапсырма

Картамен жұмыс



« Білім ағашы» арқылы бағалау

Қауіпсіздік және техникалық ережелерін сақтау

Сабақ бойынша

рефлексия


Сабақ мақсаттары

немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу

мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
5056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі