жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сақтардың өмір сүру кезеңдері
Аннотация
ХХІ ғасыр табалдырығын Егеменді ел болып аттап, әлемдік аренаға шыға бастадық. Тәуелсіз ел болғаны бері дүние жүзіне танымал ел болып Халықаралық кеңістікте өз орнын айқындады.
Қазіргі дүниені халықаралық әлемдік деңгейде мойындату оңай емес. Экономикасы дамыған елдердің қатарына қосыла отырып, тарихымызды мәдениетімізді ұлы тұлғаларымызды таныту ұрпақтық парызы екені даусыз.
Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданының тарихының бір бөлшегі.
Аннотация
В ХХІ веке мы стали Независимой страной, вышли на мировую арену. С обретением Независимости, наша страна стала узнаваема во всём мире. В современном мире нелегко достойно представлять свою страну.
Несмотря на то, что мы вошли в один ряд с экономически развитыми странами, наш долг не забывать свою историю, культуру своих великих предков.
История Махтаральского района Южно Казахстанской области- частица истории нашей страны.
The Summary
In XXI century our been Independent country. The Overgrown in Independent our country builol get to recognize in the world. In modern clay not easy well-deserved introduce yourself country.
Atheugh that we into first economic in development state, ours last day unfor-getten own history, culture and own great people.
ЖОСПАР
І.КІРІСПЕ
1.Аңыз болған азамат.
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Бибала Жүргенбайұлының өмірі мен қызметі.
2. Мырзашөлде қалған із.
3.Ғибратты ғұмыр
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.
1. Бізге қайсысы қымбат.
«Ынтымақ»жалпы орта мектебінің
9 «Б» сынып оқушысы
Ахметов Мерейдің «Тың тарланы» атты
ғылыми жұмысына жазылған
Пікір
«Тың тарланы»атты ғылыми шығармашылық жұмысын жазуда оқушының Өз шығармашылық жұмысын жазуда өте көп ізденіп, көптеген тың материалдарды іздеп тапқанын байқадым. Ол ең алдымен болашақ жұмысына жоспар құрып, БАҚ-нан, жасы үлкен ағалардың естеліктеріменде танысып шыққан.
Мырзашөл өңірінің гүлденуіне өз еңбегін сіңірген Бибала Жүргенбайұлы-ның өмір белестеріне көп көңіл бөлген.Еңбекті жазуда жеке мұрағат материалдарын,тың деректерді пайдалана отырып жазған. Өлке тарихын зерттеуде оқушының алары көп , өйткені қазіргі таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеуде патриоттық тәрбиеге көп көңіл бөлінуде. Патриоттық тәрбие беруде өлке материалдарын сабақтарда тиімді пайдалану әрбір ұстазға жүктеледі.
Отан,өлке тарихы арқылы әрбір азамат Отанына керек екенін түсінеді. Өнген топырағы мен өскен ортасына деген құштарлық құрметінің деңгейі артады.
Сондықтан бұл оқушының өлке тарихына арналған жұмысы арқылы туған өлкесінің тарихын , елінің тарихын сүйетін, қадірлейтін ұлтжанды азамат болып қалыптасатынына сенімім мол.
Тарих пәнінің мұғалімі
Рапишева Маржан Орынбасарқызы
КІРІСПЕ
Аңыз болған азамат.
Тақтайдың бетіндей теп-тегіс мидай дала. Күн ыстық. Шығыстан ескен керімсал жалындай ыстық демімен денеңді шарпиды.Жақын арада көзге көрінер белгі жоқ.Ұзақтан қарағанда, түйеқарындар сағымданып, су тасқынымен жөңкіліп, домалап бара жатқан қой тастарға ұқсайды.
-Бұл жерге егін бітер ме екен,әй қайдам,сумен қандыру да оңай шаруа емес қой.Қаншама арық қазылу керек,-деп Бибала ойланып отырып қалды .Бибала Жүргенбайұлы «Байырқұм» колхозының бастығы болатын.
Бір күні оны ауылсоветінің председателі шақырып алып «Жолдас Жүргенбаев елушақты жігіттерді жина, Мырзашөлге канал қазуға барасыңдар» деген. Бекболаев Әмірхан, Шыраев Керімбек, Ыстанбеков Еркінбек, Оразбектер, Әсілбеков Жаппар,Құтышов Райыс,Құтышов Есен,Қойташов Сәмет,ағайынды Қалмырза, Дүйсен, Аршабай Амалбековтерді – ұзын саны 51 жігітті Бибала Жүргенбайұлы бастап , Мырзашөлдің екінші тоғай веткасы деп аталатын жерінен бір-ақ шыққан. Бұл 1939-1940 жылдар болатын. [1]
Бибала сом денелі, жауырыны қақпақтай,саусақтары қамшының сабындай, аса қарулы жігіт болатын.1939-40 жылдары Киров каналын қазуға ұйымдастырылған жуздеген колхоздардың әрбірінен бір-бір жігіт таңдап алынып, социалистік жарыс өткізілді. Әр адамға 50 текше метр жер берілді. Сол жарысқа біздің колхоздан Биекеңнің өзі қатысып, жүз жігіттің ішінен бірінші орынды жеңіп алып, жүлдеге бір патефон мен бір сауын сиыр әкелді. Көкала сиырдың сүтін сауып, шайға қатып іштік те, жұмыстан шаршап келгенде, жігіттер патефонды қойып, Күлаш Байсейітова мен Құрманбек Жандарбековтердің әндерін түннің бір уағына дейін тыңдап рақаттанар едік. Соғыстың қайнап жатқан кезі. Мақталық арасына культивацияны өгізбен, атпен мектеп жасындағы балалар тартады. Жұмыстан жеріген өгіздер жас балаларға бой бермей бұра тартып, ашқұрсақ балаларды сүзіп тастайтын кездері де болатын. Осындай бір оқиғаның үстінен түскен Бибала ақсақалдың «я құдайым, балалардың осындай қорлығын көрсеткенше, мені неге соғысқа алмадың» деп егіліп жылағанын көргенім бар-деп еске алады Ажан Мүталханов ақсақал.[4]
Соғыстың ауыр жылдарына қарамастан «Интернационал» колхозының мүшелері де» бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып ұйымшылдықпен еңбек етті. 1944 жылы колхоз барлық ауылшаруашылығы дақылдарынан жақсы көрсеткішке жетті. Сол жылы күзде колхоз басшысы Жүргенбаев Бибала «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды. Осы бір жаны жайсаң адам соғысқа бармаса да, адал еңбегімен Отанға шын беріле еңбек етіп еді. 1943 жылы ұрыстың қайнап тұрған кезінде Жүргенбаев Бибала өзінің жеке меншік малдарын сатып майданға, жауға қарсы танкі жасау үшін жүз мың сом ақша аударған. Бұл Отанды шексіз сүюдің патриотизмнің белгісі еді . Соғыс жылдары ашыққан, аш құрсағына талғажу іздеген адамдар осы колхозға келіп паналап, жан сақтайтын. Аштықтан бұралған қаншама адамға Биекең пана болып, ажалдың құрсауынан арашалап алды емес пе? Ол кісінің басты қасиеті- жүрегі иманға бай, өте адал адам еді. Биекең өмірінде өтірік айтқан адам емес. Ол кісі кейбір басшылар сияқты, голифей шалбар киіп, аттың жақсысын мініп, өзін басқалардан жоғары ұстап орынсыз мінез көрсетпейтін. Өзінің шобыр атына мініп, колхоздың егіс алқабын аралағанда, тақымынан үлкен қара кетпені түспеуші еді. Көп азаматтар өзінің жеке шаруашылығын жайғай алмай жатқанда, Биекең бүкіл колхоздың шаруасын дөңгелетіп, бір қауым елді өз отбасындай көріп, айрандай ұйытып ұстаушы еді. Ол кісі басқарған «Интернационал» колхозында егін шықпай қалу,егісте арам шөп болу,оған мал түсіп кету сияқты жағдай тіптен болмайтын. Көп жерлерде аштық ,жоқшылық ,ертеңгі күнге деген сенімсіздік орын алып жатқанда, бұл ауыл Алланың назары түскен, береке мен молшылықтың аралындай көрінетін. Себебі бұл елдің қамқоршысы да, ақылшы ағасы да, көсемі де Биекең еді. Ол кісі іскер басшы болумен қатар,үлкен ақыл-ой иесі, елдің ақылшысы да еді . Көрші колхоздардың басшылары жылына жетпей ауысып жататын, бірақ Биекеңді ауыстыру ешқандай басшының ойына келмейтінде еді. «Істің көзі болады, көзін тапсаң, өзі болады», «Әрбір адамның иығында қоржыны болады. Қоржынның алдыңғы бөлігінде істеген жақсылықтары, артқы жағына қателіктері мен жамандықтары түседі. Істеген жақсылығың үнемі көз алдыңда болғанымен, жамандықтарыңды артыңдағы ел-жұрт біледі» -деп отыратын. Елім, жерім деп жарғақ құлағы жастыққа тимейтін Бибала ағамыз шын мәнінде патриот, ұлтжанды азамат еді-деп еске алады,соғыс, еңбек ардагері Орынбаев Датқаш [4]
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Бибала Жүргенбайұлының өмірі мен қызметі.
Бибала Жүргенбайұлы 1902жылы Арыс ауданы, Байырқұм елді мекенінде дүниеге келген. Ата-анасы еңбекқор, орта шаруалы, салауатты адамдар болған. Кеңес үкіметі кезінде еңбекке ерте араласып Сүткент, Байырқұм елді мекендерінің аумағын Сырдария суымен суландыру мақсатында Сүлім арық,Сары арық каналдарын қолмен қазуға атсалысып еңбек озаты атанған. Канал, арық қазудағы жеке жарыстарға қатысып,жеңіп, алдыңғы орында болған. Сол жылдары 3га жерді жеке өзі «Жер ағаш» пен жыртып, қолмен мақта егіп, баптап, әр гектардан 36ц. өнім алған . Сол еңбектерін бағалап 1935 жылы жаңадан «ТОЗ» -дан колхоз болған «Байырқұм» колхозының төрағасы болып сайланған . 1940 жылдары Мырзаның шөлін игеріп суландыру мақсатында қолмен «Киров» (Достық) атындағы каналды қазуға колхоздан 51 жігітті ұйымдастырып ас-ауқатымен келіп абыроймен еңбек еткен. Бибала Жүргенбайұлы «Стахановшылар» жарысына жеке өзі қолмен Киров каналын қазудағы жарысқа түсіп бірінші орынды жеңіп алады. Республикалық үлкен жиында қорытынды жасалып, зор құрметке болады. Алғыс хаттармен бірге бір асыл тұқымды сиыр мен патефон 1941 жылы қазіргі «ІІІ Интернационал» колхозына «Байырқұм» колхозының ерікті мүшелерін көшіріп келіп жайғасып, сол жылдан бастап мақта дақылын егіп жаңа жерді игеруді бастайды. Сол жылы Ұлы Отан соғысы басталып, барлық ер-азаматтар Отан қорғауға кетіп, барлық колхоз тіршілігі қарттар мен буыны қатпаған жастарға қалады. Отты жылдарда «қансыз соғыс» атанған, ауыл тіршілігінде аянбай еңбек етіп,елді бір кісінің баласындай бірлікте ұйымдастырып, колхозды «Миллионер» колхоз дәрежесіне жеткізе білген. Осы еңбектері ескеріліп 1945 жылғы 17 қараша айында Кеңес Үкіметінің Президиумының қаулысымен «Еңбек Қызыл Ту» орденімен т.б. бірнеше медальдармен марапатталған. 1954 жылы колхоздар іріленгенше 20 жыл осы колхоз басқармасының төрағасы, кейін колхоз төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Колхоз совхозға айналған кезде мақта бригадирі болып жұмыс істеген. Райком партия Пленум мүшесі , ауылдық,аудандық кеңестің депутаты болған, 2 рет(1952-1954) Москвадағы (ВДНХ) ауыл шаруашылық жетістіктерінің көрмесінің қатысушысы болған. Зейнетке шыққаннан соң, кеселденіп 1970 жылы қайтыс болған. [2]
2. Мырзашөлде қалған із.
Мырзашөл өңірін бақытқа, ырысқа,берекеге бөлеген тіршілік көзі -су десек, бұл орайда «Киров» атындағы, қазіргі «Достық» каналы туралы ерекше атап өтуіміз керек. Өйткені, осы канал арқылы шөл далаға су келді.Бұрын ұшқан құстың қанаты талып,жортқан аңның табаны күйетін шөл далаға су келген соң, береке –құт дарып, мақта өсіріліп, бау-бақша жайқала өсті. Жарты ғасырдан аса тарихы бар «Киров» атындағы канал мыңдаған қайрат-жігері мол диқан ағаларымыздың, ата- әжелеріміздің маңдай терімен өмірге келген. Бір кездері шөлейт дала , жарты ғасырдан аса уақыттың ішінде гүлзар Гүлстанға айналды.
Оңтүстіктің бағалы байлығы-мақта өсіру жақсы жолға қойылды.Мал шаруашылығы да қарыштай дамыды.Бұның бәрі де тіршілік көзі- судың арқасында болды. [2] 1940 жылдың сәуір айының 26 жұлдызында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитеті мен еңбекшілер депутаттары облыстық атқару комитетінің бірлескен мәжілісінде, Киров ауданын құру жөнінде қаулы қабылданған болатын. Осы қаулының негізінде 1940 жылы қарашаның 10 -шы жұлдызында Киров ауданы құрылды.
Мырзашөл өңірін суландыру үшін үкіметіміз облыс көлемінен қол күшін сұрап , ұран тастағанда Оңтүстік өлкесінің түкпір- түкпірлерінен ер азаматтар осы өңірге жүрек әмірі, көңіл қалауымен бет бұрды.
Жаздың ыстық аптабы, керімсал аңызағы, су тапшылығы , әсіресе таулы аудандардан келген азаматтарға өте ауыр соқты.Лайсаң арықтың жылымшы суы түрлі аурулар тудырып, балалар өліміне әкеліп соқтырды.Бұл қиындықтан халық құдық қазып алу арқылы ғана құтылды.Шөлстанды Гүлстанға айналдыру жолына, бүкіл өмірін арнаған ,канал қазуға 1939 жылдан, жігіт жасынан еңбек етіп тер төккен, бүгінгі ауыл ардагері ардақты азамат Оңалбай Дінтаев қария былай дейді: Қазір айтып отырсақ аңыз секілді. Киров каналын қазуға сонау 39-40 –шы жылдардан бастап ат салыстық.Шіркін ол кездегі жігіттердің қарулысы-ай. 90-100 кг топырақ кететін жәшікті арқаға қағып салып, 5-6 метрлік тереңдіктен су топырақты сыртқа тасығанын аңыз -демей не дерсің. Барлық жұмыс қолмен атқарылады.Ішер тамақта өлместің ғана қамы еді. Су тапшы, отын да жоқ. Талай-талай боздақтар осы канал үшін өмірлерін сарп етті.
Киров каналын қазуға қатысқан асыл азаматтарды қазіргі ұрпақ есіне алады,олар туралы мағлұматтар біледі, дегенге күмәнім бар.Сол кездегі қоныстанушыларды үймен қамтамасыз ету өте қиынға соқты.Соған қарамай дарияның арғы жағында өсіп тұрған ысқадан киіз үйге ұқсаған кепе жасап, сыртын лаймен сылаған. «Байырқұм»колхозының бастығы Бибала Жүргенбайұлы бастаған 51 жігіт канал қазу кезінде осындай кепелерді паналаған. [БАҚ 2]
Бір кездері ұшқан құстың қанаты талатын , аңызақ алқаптан бүгінгі күні түгін тартсаң май шығатын жердің жәннәтына айналған. Мырзаның шөлінен ақ алтынның еліне айналған.
Бір заманда ебелекті отын етіп, ысқа кепені үй еткен, кетпенмен канал қазып, өгіз соқамен тыңға түрен салған ата-апаларымыздың, ағаларымыздың жанқиярлық еңбегінің арқасында бүгінгі күні ірі ауданға айналып отыр.Бүгінгі Мақтаралдың өсіп, өркендеуіне, жасарып,жақсаруына маңдай терін төгіп, елдің ел болуына үлкен үлес қосқан азаматтар аз емес.
Біз жас ұрпақ ел қамын жеген аталарымызды ешқашан ұмытпақ емес.Келешекте Бибала Жүргенбайұлының есімін өзі негізін қалаған,Үшкөпір ауылына берілсе нұр үстіне нұр болар еді.
1945ж. «Еңбек Қызыл Ту» ордені
3. Ғибратты ғұмыр.
1941 жылы Байырқұмнан 120 отбасымен көшіп келіп, «Интернационал» колхозын құрып, оның төрағасы етіп Бибала Жүргенбайұлын сайлап алдық.
Соғыс басталып, жігіттер топ-тобымен соғысқа аттанып жатты. Осы біздің колхоздан қанша азаматтың майданға аттанғаны есімде жоқ, бірақ, 87 жігіт майданнан оралмады. Олар: М.Ділдабаев, Ә. Жанбаев, Ә. Сүлейменов,А. Жүнісбеков, Қалмырза, Дүйсен, Аршабай Амалбековтер, Еркінбек,Ордабек Ыстанбековтер және тағы басқалар.
Колхоз бастығы Б. Жүргенбайұлы,Ж. Сұлтанбеков, З. Жұманов, Ә. Атабеков,М. Ниязбеков, П. Әлімбаев және мен бронмен соғыстан қалдық. Бір кісі үш кісінің жұмысын істейтін күн туды.
Әйелдер белдерін буынып, ерлерше еңбек етті. Сондай қиыншылық кездерде ел арасында адамдардың бір-біріне деген мейірім- шапағаты мол, ынтымағы күшті болатын. Жалпы біздің колхоздың басқа көршілес колхоздарға қарағанда халықтың тұрмысы жақсы болатын. Егілген бидай, жүгері, мақта бітік шығатын еді. Соғыс жылдары ашыққан, аш құрсағына талғажау іздеген адамдар осы колхозға келіп паналап, жан сақтайтын.
Аштықтан бұралған қаншама адамға Биекең пана болып, ажалдың құрсауынан арашалап қалушы еді- деп, еске алады Ажан Мүталханов қария. [4]
1943 жылы соғыстың қайнап тұрған кезінде Биекең өз малдарын түгел сатқызып, 130 мың сом ақшаны неміс фашистеріне қарсы соғысқа жәрдем ретінде поштамен Мәскеудегі Қорғаныс Министрлігіне жіберді. Жиналған ақшаны санап, буып- түйіп, бірнеше қаптарға салып үш атқа артып Әлжан, Ақмырза, Қосалы деген азаматтар Шымкент қаласындағы банктің арнайы шотына құйып, түбіртегін әкелгенін көргенбіз – деп, еске алады соғыс және еңбек ардагері Датқаш Орынбаев. [4]
Бұрынғы Киров ауданында 50 жылдай бөлімше басқарушысы және совхоз директоры болып істеген, бүгінде зейнеткер Мырзабек Бибалаұлы асқартау асыл әкесі жайлы былай дейді:
Мен әкемнің өз дәуірінде халықтың сенімінен шығып, елдің ынтымақ – бірлігін сақтап, олардың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайын жақсарту жолында адал еңбек етіп, тер төккенін мақтан етемін. Бір ғана Мырзашөлдің өзінде бір колхозды 20 жыл басқарып, елдің ыстық ықыласына, үлкен құрметіне бөленді. Бүгінде ел ішінде «Бибала атаның» айтқан өсиет сөзері, тағылымды әңгімелері жиі айтылады.
Ақылгөй даналығымен аты шыққан, өз ауылының қанатты қамқоршысы, жан-тәнімен жанашыр болған қария 1970 жылы 68 жасында өмірден өтті.
Ендігі жерде ел үшін сіңірген еңбегі кейінгі толқын ұрпаққа өнеге, ғибрат болса екен деймін. [БАҚ 2]
ІІІ. Қорытынды.
Бізге қайсысы қымбат.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Ынтымақ» селолық округіне кіре берісіндегі үлкен жолдың оң бетінде «Бибала ата» ауылы, сол жақ бетінде «Әден ата» ауылы деген жазу егіз қозыдай жарасып, көргенде көңіліңді марқайтатын. Социолизм бөлімшесіне Әден Боранбаевтың есімі берілгенде көзі тірі екен. Бибала ата ол кезде қайтыс болып кеткен. Ауылдың әзілқойлары қарап жатады ма, «Көзі тірі адамға да ауылдың атын береді екен-ау» деп,- таңырқаған ауылдасына әзілге жақын екіншісі «Қайта жақсы болды. Ертең Әдекең О дүниелік болғанда, Интерге сенің атыңды берді, Социолизмге менің атымды берді» деп, -Бибала атамызға айтып барады деген, -екен. Сол Бибала атаның кімге жақпай қалғаны, оның әруағы қандай шенеуніктің жолын кесіп, өткенін білмейміз. Әйтеуір «Бибала ата» ауылы деген жазуды «Үш көпір» деген атау ауыстырды. Ол қандай үш көпір, оның Бибала атадан артық елге сіңірген қандай еңбегі бар еді? [БАҚ 3]
Ол жағы бізге белгісіз...
Елге еңбегі сіңген, ел үшін еңбек еткен азаматтар қазіргі таңда азайып бара жатыр.Сонау кеңестік, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіндегі кезеңнің өзінде қаншама адамға қол ұшын созып, жетім-жесірге қамқор болған азаматтың елеусіз, ескерусіз қалғаны көңіл қынжылтады.
«Атын Үш көпір тартып алған «Бибала ата» ауылының тыңға алғаш түрен салған 51 азаматының,соғыстан оралмаған 87 боздақтың өмірі мен еңбегі еленсін, ұрпаққа өнеге болсын десек, «Бибала ата» есімі ауылға қайта берілсе құб болар еді.» Бұл көз көрген қариялар сөзі, ал өскелең ұрпақ ше, ұмытпақ па? Сол үшін біз, ұрпақ аталар ерлігін, еңбегін бағалаймыз, құрметтейміз , ешқашан ұмытпаймыз. Халықтың да қалауы сол. Бибала Жүргенбайұлы еңбегін ұрпағы ешқашан ұмытпақ емес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Аққулар ұшқан ауылым. Ә.Исахов.
Алматы, «Жазушы»1990ж
Мақта ордасы – Мақтарал
Алматы. «Тұран» 2003ж.
Бұқаралық ақпарат құралдары:
Оңтүстік Қазақстан
2014ж. № 45-46.
Мақтарал
2014ж. № 15.
Мақтаарал
2008ж №5
Сана. Kz.
2008ж. № 15
Мұрағат материалдары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген